Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БҰДАН БЫЛАЙ МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ АС МӘЗІРІН АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ЖАСАЙДЫ


28 марта 2014, 08:13 | 1 067 просмотров


Мектептердегі асханаларды реформа күтіп тұр. Білім министрлігі 1-ші маусымнан бастап балаларды жаңа талап бойынша тамақтандырмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған дейін мектептердегі асханалар жеке адамдардың қолында болған. Тендерде жеңіске жеткен кәсіпкердің қазанын қалай қайнатса да өз еркі.

Салдарынан балалардың ас мәзірінен ет, көкөніс пен сүт өнімдері қысқарып қалған-ды. Оның үстіне құрал- жабдықтардың 70 пайызының тозығы жеткен.

Әбден былыққа батқан бұл саланы депутаттар та¬лай рет сынға алған болатын. Халық қалаулыларының қатаң ескертулерінен кейін нәтиже шығардық деген Білім министрлігі "жаңа оқу жылынан бастап аспаздар мен ас мәзірін ата-аналар және мектеп директоры таңдайтын бола¬ды.

Сондай-ақ, бағадан бұрын, тағамның сапасына ерекше көңіл бөлеміз",- деп сендіріп отыр.

Автор:
КТК арнасы