Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!


11 мая 2014, 11:38 | 5 353 просмотра



9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 69 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс аяқталды. Бұл күн –әлем тарихындағы зілді де қасіретті саналатын Екінші дүниежүзілік соғыста Ұлы Жеңіске жет¬кен күн. Ұлы Отан соғысы жылдары қару асынған жауынгерлер көрсеткен ерлігі арқасында бүгін біз бейбіт өмір кешудеміз. Аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге. Сол себептен де Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 7-мамыр елімізде Отан қорғаушылар күнін атап өту бекерден емес шығар. 7 мамыр - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.