28 марта 2014, 08:26 | 2 893 просмотра
Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық оңалту орталығына Наурыз мерекесіне орай екі жаңа шағынавтобус сыйға тартылды.
Оңалту орталығының директоры Ләззат Әбдірахманова хабарлағандай, бұрын көліктің жеткіліксіз болуынан балаларды әртүрлі шараларға екі рейспен апаруға тура келген. Сонымен бірге, балалар көп уақытын меке¬ме қабырғасында өткізеді, енді олар әртүрлі экскурсияларға шыға алатын болды.
Облыстық оңалту орталығына алты жыл толды. Тәжірибелі педагогтар мен ата-аналардың арқасында 30-дан астам сал ауруына ұшыраған жеткіншектердің денсаулығы жақсарып келеді. Қазір олардың көпшілігі қоғамға ойдағыдай кірікті және өз шығармашылығымен туыстарын қуантуда.
Алматы облысы биыл алғашқылардың бірі болып 19-дан астам машинаны - мүгедектерге арналған таксилерді сатып алмақ.