Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ


28 марта 2014, 14:15 | 1 308 просмотров



2013 жылы Көксу ауданындағы «Жұлдыз» бөбек-жай балабақшасының әкімшілігінің сұрауы бойынша «Көксу ауданы бойынша МСЭҚБ» ММ-сі лабораториялық зерттеу жүргізді. Өйткені , біз өзіміз үшін балабақшадағы азық – түліктердің сапасын тексеріп қойғанды жөн көрдік. Біз үшін әр баланың денсаулығы маңызды. Біздің жазған өтінішімізді жедел қабылдап, желтоқсанның 5-жұлдызында райСЭБ қызметкерлері азық –түлікке лабораториялық зерттеу жүргізді. Азық – түлік сапасын тексеру мақсатында азық –түліктің мөлшерлі үлгілерін қалалық зертханаға жіберіп, оның оң нәтижесін алды.

Біздің балабақша ұжымы мен аудандық СЭБ қызметкерлері әрқашанда тығыз қарым – қатынаста. Аудандық СЭБ қызметкерлерінің қатысуымен балабақшада дөңгелек үстелдер, түсініктемелер және жиындар өткізіліп тұрады.

Осындай біздің өтінішімізді қанағаттандырып, уақытылы тексеру жүргізгеніне Көксу аудандық СЭБ бөлімінің бастығы М. Б. Ажиеваға және СЭСтің жетекші маманы – Э. Р.Касановаға сараптама орталығының лаборанты – Б. Н.Мухамедкалиеваға үлкен алғысымызды білдіреміз.

СЭБ қызметкерлеріне жұмыстарына табыс, алда атқаратын істеріне тек сәттілік тілейміз!

Автор:
Ізгі тілекпен Көксу ауданы Балпық би кентіндегі «Жұлдыз» бөбек – жай балабақшасының ұжымы