Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚТЫҢ ЕМДЕЛУГЕ УАҚЫТЫ ЖОҚ


25 апреля 2014, 10:16 | 1 976 просмотров



– Қуаныш Шадыбайұлы, Қазақстандағы онкология саласының ахуалы қандай? Елімізде қатерлі дерттің қай түрі алдыңғы орында?

– Әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісіктері, ерлер мен әйелдерде өкпе, сосын асқазан, ал төртінші орында тоқ ішектің қатерлі ісігі тұр. Біздің институт қатерлі дерттің алдын алуда біршама жұмыстар атқарып, шетелдік мамандардың тәжірибесімен алмасып, көптеген мәселелерді талқылауда. Франция, Америка, Жапо¬ния, Оңтүстік Корея, Сингапур, Италия мемлекеттерінің үлкен онко¬логиялық орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Олар бізге, біздер оларға барып тәжірибе алмасамыз.

Қазақстан бойынша жүз қы¬рық алты мыңнан астам адам қатерлі ісік ау¬руына шалдық¬қан. Олар диспансерлік есепке алынған. Бұл бір облыс халқының санын көрсетеді. 2013 жылы жаңадан 33029, ал 2012 жылы 32005 науқас анық¬талған. Біздің басты мақса¬тымыз – ауруды алғашқы сатысында анықтап, ем жасау. Халықтың өмірін ұзарту. Осы тұста аты жаман дерттің алдын алуда еліміздегі әйелдер мен қыз балалар гинеколог, ал 45-50-ден асқан ерлер уролог дәрігеріне көрінсе, кез келген адам жылына бір рет өк¬песін рент¬генге түсірсе дер едім.

– Елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандар ішінде алғашқы сатысында жазылып кету мүмкіндігі қаншалықты?

– Халықтың өз денсаулығына кө¬ңіл бөлу мәдениеті төмен. Мем¬лекет халықты скрингтен тегін өткізіп жатқанымен, осыған бармайтындар жетіп артылады. Сондағы айтылатын сылтау – уақыты жоқ. Елбасы да әр адам денсаулығына жауап беру керек¬тігін айтып жатыр. Денсаулық – Алла тағала берген байлық. Соны бағалаған жөн. Ол үшін уақытысында дәрігерлерге барып, тексеруден өтуі тиіс. Кез келген ауруды алғашқы сатысында анықтаса, ол емделеді. 1 және 2 саты¬сында белгілі болған дерттің дәрісін дұрыс қабылдап, емін алса, жазылып кетеді. Дәрі жеткілікті әрі тегін. Ал асқын¬ғаннан кейін пайда не?

Кеңес Одағы кезінде науқас¬тардың көбі Мәскеу мен Санкт-Петерборға барып емделетін. Соларға тәуелді болатын. Қазір олай емес. Ке¬рісінше, француздар, неміс¬тер, аме-рикалықтар елімізге ем алуға келе бастады. Алдағы уақытта сапасы жоғары сәулелі аппараттарға қол жеткізсек, ден¬саулық сақтау саласындағы фи¬зиктерге тәжірибе жүргізу орталығын ашар едік. Сосын ап¬парат жасап шығаратын аме¬рикалық компаниялар да Орта Азияда осындай орта¬лық ашуды көздеп отыр. Бұл орталыққа Өз¬бекстан, Қыр¬ғызстан, Түркіімен, Ресейден және де басқа мемлекеттерден келіп, мамандар білімін жетілдірер еді.

– Ісіктен сақтанудан маман ретінде қарапайым кеңес тыңдасақ...

– Әрине! Бірінші кеңес: біз тек Тәңірдің берген өмірін сүретінімізді, ісіктен ешкім алдын ала сақтандырылмағанын есте сақтауымыз қажет. Екінші ісік дертінен қорқудың қажеті жоқ. Аурудың себебін қаншалық ерте тапсаң, емделу мүмкіндігі соншалық жоғары болмақ. Мәселен, Анджелина Джоли неге ота жасатып, сүт бездерін алдырып тастады?! Себебі актрисада 70 пайыз сүт безі ісігінің пайда болу қаупі болды. Дәрігерлер бұл дерттің генетикалық қайталануы мүмкін екенін анықтады. 40 жасар әйел, алты баланың анасына сүт бездері тек әсемдік үшін ғана қажет емес пе?! Өте батыл қадам. Мұндай тексерулер мен отаны жасауға Қазақстанда да мүмкіндік бар. Біз қазір онгологиялық ауруға шалдыққан науқастарды шет мемлекеттерге жібермейміз.

– Десек те, науқастардың көбі мүмкіндік бола қалса, ем іздеп шет мемлекет асып жатыр ғой?

– Рас, керемет деп тапқан еліне кете берсін. Мәселе – отандық медицинаның деңгейі, сапасы, қызметі өзгенікінен төмендігінде емес, психологияда.

Жақында Ақтау қаласының бір тұрғынында қандағы қатерлі дерт анықталды. Науқас өз бастамасымен Беларусь еліне емделуге аттанып кеткен. Ол жақта жарты жыл ем қабылдап, ақыр аяғында ақшасы таусылып елге қайтады. Келісімен біздегі дәрігерлерді сотқа берген.

Бізде дәрі-дәрмек тегін, емдеу тәсілі сол жақтағы әдіспен бірдей. Науқастардың көбі Израиль, Германия, Оңтүстік Кореяға барып екі қап дәрісін алып, «ендігі ем қабылдауды сіздерде жалғастырайық деп едік» деп елге оралады. Сонда ол жаққа біздегі тегін препараттарды ақшаға сатып алу үшін бара ма?! Емделушілердің осындай ой¬лау психологиясы мен үшін де жұмбақ.

