Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАУІПСІЗ БОЛУЫ ТИІС


25 апреля 2014, 10:17 | 3 373 просмотра



Алматы қаласындағы «Atakent Park Hotel» қонақүйінің мәжіліс залында екі күнге созылған «Фармакологиялық қадағалау және жалған дәрі-дәрмектер» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция болып өтті.

Оның жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Дәрі-дәрмектерді халықаралық мониторингтеу орталығының бас қызметкері Стен Олссон, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Ла¬риса Пак, Ұлттық дәрі-дәрмектерді, медициналық бағыттағы бұйымдар мен техникаларды сараптау орталығының бас директоры Бану Сұлтанбаев, Еуропалық клиникалық фармокология және терапия қауымдастығының төрағасы, профессор Гон¬зало-Грегорио Кальво Рохас қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҰДӨСО фармакологиялық сараптау басқармасының бастығы Раиса Салмаған¬бетова денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды міндеттердің бірі – халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бағдарламасына сәй¬кес, елімізде отандық дәрі- дәрмек өндірісі жыл сайын артып келеді және жақын жылдарда ол аталмыш өнімдерге деген сұ¬ранысты 50 пайыз қамтамасыз ету дең¬гейіне жетеді. Осындай жағдайда фар¬мако¬логиялық қадағалаудың маңызы күрт арта түседі. «Соңғы жылдары фармако-логиялық қадағалауды өзінің ғылыми ұстанымдары мен әдістемелері, ұлттық және халықаралық орталықтары, ғылыми қауымдастықтары, журналдары мен веб-сайттары бар арнайы ғылыми пәнге айналдыру тренді байқалады. Сондықтан ФҚ мақсаттары мен міндеттері айтар¬лықтай кеңейді және бүгін әлемде дәрі-дәрмектер қауіпсіздігін мониторинг¬теудің тиімділігін арттыруға бағытталған көпте¬ген мәселелер қаралып жатыр. ФҚ жалған медициналық өнімдерді тарату түйткіл¬дерін шешуде маңызды рөл атқаруы тиіс»-, деді Раиса Күзденбайқызы.

Ал Бану Сұлтанбаеваның айтуынша, конференция дәрі-дәрмектердің жанама әсері саласын¬да ақпарат жинауды ұйым¬дастыру, алынған мәліметтерді сараптап, жетекші шетелдік маман¬дар, дәрі-дәрмек айналысын реттеу жүйесі дамыған елдер¬дің реттеу мекемелерінің басшылары, сондай-ақ ірі трансұлттық фармацевти¬калық компаниялардың басшыларымен тәжірибе алма¬су үшін бірегей мүмкіндік жаратты. Отандық мамандар үшін бұл осынысымен өте құнды. Стен Олссон да фармацевтикалық қадағалау – дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын бақылаудың маңызды элементі екенін атап өтті. «Оның міндеті – дәрі-дәрмектердің жағымсыз әсері мен нарық¬тағы жалған дәрілер жөнінде ақпарат жи¬нау» деді өз ойын ортаға салған мейман.

Франк ХАМАЛЯН, «Санофи» компа¬ния¬сы¬ның Орталық Азия елдеріндегі бас дирек¬торы:

– Дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі – Қа¬зақстан Республикасы денсаулықты сақ¬тау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдасы. Қазіргі кездегі фар¬мацевтика нарығы ерекшеліктерінің бірі – дәл көшірмесін жасап шығару өте қиын ақуыз қоспалары сана¬латын биоло¬гиялық фармацевтикалық препараттардың үлесі жедел көбейіп бара жатыр. Тіпті өндірістік үдерістегі болар-болмас ауытқудың өзі мүлде басқа өнім алуға әкелуі мүмкін. Сондықтан фармацевтикалық қадағалау және биосимилярлар тақырыбында Қа¬зақстан¬ның денсаулық сақтау ұйымдары «Санофи» компаниясының қолдауымен өткізіп жат¬қан конференциялар Еуро¬па Одағындағы осы саланы басқарудағы жаңалықтар бойынша барынша кең мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады. Бұл өз кезегінде па¬циенттердің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Біздің компа¬ния бұл мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Өйткені биосимиляр¬лар үшін еуропалық талаптар бойынша, дәрі-дәр¬мек¬тердің қауіпсіздігі және иммуноген¬дігі туралы мәліметтерді үздіксіз жи¬нау кезінде оларды нарыққа шығарған соң тәуекелдерді басқару жөнін¬де жоспар ұсыну міндетті болып саналады. Реттеуші ұйымдар атап айтқанда, ЕМА, биосимилярлардың әлеуетті тәуекелін мойындайды. Себебі кейбір жағдайларда олардың өзара алма¬суы және ауыстыру науқастарды клиникалық зардаптарға соқтыруы мүмкін.

Юрий ОРЛОВ, «Санофи» компания¬сының Еуразия өңіріндегі қауіпсіздік жөнін¬дегі ди¬ректоры:

– Әлеуметтік-жауапкершілікті компа¬ния ретінде «Санофи» әлемнің барлық өңірлерінде атап айтқанда, Еуразия өңі¬ріндегі елдерде жалған дәрі-дәрмектерге қарсы белсенді күрес жүргізіп келеді. Біз¬дің мамандарымыз осындай деректерді анықтау мақсатында нарыққа үнемі мо¬ниторинг жүргізеді, жүйелі түрде бақылау мақсатында дәрі-дәрмектерді сатып алады. Барлық филиалдарымызда тұтыну¬шылар үшін жедел желі жұмыс істейді. Компанияның зертханасы са¬тып алынған дәрілерді жедел сараптауға және оны бұрын сатып алынған жалған дәрілермен са¬лыстыра отырып, сапалы тексеруге мүм¬кіндік береді. Сәйкес¬сіздіктің әрбір анықталған дерегі бойынша ішкі тексеру жүргізіліп, олардың қорытын¬дысы құқық қорғау және денсаулық сақтау ұйым¬дарына жіберіледі.

Автор:
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