Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ


11 мая 2014, 17:32 | 10 369 просмотров


Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестер¬ге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нақтылы шығатын уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайындағы тіндер қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.

1. Дистопия – дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішіне не гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмкін. Онда тісті суы-рып алып тастау керек.

2. Ретенция – дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, онда шала ретенция, ал тіс мүлде шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.

Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алынбалы тіс протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шықпай қалған тістің жарғанын байқауға болады. Тұрақты тістердің ұрықтану процесінің бұзылғанынан олар мүлде жарып шықпаса, онда толық адентия деп атайды.

Дистопия мен ретенцияға сүт тістері де, тұрақты тістер де ұшырайды. Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтын ақыл тістер, әсіресе астыңғы сегізінші тістер. Ал сирек ұсталып шыға алмай қалған жағдайда сойдақ тістер (ұры тіс) мен жоғарғы не астыңғы кіші азулар тап болады. Ретенция мен дистопия ауруының себебі толық анықталмаған. Әртүрлі ғалымдардың пікірі бойынша оның мынандай себептері болуы мүмкін;

А) Зат алмасу процесінің- ішкі секреция бездерінің , гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурулардың әсері т.б жағдайлар.

Б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездер қызметінің өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфекциялық) себебінен тіс дұрыс ұрықтанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып, тістің жарып шығуын тежейді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді.

Филогенез – даму процесінде адам тісінің саны мен мөлшері біркелкі қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай, ол не альвеольдық өсіндінің ішінде не сүйектің денесінде шыға алмай қалады.

3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп; сүт тістер түбірінің кеш со¬рылуы не болмаса сүт тістерді ерте суырып тастаса қатардағы тістер бос орынға қарай жылжығандықтан кейін шыққан тұрақты тіске орын болмай қалады. Кей¬де сүт тіс маңындағы шырышты қабықты зақымданып, қабынуы не тіс ұрығының жақ сүйекте өте терең жатуы тістің кедергімен кеш жарып шығуының бір себебі бо¬лады. Жақ сүйектерінің дамып өсу процестері бұзылса не сүйекте ісік болса, тістің эмбриональдық дамуы бұзылып, тіс кеш шығуы не шетке қарай жаруы мүмкін.

Клиникасы . Қатардан тыс жарып шыққан (дис¬топиялы) не шыға алмай ұсталып қалған тістер ешқандай зиян келтірмесе, кездейсоқ рентген¬ге түскенде ғана табылады. Кейде науқастар жақ сүйектің әлсін –әлсін сыздап ауырғанына көңіл бөледі не астыңғы жақтың тістері сыздап ауыратын болады, ерні ұйиды.

Сырт көзбен қарағанда тістің кедергімен қиналып жарып келе жатқан белгілері мынадай болады; қатарда бір тістің жоқ болғаны анықталады, бұрын жұлынса бос орын болуы керек не уақытында түспей қалған сүт тісі тұрады не ол тіс қатардан тыс жарп келе жатқаны көрінеді. Кейде альвеолдық өсіндінің шырыш¬ты қабығының астынан шықпай қалған тістің бейнесі көрінеді.

Біраз ғалымдардың пікірінше және біздің клиниканың бақылауы бойынша кедергімен кешігіп жарған тістер жиі қабынуға ұшырауы мүмкін. Содан пульпит (тістің ұлпасының қабынуы) периодонтит ( тістің дәнекер қабығының қабынуы) сияқты аурулар болады не қатар тұрған тісті зақымдалуы мүмкін. Кей¬де ауру өрбіп асқынып жедел перикоронаритке айна¬луы мүмкін. Сол себептен ірің әрі тарап сүйекті шірітеді де маңайындағы май шелімен жұмсақ тіндеріне жай¬ылады. Сол аурудың салдарынан жақасты бездері шошынып лимфаденит дамиды. Қабыну процесінің даму себебінің бірі ауыз ішіндегі инфекциялардың зақымданған шырышты қабыққа еніп оны қабындыру. Не болмаса денедегі басқа созылмалы инфекциялық аурудан қан арқылы тарап, шыға алмай жатқан тістің зардабынан болған жараны қабындырып іріңдікке ай¬налдырады. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер- амелобластома, одонто¬ма т.б ісіктер өсуі мүмкін. Ұсталып кедергімен жарған тіс туралы түрлі ой бар. Егер ол тіс қатарындағы тістерге зақым келтірмесе, жақ сүйекте дұрыс орын алып, залалсыз, қабындырмай шықса, онда оған тиіспейді. Ал егер оның себебінен жарақаттар шықса, онда ол тісті суырып алып тастау керек. Егер ақыл тіс кедергімен кешігіп жарып, тіс қатарындағы өз оры¬нында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін үстіндегі қызыл иек бүркенішін кесіп алып тастап, маңайының қызыл иек бүркенішін кесіп алып тастап, маңайының қызыл иегін тітіркендіріп фукционалдық әрекеттер істеуге болады. Ақыл тіс ұсталып кедергімен жарғанда бас не жақ сыз¬дап ауырса не шырышты қабық оның маңайындағы жұмсақ тіндер қабынып іріндесе ондай тісті суырып алып тастап, емдеу керек.

Автор:
Ж.К.Демеубаева, зубной врач ГКП на ПХВ «Аксуская ЦРБ» СБ Матай.