Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫ


11 мая 2014, 09:25 | 9 494 просмотра



ЖЕҢІС КҮНІ –9-МАМЫР! БҰЛ ЖЕҢІСКЕ КЕҢЕС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ АСҚАН ЕРЛІГІ АРҚАСЫНДА ЖЕТТІ. 1941-1945 ЖЫЛДАРЫ КЕҢЕС ӘСКЕРІ ЕРЛІКПЕН ОТАН ҮШІН ОТҚА ТҮСІП ЖАТҚАН КЕЗДЕ ӘРҚАШАН ЖАН¬ДАРЫНАН ДӘРІГЕРЛЕР ДЕ ТАБЫЛА БІЛДІ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СОҒЫЗ КЕЗІНДЕ ЖАНЫН ПИДА ЕТІП, ҚАНШАМА ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МАЙДАНЫНДА 200 МЫҢ ДӘРІГЕР, 1,5 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ОРТА БУЫН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСҚАН. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТУДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫҢ ДА ҮЛКЕН ҮЛЕСІ БАР. СОҒЫС ЖЫЛДА¬РЫНДА КАЗССР НАРКОМЗДРАВ-ЫН ӨТЕ БІЛІКТІ МАМАНДАР БАСҚАРДЫ. ОЛАР ТЕЗ АРАДА ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН СОҒЫС УАҚЫТЫНА ЫҢҒАЙЛАП, ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕРДІ АДАЛ ОРЫН¬ДАЙ БІЛДІ. АЛ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ УАҚЫТТА ОЛАР ӨЗДЕРІН САУАТТЫ БАСҚАРУШЫ РЕТІНДЕ КӨРСЕТІП, ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ДАМУЫНДА ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТЕНДІ. ОЛАР: КАЗССР ХАЛЫҚ КОМИСА¬РЫ С.А. ЧЕСНОКОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ В.Г. ЕРМОЛАЕВ, М.К.ТІЛЕУГАБЫЛОВ, И.С.КОРЯКИН, А.Б.БИСЕНОВА. АТАЛҒАН АҚХАЛАТТЫЛАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫНЫҢ СОНАУ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕҢБЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ӘРІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЕДІ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫ ЖАЙЫНДА “ТЫЛОВЫЕ ЭВАКОГО¬СПИТАЛИ КАЗАХСТАНА И РЕСПУБЛИК СРЕДНЕЙ АЗИИ САВО В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВО¬ЙНЫ ” АТТЫ КІТАПТА ТОЛЫҚ ЗЕРТТЕЛІП, ЗЕРДЕЛЕНІП ЖАЗЫЛҒАН. АВТОРЫ М. А. ЖАКУПОВАНЫҢ ОСЫ КІТАБЫН НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ОСЫ МАҚАЛА ДАЙЫНДАЛДЫ.

