Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНБАҒАН ХАТТАРЫ


11 мая 2014, 15:23 | 1 886 просмотров



Уважаемый товарищ Председатель!

В январе 1958 года Вы имели со мной личную беседу по поводу подвига лейтенанта Рахимжана Кошкарбаева. Наша эта беседа послужила по¬водом для моих поисков .Мне удалось найти некоторые документы, под¬тверждающие достоверность совершенного подвига лейтенантом Рахимжа¬ном Кошкарбаевым при штурме рейхстага.

В порядке справки считаю нужным вам долажить следующее:

То,что лейтенант 150 стрелковой дивизии Рахимжан Кошкарбаев я действительно первым ворвался в рейхстак и вместе с красноармейцем Григорием Болатовым подняли красный флаг над цитаделью фашизма, является неоспоримым фактом» [10.110]

Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған бұл сойқан соғыстан елін жерін қорғаған батырлардың, оның ішінде фашизмнің анасы болған Берлиндегі рейхстагқа бірінші совет туын тігу асқан батырлықтың белгісі еді. Совет Одағының батыры атағын көптеген соғысқа қатысушылар алды. Сөйтіп екі адам: орыс Егоров пен грузин Кантари ту тікті деп жарияланып, екеуіне де «Совет Одағының батыры» деген атақ берілді.

Бауыржанның «Ешкім де, еш нәрсе де ескерусіз қалмауы керек» деген әділ принципі Қошқарбаев пен Булатовтың еңбектерін алға жетелегендей.

Өзі емес, өзге үшін өмір сүретін асыл текті Бауыржан Момышұлының Рахымжан Қошқарбаевқа тарихты қайта түлетіп, әділеттілікті қалпына келтіру үшін арпалысуы үлкен адамгершіліктің тұтқасын мықтап ұстай білетін ұлы тұлғаның нышаны болса керек. Мұндай ерлік келер ұрпаққа әбден үлгі боларлық, аңызға арқау болатын батылдық десек қателеспейміз.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында қайта оралады. Бірінші ұмтылысы сәтсіздікке ұшыраған Батыр Бауыржан айтқанынан қайтпай, енді Қазақстанның бірінші басшысы Д. Қонаевқа хат жолдайды.

«13.02.1970 г.

Уважаемый Динмухаммед Ахметович!

По состоянию здоровья я к сожалению, не смог воспользоваться Вашей любезностью принять меня. У меня ни каких личных просьб и других дел к вам нет. Я хотел Вам доложить об одном обстоятельстве. «С тех пор прошло 25 лет», то есть о подвиге Рахимжана Кошкарбаева и Григория Булатова, которые первыми подняли Красный флаг над рейхстагом.

В результате долгих поисков в архивных материалах я написал справку для Вас. Надеюсь, Вы найдете время прочесть ее. Я обратился к некото¬рым товарищам с просьбою подписать ее, но иные из них подписать от¬казались. Из каких соображений, для меня это неизвестно. «Ерлік елеусіз қалмауы керек» (Подвиг не должен остаться неотмеченным) – это мой афоризм. Кошкарбаев и Булатов живы. Их героическому подвигу исполнилось четверть века.

Я как гражданин и как воин обращаюсь к Вам с просьбою объективно разобраться в этом вопросе; мне 60 лет у меня есть воинское самолюбие. Очень надеюсь, что Вы меня правильно поймете».

Бұл жерде де Ташеновқа, Жеңістің 15 жылдығына жазған хатындағы материалдардан да қомақты деректер жинап келтіреді. Өйткені, Қошқарбаев орталық газет-журналдарының бетінде жарияланған еді. Мысалы, «Стоит внимания заметка «Незабываемые факты», опублико-ванная в этой же газете 16 сентября 1945 года. В ней рассказывается : «Первыми достигли рейхстага и водрузили флаг над ним лейтенант Кош¬карбаев и красноармеец Булатов . Знамя Победы водрузили над рейхста¬гом Егоров и Кантария. Первыми в рейхстаг ворвались со своими воисками Сьянов, Грищенко, Неустроев, Давыдов, Логвиненко»

Қошқарбаев пен Булатовтың естеліктерін паш ететін материалдар көптеп шыққан. Өйткені бұл соғыс совет халқына жойқын қырғын алып келді, оның шарпуы тимеген бір де бір отбасы болмады, адам шығыны мен рухани шығынды есептеу мүмкін емес еді. Басқа шығындарды былай қойғанда, осы төрт жылда аналар жесір қалып, қаншама миллиондаған балалар дүниеге келмей қалды.

Бауыржан Момышұлы жазған кезде Қошқарбаев пен Булатов тірі еді. Әттең, Москва жіберген әділетсіздікті мойындап, кеш болса да оларға «Герой» атағын бергенде ғой, халқымыз орталық туралы жылы лебіз таны¬тар еді. Олардың ерлігін суреттейтін материалдар бір толастаған емес.

Б.Момышұлы қазақ жауынгерлерінің бейнесін сомдап қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың соғыстан кейінгі тағдырларына алаңдаушылық білдіріп отырды. Соғыстан қайтпай қалған, қыршыннан кеткен серіктеріне ерекше аяушылық білдірсе, ал тірілерін аса құрметпен еске алып отырған. Мұның өзі батырдың өзіне ғана тән азаматтық болмысын білдірсе керек.

Автор:
ДАЙЫНДАҒАН Қадыр БЕРДЕН