– Дәрі-дәрмек демекші, Қарағандыда жусаннан «Арглабин» сынды препарат, ал Қызылорда об¬лысында қарапайым пияздан ісікке қарсы сусын жасап жатыр. Осы салаға қатысты отандық жобаларға деген пікіріңізді білсек?

– Әрине, жоғарыда сіз атап өткен дәрілер тәуіптердің «барлық дауаға шипа» деп жасайтын жалған дәрі-дәрмегі сынды емес. Десек те, ісікті емдеуде бірыңғай әдіс, бір дәрінің болуы мүмкін емес. Ғаламда қанша адам өмір сүрсе, ісік ауруының түрі де соншалық. «Арглабинге» қатысты айта¬рым, мұндай дәрі бар, болуға құқылы да, бірақ кең ауқымда қолданылмайды. Себебі әсері мен нәтижесіне арнайы бақылау жүргізілмеді. Арглабин онкологиялық ауруды емдеуде негізгі дәрі ретінде қолданыста жоқ. Бұл – иммунды препарат. Адамзат ісіктен емдейтін «толыққанды дәрі» ойлап тапса, ол дүниежүзі бойынша бағасы мен қолжетімділігіне қарамастан сұранысқа ие бола¬тыны даусыз екені айтпаса да түсінікті ғой. Егер расында, ондай препарат ойлап табылса, оның құны арзан болмайтыны да анық. Онкология дү¬ниежүзіндегі дамыған мемлекет¬тердің де бас¬ты проблемасына айналып отыр. Әлем ғалымдары осындай дәрі ойлап табуда ұзақ уақыт бойы зерт¬теулер жүргізіп келеді.

– Онкология саласындағы фармацевтика – жақсы бизнес көзі болғаны ма?

– Сіздіңше, қазір кез келген дүние бизнес емес пе?! Өкінішке қарай, қазірде ақша жоқ жерде өмір сұрқия болып тұр.

– Сәуір айында ха¬лықаралық мамандардың қа¬ты¬суымен онко¬лог¬тар мен радиологтардың V съезін өт¬кізу жоспарланып отырғаны белгілі. Күн тәртібіне қан-дай мәсе¬лелер қойылып отыр?

– Осы жылдың сәуір айында Онкологтар мен радиологтардың кезекті бе¬сінші съезін өткізу жо-спарланып отыр. Әртүрлі себептерге байланысты төртінші съезден кейін араға он үш жыл салынып өткелі отырған съезге шетелден де мамандар келеді деп күтілуде. Елбасы Жолдауында онкология саласына ерекше көңіл бөлген болатын. Со¬ның нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі бес жылға арналған үлкен бағдарлама жасады. Үкімет оны бекітіп, 211 млрд теңге бөлді. Мақсаты – Қазақстанда онкологиялық дерт¬ке шал¬дыққандарды алдыңғы сатыларында анықтап, емдеу. Бағдарламаның жұмыс жа-сағанына да екі жыл болды. Өт¬кі¬зілгелі отырған съезде бекі¬тілген бағ¬дарлама жұмы¬сының нәтижесі айтылады және шетелдік мамандармен тәжі¬рибе алмасамыз. Жаңа¬лықтарын еліміздің денсаулық сақтау саласына енгіземіз деп ойлаймын. Мұндай басқосу дәрігер мамандары¬мыздың білімін, тә¬жірибесін көтеру үшін аса қажет. Білімді, тәжірибесі мол маман науқастарға сапалы қызмет көр¬сететіні хақ. Осындай үмітпен өткі¬зілгелі отырған съезд, алдымен нау¬қастар үшін тиімді деп ойлаймын. Күн тәртібінде де түрлі сала бойынша көпте¬ген мәселелер тұр. Ол съезде қаралады.

– Онкологиялық ауруды ер¬те сатысында анықтау үшін скринингтік бағдарламалар жүргізіліп жатыр дедіңіз. Нәтиже қандай?

– 2007 жылы сүт безінің қа¬терлі ісігіне және жатыр мойны обасына қатысты скринингтер ба¬сталды. Содан бері алты жыл өтті. Бұрын елу пайыз сүт безі қатерлі ісігі бірінші, екінші сатысында белгілі болса, енді ол сексен пайызға жетті. Сонымен қатар Қазақстанда биыл үшінші жыл тоқ ішек қатерлі ісігіне скрининг өткізілуде. Ол өте қиын скрининг саналатындықтан, нә¬тижесі әлі белгісіз. Арада бес жыл өтуі тиіс. Сондай-ақ бауыр, асқазан, ерлердің еркектік безі қатерлі ісігіне де скри¬нинг жүргізілуде. Алғаш рет 2012 жылы Шы¬ғыс Қазақстан облысында пилоттық жоба ретінде ен¬гізілген еді. Қазірде оған алты об¬лыс қосылып отыр. Бір айта кетер¬лігі, халықтың өмір сүру жасы өскен сайын, онкологиялық ауру саны да артады. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүниежүзі бойынша орын алатын жайт.

– Онкология саласында емдеу тә¬сілдеріне байланысты соңғы жаңа¬лықтар қандай?

– Жаңалықтар өте көп. Инс¬титу¬тымызға қазіргі заманға лайықталған радиологиялық ап-параттар қойылмақ және дүние¬жүзіндегі ең тиімді әдістерді өзі¬мізде қолданып жұмыс жа-сау үс¬тіндеміз. Сондай-ақ алдағы уақытта трансплантацияға қа¬тысты экспери-менталдық жұ¬мыстар да қолға алынады. Ол үшін донорлық база керек. Ол көп уақыт¬ты қажет етеді.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Автор:
Айдана НҰРМҰХАН