БІЛІКТІ БАСШЫЛАРДЫҢ БАСТАМАСЫ

Семен Алексеевич Чесноков — 1937-1938 жыл¬дар аралығында РСФСР денсаулық сақтау халық комисары болды. 1939-1946 жылдарда КазССР Наркомы қызметін атқарады. 1946 жылы елде министрліктер құрылғаннан кейін ол КазССР-дің бірінші денсаулық сақтау министрі болды(1946-1949ж). Соғыс жылдарында С.А. Чеснокова басшылығымен Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы соғыс уақыты талабына сай жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдарында С.А.Чеснаков тылдың санитарлық жағдайын сақтап, инфекциялық аурулардың эпиде¬миясын болдырмады. Осы жылдарда атқарылған сапалы жұмыстар арқасында кейін амбулаторно- поликлиникалық және ауруханалық мекемелер саны артты. 1943 жылы Алматыда Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған хирургиялық қалалық ауруха¬на ашылды. Бұл мекеме 1947 жылы Республикалық госпитальға айналды. Кейін республикада жаңа ем¬деу, оқу орындары және ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. С.А.Чесноков еңбегі үшін “Трудового Крас¬ного Знамени”, “Красная Звезда” және басқа орден, медальдармен марапатталды. Семен Алексеевич¬пен қатар денсаулық саласын басқаруда Владимир Георгиевич Ермолаевтың еңбегі зор. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан мемлекеттік медицина институтының отоларингология кафедрасының меңгерушісі болды. 1938 жылдан Ал¬маты қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін қатар алып жүрді. Ал 1939 жылы КазССР денсаулық сақтау халық комисарының бірінші орынба¬сары болды. Ұлы Отан соғыс жылдарында азаматтық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Қызыл әскер командирлері мен жауынгерлерін емдеді. Үкіметтің арнайы тапсырмасы бойынша республиканың 14 облысы және Алматы қаласында аз уақыт ішінде эвокогоспитальдердің мықты жүйесі қалыптасты. Бұл Қазақстан аймағында соғыстың төрт жылында үзбей қызмет жасаған көпсалалы мекемелер болды. Госпитальдардың медицина қызметкерлері жауынгерлердің өміріне аман алып қалуда талмай еңбек етті. Тез арада жауынгерлерді емдеп, оларды әскер қатарына қайтарды. Бұл жауапкершілігі мол әрі ауыр эвакогоспитальдар жұмысын КазССР денсаулық сақтаудың халық комисарының бірінші орынбасары В.Г.Ермолаев басқарған еді. Сондай-ақ Владимир Георгиевич Ермолаевтың Қазақ медицина ғылымына қосқан үлесі ұшан теңіз. Профессор В.Г.Ермолаевтың бастамасымен бірнеше ғылыми жұмыстар жарық көрді. Ол 1944 жылдан және соғыстан кейінгі уақытта ҚазММИ оториноларингология кафедрасын басқара отырып, отандық ЛОР қызметтің дамуына және отори¬ноларинголог дәрігерлерді дайындауда еңбегі ерекше.

Соғыс жылдарында Қазақстан медицинасын¬да орны ерекше тұлғалардың бірі Мұхамедрахым Қуандықұлы Тілеуғабылов болды. Ол 1938 жылы ҚазММи бітіріп, 1941 жылдан ҚазССР Халық коми-сарлары кеңесі қаулысымен Денсаулық сақтау халық комисарының кадр мәселесі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Мұхамедрахым Қуандықұлы өзі жұмыс істеген уақытта эвакогоспитальдарға дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін дайындап үлгерді. Нәтижесінде госпитальдерде дәрігерлермен 75-80%-ға, ал орта буын медицина қызметкерлері толықтай қамтылды. Госпитальдердегі медицина қызметкерлері еңбегі арқасында бірталай жауынгер¬лер аман қалды. Кадрлар мәселесін орынды шешкен, әрі эвакогоспитальдар жұмысы сәтті басқарғаны үшін М.Қ.Тілеуғабылов бірнеше Ордендермен марапат¬талды. Соғыстан кейін ол Обаға қарсы ортаазиялық ғылыми-зерттеу орталығы директоры қызметін атқарды. 1952 жылы М.Қ.Тілеуғабылов «ҚазақССР еңбек сіңірген дәрігері» атағына ие болды.

Соғыс кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды медицина ғылымының докторы, про¬фессор Иван Сергеевич Корякин қадағалаған еді. Ол Қазақстанда еңбек жолын ауданда қарапайым санитарлық дәрігерден бастап, КазССР Халықкомздравтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметін басқарды. Соғыс уақытының қиын кезеңінде ол лайықты санитарлық жағдаймен қамтамасыз ете алды. Республиканың 24 теміржол тораптарының әрқайсында санитарлық-қадағалау пунктері ұйымдастырылып, ал ірі станцияларда денсаулық пунктері болды. Сондай-ақ, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарды дер кезінде госпитализаци¬ялау мақсатында 1942 жылы республикада қосымша 12 мың ауруханалық орын жасақталды.

Қазақ мемлекеттік медициналық институтында қайта ашылған санитарлық-гигиенелалық факультет¬те және Алматы фельдшерлік-акушерлік мектепте тез арада санитарлық дәрігерлер, фельдшерлер және ла¬боранттарды дайындады. Нәтижесінде эпидемиолог- дәрігерлер саны 1941 жылы 33 болса, 1945 жылы 101- ге жетті. Ал санитарлық-дәрігерлер 70-тен 90-ға өсіп, мемлекеттік санитарлық инспекция дәрігерлер саны 258-ге жетті.

