Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҮРЕК, ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ АРТЕРИАЛДЫҚ ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ


22 мая 2014, 17:16 | 2 406 просмотров


Қан айналымы жүйесі ауруларының про¬блемалары, атап айтқанда жүрек қан-тамыр аурулары соңғы кезде әлемдік індеттің сипа¬тын алды. Қазақстан Республикасында жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығушылық 5-7 есеге өсті, бұл дерттермен ауру-сырқаушылық және өлім құрылымы бойынша біздің Респу-блика алғашқы орындарда тұр. Артериялдық гипертония дамыған елдермен қатар, дамушы елдерде де кең тараған дерт болып табыла¬ды. Бұл дерттен дүние жүзі бойынша жылы¬на 17 миллионнан аса адам қайтыс болады. Бүгінгі күні әлемдегі ересек тұрғындардың шамамен 40 %-ы артериялдық гипертониядан зардап шегеді. Алайда науқастардың жар¬тысы қан қысымының көрсеткіштері жоғары екенін білмейді. Дерттің жиі жағдайларда белгілерсіз өтуі, оның аса қауіптілігін білдіреді. Артериялдық гипертонияның салдары, апат¬ты болуы мүмкін-бұл тек көз көрудің нашар¬лауы емес, сонымен қатар жүрек ишемия ауруының дамуы, мүгедек пен өлімге әкелетін инсультар мен инфарктар. Қазақстанда соңғы

уақыттарда артериялдық гипертонияның тұрақты өсу үрдісі байқалады. Жыл сайын аурудың 92-мыңнан 135 мыңға дейін жаңадан алғаш анықталған жағдайлары тіркеледі. Артериалдық гипертонияның жастарда көптеп анықталуын атап өту қажет. Артериалдық гипертониямен ауыру-сырқаулықтың өсуіне : темекі шегушілік, алькоголді шамадан артық тұтыну, дененің артық салмағы, аз қимылды өмір салты, күйзелістер тәрізді қауіп-қатер факторлары едәуір әсер етеді. Гиперто¬ния туралы халықтың ақпараттық естіп – білу деңгейінің төмендігі бұл дерттің ауы¬ру салдарын бағаламауға әкеледі, күрделі асқынуларды туындатпай, дерттің емделетін алғашқы сатысында науқастар дәрігерге көрінбейді. Өз артериялдық қан қысымын анықтауда, халық белсенділік танытпайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұстанымдары бойынша, 18 жастан асқан әр адам өз артериялдық қан қысымын білу ке¬рек, олардың қан қысымы шамамен 110/70 мм сынап бағанасында, жастар арасында

120/80 мм сынап бағанасында, ересек адам¬дармен жасы ұлғайған адамдарда 140/90 мм сынап бағанасынан жоғары болмауы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі өлім жағдайларының шамасы 50% -і жүрек қан –тамыр ауырулары есебінен, еңбекке жарамды жаста болады, сондықтан да осы ауырулардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы» бойынша Медициналық ме¬кемелерде «скрининг» жұмыстары жүргізіліп жатыр, былай айтқанда дәрігерлік алдын-ала тексеру жұмысы барысында, адамдарға біліне бермейтін ауруларды өз уақтыснда тауып және соларға қарсы емдік шаралар қолданып, болашақта асқындырмау болып табылады. Көптеген пациенттер гипертонияның алдын алуда және Салауатты өмір салтын ұстануда белсенділік танытпайды, көптеген адамдар¬да ауру өз уақытысында анықталмайды. Бүгінгі күні елімізде шамамен 1,5 милион адам артериялдық гипертониядан зардап шегеді және бұлардың жартысы өз дерті туралы

білмейді. Артериялдық гипертонияны емдеу ерте басталуы, ұзақ мерізімді үзіліссіз болуы керек және қан қысымының көрсеткіштері үшін бақылауда болуы қажет. Емдеу тиімділігінің екі аса маңызды факторы бар : артериялдық қан қысымын мұқият және өз бетімен бақылау, сондай-ақ емдеуші дәрігермен толық түсіністікте болу. «Дүниежүзілік Жүрек Лигасының» шешімі бойынша 27 қыркүйекте «Дүниежүзілік Жүрек күні» «Мен сау жүрекпен жұмыс істеймін» ұранымен атап өтіледі. Бұл күн қоғам және жеке азаматтардың назарын жүрек қан-тамыр ауруларының мәселелеріне және олардың алдын алу мүмкіндіктеріне аудармақ.

Салауатты тамақтануды, белсенді қозғалыс, темекіге «жоқ»!деуді, қалыпты салмақ сақтауды, өз денсаулығының көрсеткіштерін білуді, алкоголь тұтынуды шектеуді ұсынады. Дүниежүзілік Жүрек күніне артериялдық гипертониялық алдын алу бойынша онкүндік өткізу орайластырылған. Онкүндік іс-шараларының бірі жұмыс істейтін

адамдардың денсаулығын сақтаумен нығайту бойынша бірлескен әрекеттер жоспарын әзірлеу мақсатында бизнес-құрылымдарының өкілдерімен диалог ұйымдастыру болып табы¬лады. Мұндай іс-шаралар өткізу тұрғындардың назарында орын алған ахуалға аударады, қатерлі асқынулардың алдын алу үшін жалпы қол жетімді шараларға қатысу мүмкіндіктерін қарастырады.

Кей уақытта миға қан құйылуға, соқырлыққа,бауырдың, бүйректің жұмысының нашарлауына ұласады. «Гиперто¬ния» термині қан қысымының көтеріліуін белгілеу үшін қолданылады. Қан тамыры қысымының жоғарлауы қан тамырының не¬месе оның ұсақ тамақтарының тарылуы¬нан басталады. Кейбір адамдарда ұсақ қан тамырлары жиі тарылады. Әуелі қан тармақтарының жиырылуынан, кейін тамыр қабырғаларының қалыңдауынан ұдайы та¬рылады. Осыған байланысты, қан айналымы кезінде жүректің жұмысы күшейеді де, тамыр арнасына қан көптеп шығарылады. Мұндай жағдайға тап болған адамдарда әдеттегідей, қан тамырының қысымы жоғарлайды. Қан қысымы жоғарлауының себебі толық анықталмағанына қарамастан, емделмеген адамның өміріне қауіп төнетіні күмә тудырма¬сы анық. Қан қысымының жоғарлауы негізінен қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ау¬руын және миға қан құйылуын өршітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты фактор болып табылады. Қан қысымы мен артериялдық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз бай¬ланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте түседі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарлауы ауруын емдеу, тек қана қан тамырының қысымын қалпына келтірумен шектелмейді. Міндетті түрде, негізгі әрекет қауіп- қатер факторларын жоюға бағытталуы керек. Дегенмен денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!?

Автор:
Ж.Б. ЖИДЕБАЕВ, Жамбыл аудандық орталық емханасының дәрігері, СӨС кабинеті.