Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘЛЕМДЕ 25 МИЛЛИОН АДАМ...


22 мая 2014, 17:24 | 1 016 просмотров



Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде ЖИТС (СПИД) құрбандарын еске алу бүкіләлемдік күні атап өтіледі. Осыған орай 17 мамыр күні Алматы облысы ЖИТС (СПИД) облыстық орталығы, Талдықорған қалалық Нұр-Отан пар¬тиясы және Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірігіп кеңкөлемді акция өткізді. Жиналған қауым, студенттер ЖИТС (СПИД) құрбандары құметіне гүл отырғызды. Шараның басты мақсаты –СПИД құрбандарын еске алу арқылы халықты бұл індет қауіптілігі жайлы хабардар ету, жастарды осын¬дай қатерлі аурудан сақтандыру.

Адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) бүгінгі күні тек қана ме¬дицина қызметкерлерін ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе. Қазақстанда 2014 жылдың сәуір айындағы дерегі бойынша атал¬мыш індеттің инфекциясына шалдыққан 22505 тіркелген. Алматы облысында бұл көрсеткіш 1801 адамды құрады. АИТВ жұқпасына шалдыққандар саны Қаратал,Іле, Еңбекшіқазақ аудан¬дары және Талдықорған, Қапшағай қалаларында көбірек. Аталған инфекцияға шалдыққандар 1802 адамның ішінде 30-39 жастағылар 40,9% болса, 20-29 жас аралығындағылар 33,1% құрайды. ДДҰ-ның дерегі бой¬ынша әлемде 25 миллион адам АИТВ/ ЖИТС-тан көз жұмды, 40 миллион адам осы дертке шалдыққан.

Аталмыш аурудың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізіп, жа¬стар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың аса қажеттігі жайында жиналған студент жастары өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Алғаш рет СПИД-тен қайтыс болған науқастарды еске алу шарасы 1983 жылы Сан-Францискода өткізілген. Бүгінде бастамаға әлемнің көптеген елдері қолдау көрсетуде.

Автор:
ЖД ақпарат