Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

18 МАМЫР – ЖИТС-ТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕАЛУ КҮНІ


16 мая 2014, 17:47 | 1 030 просмотров



ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу және АИТВ-инфекциясын жұқтырған азамат¬тарды қолдау мақсатында, Алматыда, ме¬дицина қызметкерлері мен студент жастар, қоғамдық қызметкерлер форум өткізуге жина¬лады.

Ұйымдастырушылар АИТВ-инфекция¬сы өміріне қауіп түсірген ауруларға кең түрде қоғамның назарын аудармақ.

Форум Алматыда 2014 жылдың 19 мамы¬рында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде (Алматы қ. Ма¬санчи көшесі 38, «Конкордия» театры) өтеді. Шараны ұйымдастырушылар: С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы қаласы ЖИТС ал¬дын алу және оған қарсы күрес орталығы, «Қызыл жарты ай» қоғамы, МЕҰ «PSI» және «USAID»,«АИТВ-инфекциясымен өмір сүрушілер» қоғамы кеңес мұшелері,Алматы облысы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.

Форумның бағдарламасында - АИТВ-ин¬фекциясымен өмір сүрушілерге үрке қарау мен қара жағуға жол бермеу,АИТВ-инфекциясының таралуы жайында деректі фильм көру мен талқылау, эпидемияға шалдыққандырдың шығып сөйлеуі мен «Қауіпсіздік маршруты» атты АИТВ-инфекциясының та¬ралуы туралы викториналық сұрақтар сайысы өтеді. Әрбір қатысушы волонтерге ЖИТС-ке қарсы күресуге белгі болып кел¬ген қызыл лента тапсырылады. Жиналғандар назарына Алма¬ты қаласы ЖИТС орталығының мультидисциплинарлық ко¬мандасы мүшелерінің қолымен тігілген квилта- өмірін эпидемия алып кеткендерді еске алу құрақ шүберегі ұсынылады.

Шара өткізілу барысында Алматы қаласы ЖИТС орталығы ұйымдастырған мобильді зертханаға анономді түрде, ақысыз АИТВ-ға эксперсс-тест тапсыру¬ына, сондай-ақ психоәлеуметтік кеңес пен ақпараттық-ағарту материалдарын алуға бо¬лады.

- Біздің акция өткізуіміздің мақсаты,- дейді Алматы қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігері Т.Бапиев,- ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алумен қатар, қоғамды АИТВ-ға шалдыққандарға түсіністікпен қарауға шақыру. Өйткені, бұл індет денсаулығына немқұрайлы қарайтын әрбір азаматтың ба¬сына келуі мүмкін. Ал АИТВ-инфекциясын болдырмаудың бірнеше комплексті шарала¬ры бар: алдын алу, барлық қажеттілігі бар азаматтарға ем алу үшін жол ашу және қоғам назарын аударуды белсенді жүргізу.

Эпидемияға қарсы күрес жүргізу үшін ең алдыңғы шепте дәрігерлер жүреді. Олардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, ар ұятының бекемдігі - аурулардың ем қабылдауына ғана емес, сонымен қатар өмір сүруіне де әсер етеді.

- Дәрігерлер АИТВ-мен өмір сүрушілер үшін туыстарынан да жақын адам,- дейді «Қазақстандағы АИТВ-мен өмір сүруші әйелдер» тобының мүшесі Оксана Ибрагимо¬ва,- өйткені, біз ақ халатты абзал жандарға өз күйзелісімізді, қорқынышымызды, құпиямызды ғана сеніп тапсырмаймыз, сонымен бірге - ең бастысы, денсаулығымыз бен өмірімізді де тапсырамыз. Ең бастысы – олар берген үміт оты бізді жарқын өмірге жетелейді.

Басында Алматыда 3871 АИТВ-мен өмір сүрушілер тіркелсе, оның бүгінге дейін 1030 адамының өмірі қиылды. Оңтүстік астанада антивирустық терапияға қол жеткізуді кеңейту арқасында ЖИТС және АИТВ-мен өмір сүрушілердің өлімі азайып келеді. Антивирустық терапия қолданғандар толыққанды өмір сүріп, жұмыс істеп, қоғамдық шараларға белсенді араласа алады.

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні, мамыр айының үшінші демалыс күндері аталып өтеді. Ең алғаш 1983 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні американың Сан-Франциско қаласында ата¬лып өтті. Бірнеше жылдардан соң осы дертке ұшырағандардың қозғалысын белгілейтін белгі –киімге қадалған қызыл лента, сонымен қатар түрлі түсті шүберектер – квилта пайда бол¬ды. Ол - өмірден өткен көптеген науқастарды бейнелейтін құрақ шүберек. Ол атрибутты 1991 жылы суретші Фрэнк Мур ойлап тапты. Қазіргі кезде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні белсенділер мен бұл індетке немқұрайлы қарамайтын адамдар кеуделеріне қызыл лента тағып жүреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассоциациясының деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда жер жүзінде 42 миллион адам имунотапшылығы вирусына шалдыққан. Әр күн сайын бұл 14-15 мыңға артып отырады. Көбіне АИТВ инфекциясына ұшырау мүмкіндігі барлар - жасы 30-ға дейінгілер. Соңғы 25 жыл бойы ЖИТС-тен қайтыс болғандар саны 25 миллион адамға жетті. Оның үштен екі бөлігін Африка тұрғындарын құрайды. Ғалымдар «қара континент» деп аталатын бұл елде әрбір үшінші азамат, кейбір елдерінде тұрғындардың 90 пайызы АИТВ-инфекциясының вирусын жұқтырған»- дейді.

Автор:
Дуанабай ЖОЛДАСБЕК