Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПӘКІСТАНДА ПОЛИОМИЕЛИТ ӨРШІП ТҰР


16 мая 2014, 11:30 | 1 524 просмотра



Полиомиелит ошағына айналған Пәкістанда былтыр осы дертпен ауырғандар саны күрт артты. Азаттық тілшісі оған себеп болған төрт фак¬торды саралайды.

Полиомелит дертінің алдын алу үшін пәкістандық балаларға дәрі тамы-зып жатыр. Ландикотал.

Полиомиелитті тоқтатуға қарсы шаралар ертеден қолданылып келеді, соған қарамастан өткен жылы бұл вирус халықаралық деңгейде алаңдаушылық туғызып, медицина қызметкерлерін да¬был қақтырды.

Аурудың ошағы саналатын Пәкістан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше (ДДҰ) «полиомиелитті тарататын қауіпті аймақ» деп танылды. Бүкіл әлем бой¬ынша 74 адамның сырқаттанғаны анықталды, өткен жылы осы уақытта 24 адам ғана індет жұқтырған еді. Олардың елу тоғызы Пәкістанда тұрады. Кертарт¬па көзқарастағы елде полиомиелиттің кең тарауына төмендегі жағдайлар ықпал етуі мүмкін.

АСТЫРТЫН ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАУ

Пәкістандағы әскерилер полиоми¬елитке қарсы компанияны тоқтатуға тырысқан жергілікті вакцина егушілердің он шақтысын ұрлап әкетіп, ұрып- соғып, өлтірді. Пәкістандық тәліптер («Tehrik-e Taliban Pakistan» немесе ТТП) көп шоғырланған елдің солтүстік- батысындағы Хайбер-Пахтунхва сияқты провинцияда вакцина салушылар көп қарсылыққа тап болды.

ТТП сияқты әскери топтар иммун¬дау шарасын шетелдіктердің тыңшылық әрекетін бүркемелеу деп қарайды. Олар Усама бен Ладеннің тығылған жерін табуға көмектескен пәкістандық дәрігер Шакил Афради Американың орталық барлау басқармасына қызмет етті деп сенеді.

ЦРУ-ға көмектескен деген күдікке ілінген пәкістандық дәрігер Шакил Афра¬ди. 22 шілде 2010 жыл.

Шафроди гепатитке қарсы вакци¬на егемін деп Бен Ладеннің отбасынан ДНК үлгісін алған деп айыпталады. Әл- Каида жетекшісі 2011 жылы Пәкістанның гарнизондық қаласы Абботабадта қаза тапты. Пәкістанның денсаулық сақтау министрі Сайра Афзал Тарар Пәкістандағы полиомиелиттің асқынуын «Афродиға қатысты оқиғадан соң туын¬дады» деп санайды.

ЖАМАН ДӘРІ

«Полиомиелитке қарсы вакцина бедеулікке ықпал етеді» деген пікір Пәкістанда қауіпті сырқаттың кең тара¬уына ықпал етті. Әсіре діншілдер екпені батыс елдері мұсылман қауымын құрту үшін ойлап тапқан деген көзқарасты ұстанады.

Кейбір дін қызметкерлері тіпті батыстың қаскүнемдігіне қарсы тұрып, полиомиелиттен сал болып қалған не¬месе көз жұмған әр адам «азап шегуші» мәртебесіне ие болады деген пәтуа шығарып қойды.

Пәкістандық медицина қызметкері анасының қолындағы сәбиге полиомие-лит ауруына қарсы дәрі тамызып жатыр. Карачи әуежайы, Пәкістан, 7 мамыр 2014 жыл.

ДДҰ дерегі бойынша, 2012 жылы 58 адам полиомиелит құрбаны болса, 2013 жылы 91 адам қайтыс болған. Полиоми¬елит өте жұқпалы дерт, оған көбіне бес жасқа толмаған балалар шалдығады.

Оны емдеп жазу мүмкін емес, бірақ алдын алуға болады. 200 жағдайдың бірінде індет жұқтырған адам сал болып қалса, сал болған науқастың 5-10 пайы¬зы көз жұмады.

ИСЛАМҒА ҚАЙШЫ

Қатаң ұстанымдағы діндарлар мен әскерилер полиомиелитке қарсы екпе салу «ислам дініне қайшы» және Құдайдың қалауына қарсы келу деп са-найды.

Пәкістанда қолданылатын полио¬миелитке қарсы вакцина бүкіл әлемнің зертханаларында дайындалады, оның ішінде АҚШ та бар, сондықтан Пәкістан оған күмәнмен қарайды. Әсіре діншіл әскерилер мен діни қызметкерлер ек¬педе ислам дінінде тыйым салынған шошқа майы мен алкоголь бар дейді.

Полиомиелит салдарынан мүгедек жас адам көшеде қайыр тілеп отыр. Ис¬ламабад, Пәкістан, 11 ақпан 2014 жыл.

Пәкістандағы денсаулық сақтау саласының шенеуніктері бүкіл елдегі діни жетекшілермен кездесіп, қате түсініктен арылтуға тырысты. Кейбір діни қызметкерлер екпенің ислам дініне қайшы емес екенін көпшілік алдында мойындап, оны дінге қайшы дейтін әсіре діншіл әскерилер екенін айтты. Бірақ ымырасыз дін өкілдері мен әскерилердің сөзі жүріп тұр.

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР

Полиомиелит көбіне Пәкістанның мазасыз солтүстік-батыс аймағында өршіп тұр. Хайбер- Пахтунхва провинциясының астанасы Пешавар қаласы мен Ауғанстанмен шекаралас Федералдық басқарудағы тайпалық аумақтарда (FATA) індет тараған.

Пәкістанның ең үлкен қаласы, Синди провинциясының оңтүстік-шығысында орналасқан Карачи да полиомиелиттің ордасына айналды. Кедей әрі жағдайы тұрақсыз солтүстік-батыс аймақ толқуды бастан өткерді. Бұл жерге миллиондаған ауған босқындары қашып келіп, індеттің таралуына жағдай жасады. Сондай- ақ, аймақтағы нашар санитарлық жағдайлар мен денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамымауы да ықпал етті.

Балаларға полиомиелитке қарсы дәрі беріп жатқан дәрігерлерді қорғап тұрған қауіпсіздік қызметінің адамы. Пе¬шавар, Пәкістан, 22 ақпан 2014 жыл.

Денсаулық сақтау өкілдері үкіметтен қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту үшін қаржы бөлуді, қауіпті аймақта по¬лиомиелит егетіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.

Пәкістандағы ДДҰ-ның полиомие¬лит бөлімін басқаратын дәрігер Зубайр Муфти қауіпті ошаққа айналған елдің үкіметі көп шара қабылдауға тиіс дейді: «Ең алдымен, Пәкістанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі Вазиристан тайпа агенттігінің 250 мыңға жуық баласына екпе салу керек. Одан кейін Карачи мен Пешеварда вакцина егу керек. Осы үш облыс Пәкістанның негізгі қауіпті ошағы саналады».

Автор:
Динара ӘЛІМЖАН. Фруд Бежанның мақаласын аудармасы.