Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗДЫ ШАРУА


16 мая 2014, 17:47 | 756 просмотров



Елбасы Н. Назарбаевтың 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 жарлығына сәйкес ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологилық қадағалау комитетінің базасында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылды. Бұл мекеменің басты міндеттері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық сауаттылығын арттыру,тұтынушыларға сатыла¬тын өнімдер мен қызметтер бойын¬ша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленгіен талаптардың сақталынуына бақылау мен қадағалау жүргізу, сондй-ақ сату сатысындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау және бақылау функциялары болып табылады.

Осыған байланысты, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2014 жылгы 13-17 мамыр айында облыс орталығының ірі сауда үйлері мен орталық базар алаңдарында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – денсаулық пен өміршеңдікке жол ашу» акциясын өткізуде. Бұл акцияның мақсаты – халықты сапасыз өнім мен та-уарларды сатып алудан қалай қорғану, сонымен қатар, дұрыс және қауіпсіз тамақтану мәселелері туралы хабардар ету және құқықтық білімдерін арттыру болып табылады. Еліміздің келешегі жа¬стар болғандықтан, осы шараға «Асар» қоғамдық жастар бірлестігі қатысатын болады. Бұдан басқа, осы акцияға облыстық департаментте «Жас Отан» жастар қанаты құрған «Гиппократ» бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысады.Акцияны өткізу барысын¬да халық арасында (тұтынушылар мен сатушылар) білікті мамандардың кеңестік –түсіндірме жұмыстарымен қатар, облыстық санитариялық- эпидемиологиялық са¬раптама орталығымен өнімнің сапасы¬на, қауіпсіздігіне, табиғилығына жедел зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, т ұ т ы н у ш ы л а р д ы ң құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру ұ й ы м д а с т ы р ы л а д ы . Ең бастысы мұндай акция Қазақстан көлемінде бұрын- соңды өткізілген емес, алғашқы бастама ретінде ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п отыр.Әрине азды-көпті кемшіліктер де болуы мүмкін, көш жүре түзеледі демекші келешекте кемшіліктер азайып, жойылады - деп сенім артуға болады.Себебі, мемлекет бастап, халық қостаған шаралардың жүзеге аспағаны кемде-кем.

Дүниежүзіндегі өлім-жітімнің барлық себебтерінің 60%-тен артығы дұрыс тамақтанбауға байланысты екені мәлім болып отыр.Халық денсаулығының төмен деңгейінің тағы бір себебтері ол халықтың салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын-алу мәселелері бойынша жеткіліксіз хабарсыздығы мен сауатсыздығы.Елбасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011- 2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халықта дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған нақты міндеттер қойды. Бүгінгі күні халыққа дұрыс тамақтану, салауатты өмір сал¬тын ұстану, сондай-ақ тұтынушыларды нашар өндірушілер мен олардың өнімдерінен қорғау қажеттілігін түсіндіру жұмысы бұрынғыдан да өзекті. Өйткені, денсаулығына қауіпсіз тамақты таңдай білу белгілі білім мен дағдыларды талап етеді.Ұлттың денсаулығы – мемлекттік маңызды шаруа, сондықтан әр отбасыға тамақтану мәселесіне байыппен қарап, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Акцияның алғашқы күні Қаратал ықшам ауданындағы «City plus» сауда орталығында өтті.Ұйымдастырушылар жағынан ешқандай мін болмады, тек кейбір қала тұрғындарының сенімсіздеу көзқарасын айтпағанда.Әрине, қол ұшын созып, алып жатқан тауарларымызға жедел тексеру жүргізіп, көмек көрсетіп жатқан ақ халатты абзал жандарға күмәндану дұрыс емес, үлкен қателік десе де болады.

Акцияға қатысушы Нұр Отан пар¬тиясы Талдықорған қалалық филиа¬лы төрағасының орынбасары Ахме¬това Асия Тұрсынқызына жолығып, сұбхаттастық.

- Асия Тұрсынқызы акция қалай өтіп жатыр?

Жалпы жаман емес, жақсы, ең ба¬стысы мақсат-мүддесі өте оңды.Ау¬ырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, мұндай акциялар көптеген аурулардың алдын алуға себебші бола¬ды деген сенім бар.

- Осы акцияны ұйымдастырушылар туралы ойыңыз?

Жоғарыдан нұсқау күтпей, осындай игі істерді қолға алып, жүзеге асырып жатқан Алматы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшы¬сы Сыдыманов Ерғалиға алғысымыз шексіз, алға қойған мақсаттарына жете берсін, еңбектері жемісті болсын.

-Қалалық партия басшыларының бірі ретінде мұндай акцияға қандай баға бересіз?

Біздің Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалының қабылдау бөліміне қала тұрғындарынан күніне көптеген саудаға байланысты арыз-шағымдар түседі, ал енді мұндай акция бұдан былай сол арыздарды оперативті түрде шешудің жолдарының дамуына мүмкіншілік береді.Себебі, қаладағы және облыс көлеміндегі халықтан әр түрлі арыз түсетін кейбір мекемелер үшін тұтынушылар құқығын қорғайтын облыстық департаменттің бар екені жөнінде толық мәлімет болған емес.Енді бұдан былай осын¬дай акциялардың арқасында қала жұртшылығын жан-жақты молынан ха¬бардар етіп, сауда саласындағы жиі кездесетін кемшіліктерге тосқауыл қоюға болады. Елбасының тапсырмасы бой¬ынша құрылған бұл мекеменің болашағы өте зор деп сенім білдіргім келеді. Келе¬шекте арыз- шағымдардың азаюына өз ықпалын тигізеді.Ал акцияның ай сайын өтуіне қолдау білдіреміз.

Әңгімеңізге рахмет.

Автор:
Кадыр БЕРДЕН