Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТМД-ДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СЫНАҚ ОРТАЛЫҒЫ


16 мая 2014, 11:26 | 1 284 просмотра



Инфекцияға қарсы дәрі- дәрмектердің ғылыми орталығы» АҚ-ы Еуропалық аккредиттеу органдарын¬да GLP халықаралық стандартына сәйкестігін растады және ТМД-дағы әзірлемелермен, ғылыми зерттеулермен және инновациялық дәрі-дәрмектер өндірумен айналысатын бірден-бір ұйым болды. Бұл туралы қоғамның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тиісті сертификат GLP халықаралық стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін Федералдық GLP-Бюросының (Германия Федеративтік Республикасы) ғылыми орталығында өткізілген инспек¬ция нәтижелері бойынша берілген.

GLP-сынақтары – бұл дәрілердің ғана емес, сонымен қатар өсімдікжойғылар, тамаққа арналған қоспалар, жемдік қоспалар, ветеринарлық дәрі-дәрмектер, дәрілер, косметикалық өнімдер мен өнеркәсіптік химикаттар құрамына кіретін жаңадан әзірленетін және қолданатындардың қауіпсіздігін бақылау саласындағы нұсқау-стандарты.

«Қазақстандық ұйымның зерт¬теу зертханаларының халықаралық деңгейіне шығуы бірқатар себептерге байланысты. Атап айтқанда, белсенді ықпалдастыру процестері, Кеден одағына кіру, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру, ДСҰ-ға ену жөніндегі іс- шаралар, химиялық дәрі-дәрмектер мен қоспалардың айналымы саласындағы қазақстандық нормаларды аталған ұйымдар шеңберінде қолданылатын бірыңғай ережелерге сәйкес келтіруді, сондай-ақ, халықаралық талаптармен үйлестіруді талап етеді» делінген хабар-ламада.

Аккредиттелген сынақ зертханаларының болуы қазақстандық өндірушілердің инновациялық дәрі- дәрмектер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және меншікті өнім сияқты, бәсекелестердің өнімінің де GLP-сынағын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Және GLP барлық елде сенім білдірілген кешенді әрі әмбебап стандарт болғандықтан, онда осындай ережелер бойынша ғана зерттеулер өткізу біздің нәтижелерімізді халықаралық деңгейде ұсынуға мүмкіндік береді және түбінде тиісті емес сападағы дәрі-дәрмектердің нарыққа шықпауына ықпал ететін бола¬ды.

Осылайша, GLP қолданылу саласы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (өнеркәсіптік химикаттар және косметикалық өнім), ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің (химиялық заттардың қоршаған ортаға әсерінің қауіпсіздігін бағалау, озон қабатын бұзуға жарамды заттардың жиналуын және биоуақтануын қоса алғанда), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (жемге арналған қоспалар, ветеринариялық дәрі- дәрмектер және өсімдікжойғылар) және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (емдік дәрі-дәрмектер және тағамдық қоспалар) қызмет ету саласына тарала¬ды.

"Инфекцияға қарсы дәрі- дәрмектердің ғылыми орталығы" АҚ кадрлық және өндірістік әлеуетін ескере отырып, аталған орталықтың болашақта алғашқы және мүмкін, Орта Азия өңіріндегі бірден-бір GLP-орталық болуы ықтимал.

Автор:
BAQ.KZ