Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПОРТАЛ БЮРОСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


22 мая 2014, 11:22 | 1 768 просмотров



Әрбір өркениетті мемлекетте денсаулық, салауатты өмір салты және отбасын жоспарлау мәселелеріне үлкен назар аударылатыны сөзсіз. Себебі, отбасы денсаулығы –мемлекеттің денсаулығы. Ана мен бала саулығын қорғау – ұлт денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелерінің бірі. Бала – халық, мемле¬кет болашағы . Нәрсетенің дүниеге келуіне тек оның отбасы ғана емес, мемлекет те, қоғам да мүдделі. Сондықтан да ана мен бала денсаулығы әрдайым басты назарда қала береді. Ана мен бала денсаулығын жақсарту, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу үшін медициналық қызметкерлердің атқаратын жұмысы да тиянақты болуға міндетті. Осы орайда медициналық қызметкерлер міндетіне болашақ аналар¬ды бастапқы уақытты дұрыс, әрі керекті ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Маман ретінде халықты БҰДСЖ аясындағы бағдарламалар, өзгерістер мен өзгешеліктер жайында ақпараттандыру әрдайым қажет. Халық, оның ішінде болашақ аналар портал бюросы арқылы ем қабылдау тиімділігін өздері сезініп, үйреніп те алды. Алайда, портал бюросы жұмысы жайлы әлі де толық мағлұмат білмей жатқандар да кездеседі.

«Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі» (БҰДЖ) қолданыста кеңінен өз күшіне енді. Науқастар өздері қалаған ауруханаға жату үшін, емханаға жату үрдісі халыққа айқын болу үшін бүкіл ел көлемінде Портал бюросы ашыл¬ды. Облыстық перенаталдық орталық жұмысында Портал бюросы арқылы ем қабылдау тиімділігі дәлелі Портал бюросына ғаламтор арқылы тіркеліп пайдаланушы азаматтардың саны күн сайын артуы. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының іске асуы арқасында ел азаматтары дәрігер мен медициналық ұйымды таңдау еркіндігін пайдалана алады.Сондай- ақ, портал¬да жарияланған жаңалықтарды, өзгерістерді медициналық қызметкерлер сияқты кез – келген азамат оқи алады. Халықтың бүгінде көзі ашық, өздеріне берілген арнайы тіркеу коды арқылы өз кезегін бақылап тұру, дер кезінде ем қабылдау, сынды порталдың тиімді тұстары халық талабынан шыға білді. Емдеуге жатқызу бюросы порталын енгізу ая¬сында Қазақстан Республикасының барлық аумағында осы қызметті пайдаланушыларды каскадтық әдіспен оқыту ұйымдастырылды. Еліміздің барлық аумағында жоспарлы емде¬уге жатқызудың айқын үдерісін қамтамасыз ете алатын web-негізделген қосымша бо¬лып табылады. Порталда жайғастырылған көпшілікке арналған ақпаратқа медициналық ұйымдар да, жеке тұлғалар да қол жеткізе алады. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) 1987 жылы «Аналықтың қауіпсіздігі» Халықаралық бағдарламасы қабылданды, оның негізгі мақсаты – ана мен бала өлімін төмендету. Оған жүктілікке дейінгі, жүктілік кезінде және кейін ана мен бала денсаулығын күту жата¬ды.Бүгінгі таңда перенаталдық орталықта медициналық қызметшілер құрамы босану барысында, жылы және мейірімді жағдай жасауға тырысады. Дәрігерлер болашақ аналарға ыңғайлы күйде тууды ұсынады және бала туғаннан кейін, бірден анасының көкірегіне жатқызады. Сондай-ақ олар өздеріне дәрігерді таңдай алады. Емде¬уге жатқызу бюросы (ЕЖБ) арнайы мақсатта құрылған. Пациенттер емдеуге жатқызудың жеделдігіне қол жеткізу мақсатында құрылып, сонымен қатар екі бірдей маңызды қағиданы іске асырады. Науқастардың қажетті стацио-нарды еркін таңдай алуына және көрсетілетін медициналық қызметтердің айқындылығы басты назарға алынған. Емдеуге жатқызу бюросы сондай-ақ, стационар мен емхана арасында келістіруші болып табылады. Ем¬деуге жатқызудың Порталы дегеніміз - әрбір Қазақстандық азаматтар үшін қол жетімді болып келеді. Ғаламтор жүйесінде құрылған www.bg.eisz.kz.веб сайтына кіріп, сол арқылы республика көлеміндегі емханалар бойын¬ша күту парақтарын қарап, өз кезегінің қай уақытта келетінін бақылай алады. Жоспарлы емдеуге жатқызу дегеніміз сондай-ақ, шұғыл емдеуді қажет етпейтін науқастардың жай - күйінің барысында, амбулатория дәрігерінің жолдамасы бойынша стационарды емдеуге жатқызуды айтамыз.

Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететін саланың бірі. Соңғы 3 жылда елімізде ана өлімі 3 есе, нәресте өлімі 1,3 есе төмендеген. Бұл қуанарлық көрсеткіштер әрі медициналық қызметкерлердің адал еңбегінің нәтижесі. Сонда да ана мен бала денсаулығы сала¬сына үнемі ерекше көңіл бөліну қажет. Бұл жерде халық денсаулығы үшін халықтың өзі де алаңдап, уақытылы медициналық көмекке жүгінсе медицина қызметкерлер жұмысы одан әрі жақсара түсер еді.

Автор:
Жанета НҰРМАНБЕТОВА, Алматы облыстық перенаталдық орталық директорының емдеу жөніндегі орынбасары