Сұрапыл соғыс жылдарында да ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада еңбек еткен дәрігер Ақлима Бисенқызы Бисенова еді. Ол еңбек жолын аудандық бас дәрігерден бастап, Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектеп ди¬ректоры қызметін атқарып, Халық денсаулық сақтау комисары және КазССР денсаулық сақтау министрі орынбасары қызметіне дейін жетті.

«27 октября 1942 г. Совнарком СССР принял По¬становление “О мероприятиях по улучшению работы органов здравоохранения и детских учреждений по медицинскому обслуживанию детей и усилению пита¬ния нуждающихся детей”. Проявляли особую заботу о сохранении здоровья детей, была выделена штатная единица заместителя Наркомздрава КазССР по мате¬ринству и младенчеству. Эту должность с октября 1943 г. занимала кандидат медицинских наук А.Б. Бисено-ва. Под ее руководством была проведена большая работа по устранению у прибывших детей психологи¬ческих травм, полученных во время бомбежек, сохра¬нению каждой детской жизни. Она возглавляла и про¬водила патриотическое движение по установлению и патронажу детей-малюток, оставшихся без родителей. За годы войны только по линии здравоохранения было отдано на усыновление больше одной тысячи детей до 3-летнего возраста» -деп жазылған ресми деректерде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде республикада ана мен бала денсаулығын қорғау мекемелерінің жүйесі қалыптасты. Әйелдер және балалар консультаци¬ясы 1940 жылы 203 болса, 1945 жылы 300-ге жетті. Балабақша саны 461-ден 540-қа жетті. Республика¬да соғысқа дейін он шақты перзентхана болса, 1943 жылдың соңына қарай перзентхана саны 161-ге жетті. Кейінгі жылдары Ақлима Бисенова ана мен бала денсаулығын жақсартуда үлкен жұмыс атқарды. 1959 жылдан ол Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми институты директоры қызметін атқарды. Ал 1977-1980 жылдар аралығында Педиатрия ғылыми зерттеу ин¬ституты директоры болып, республикада әйел мен балалар денсаулығын қорғауға және жас ғалым кад¬рларды дайындауға көңіл бөлді.

ЕСІМІ ӨШПЕС ДӘРІГЕРЛЕР

Ұлы Отан соғыс жылдарында Қазақ медицина ғылымында дарынды ғалымдар болды. Олар бүгінгі қазақ медицинасы ғылымын қалыптастырғандар еді. Сол уақыттағы беделді, дарын ғалымдардың бірі Александр Николаевич Сызғанов. Ол Қазақстандағы хирургиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосты. Жа¬уынгерлер мен соғыс мүгедектерін емдеуде аянбайды, медициналық кадрларды дайындауда да үлесі зор. Қазақстандағы эвакогоспитальдар жұмысы басталған алғашқы күннен-ақ Сызғанов хирургияның әр саласы бойынша жетекші кеңесші болды. Соғыс уақытының травматологиясы бойынша ғылыми жұмыстар жүргізді. Ол травматологияда емдеудің жаңа методикалырын ашты.

Сол жылдары ол ғылыми еңбектерін майдан¬да жараланғандарды емдеуге арнады. Мүгедектерді емдеуде, оңалтуда негізгі әдіс ретінде Қазақстанның шипажайларынының емдік қасиетін қолдануды бірінші болып ұсынды. Александр Николаевичтың бастама¬сымен Қазақстанда бірінші қан құю республикалық станциясы ашылды. 1945 жылы КазССР ҒА-ның бұйрығымен А.Н. Сызғанов Алматыда клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми зерттеу орталығын ұйымдастырды.

А.Н. Сызганов басшылығымен 18 докторлық, 80 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Шайқастарда шыныққан, жараланған жауын¬герлер мен командирлерді емдеуде мол тәжірибе жинаған қазақстандық майдангер-медиктер жеңіс туын желбіретіп елге оралғаннан кейін, КазССР денсаулық сақтау ісіне және медицинасына ерен еңбекпен үлес қосты. Олар республика халқына арнаулы медициналық көмек түрлерін көрсетуді қалыптастыруда, жаңа ғылыми-зерттеу оқу орында¬рын ашуда атсалысты.

