Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

3 МЛН. ДОЛЛАРДАН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ


11 мая 2014, 17:34 | 840 просмотров



Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жоба¬сы іске қосылды. Аталған жоба ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Ғаламдық экологиялық қордың Ауыр органикалық ластандырғыштар туралы Сток¬гольм конвенциясы бойынша міндеттемелерді іске асырудың ұлттық жоспарын жаңғыртуға әрі медициналық қалдықтарды тиімді басқаруға бағытталған бірлескен шара аясында жүзеге асырылмақ.

Жоба жетекшісі Нина Гордың атап өтуінше, еліміздің медициналық мекемелерінде жыл сайын 20 мың тон¬надан астам қалдықтар түзіледі. Ал ҚР денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес жұқпалы аурулы қалдықтарды кәдімгі қоқыс тастайтын орындарға қалдыруға тыйым салынған. Осыған байланысты қалдықтардың негізгі бөлігі өртеу арқылы жойылғанымен бұл шара арнайы қондырғыларда жүзеге асырылмайды.

«Жұқпалы аурулы қалдықтарды өртеу жоғары уытты заттардың ауаға таралуына және экологиялық ахуалдың нашарлауына соқтырады», - деді ол.

Сонымен қатар, өртенетін қалдықтардың көлемі жайында нақты мәліметтер де жоқ. Ал оларды өртеу салдарынан болатын шығарындыларға мониториг жүргізілмейді.

«Сондықтан да қолға алынған жобаны жүзеге асыру аясындағы іс- шараларға 3 млн. 400 мың доллар бөлініп отыр. Бұл Ғаламдық экологиялық қордың қаражаты», - деді Н.Гор.

Автор:
Марлан ЖИЕМБАЙ