Олар: Ишанбай Каракулов — дәрігер- эпидемиолог; Сигабатулла Карынбаев — соғыс кезінде Солтүстік-Батыс, Воронеж, Белорусия және бірінші Украина майдандарында соғысып, полк дәрігері кейіннен медико-санитарлық батальонның командирі болды.

Халык Мусабаев —кеңес әскері қатарында әкімшілік және дәрігерлік қызметтерді атқарды, әскери дәрежесі майор; Раиса Макашева — КазГМИ- ді бітіре сала майданға аттанды, 1942 -1946 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Белорусия және Балтық жағалауындағы майдан госпитальдарында хирургиялық бөлім басшысы болды;

Василий Мансветашвили — әскерде дәрігер- эвакуатор, Сталинградтық 4-Украиналық майданның емдеу-эвакуациялық басқармасы басшысының орын¬басары болды.

Беделді ғалым, невропатолог-профпатолог, ака¬демик, профессор Бахия Атшабаров 1942 жылы оқу бітіре сала әскерге шақырылып, танк-атқыштар полкі дәрігері болды.

Профессор Айкен Терликбаев 1941 жылы КазГМИ-ді бітіріп, әскер қатарына шақырылды. Бастапқыда кіші дәрігер, кейін Сталинград, Дон, Укра¬ина майдандарында санитарлық қызмет басшысы болды. Мир-Якуб Нигматуллин 1940-1946 жылдар¬да инженерлік полкінің аға дәрігері, Воронеж, Дон, 1-Укранина майдандарында әскери-дала басқармасы санқызметтің басшысы болды.Зейнулла Тулегенов соғыс жылдарында полк дәрігері болды, санқызмет басшысы болды. Варшаваны азат ету және Берлинді алудағы шайқастарға қатысты. Капан Макашев —1942 жылы оқуды бітіре сала майданға аттанып, Оңтүстік- Батыс, Солтүстік-Батыс,Калинин және Белорусь май¬дандарында полк дәрігері болды.Мұса Нұғманов 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, майданда отола-ринголог болды. Клавдия Овсянникова —I Харьков медицина институтын тәмамдап, 1941 жылы майданға аттанады. Ол майданда отряд хирургі, Сталинград және 4-Украина майданында санитарлық қызметтің дәрігер-эвакуатор, медқызмет капитаны болды. Майданда ерлік көрсеткен дәрігерлер қатарында Михаил Грибанов, Айдархан Апсатаров, Беркут Ай¬дарханов, Петр Чекуров, Евгения Азарова, Рахила Ералина,Зайда Латыпова, Истюре Уразаков, Исхак Алибеков ,Алихан Чокин, Бегайдар Садыков, Виктор Зикеев және Василий Зюзин сынды азаматтар бол¬ды. Соғыстан кейін елге оралып,олардың әрқайсысы қазақ медицинасы мен медицина ғылымының да¬муында еңбек етті. Жаңа медициналық институттар ашты, ғылыми жұмыстар жүргізді, салалық клини¬калар жұмысын ұйымдастырды, медицинаның ар¬наулы салаларын жетілдірді, жас буын дәрігерлерді дайындады. Осының бәрін сол майдангер және тыл дәрігерлері жасады.

Сұм соғыс қаншама адамның өмірін алып кетті. Алайда қаншама жауынгерді дәрігерлер, медбикелер аман алып қалды. Соғыс жылдарындағы ақхалаттылардың еңбегі жайлы жүздеген кітап, мыңдаған фильм түсіруге бола¬ды. Бәрін айтып, жазып біту мүмкін емес. Осы мақалада Ұлы Отан соғысында ерлікпен еңбек ет¬кен Қазақстан дәрігерлерінің біразының ғана аты аталды. Әлі аты аталмаған майдангер дәрігерлер қаншама. Дәрігерлер бір төбе болса, медбикелер еңбегі бір төбе. Сондықтан газетіміздің келесі саны, медбикелер халықаралық күні қарсаңында Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық медбикелер ерлігі мен еңбегі жайлы баяндаймыз. Сондай- ақ, соғыс жылдарындағы медицина біліміне де тоқталып өтеміз.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА