Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЙЫНА БІР РЕТ АШЫҒУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ


28 марта 2014, 08:12 | 1 002 просмотра


Америкалық дәрігерлер айына бір рет ашығудың өзі адам денсаулығына пайдалы деген тұжырымдамаға келді.

Олардың айтуынша, бір күн тамақ ішпей, ашыққан адамның жүрек-қан та¬мырлары ауруларына шалдығу қауіпі 40 пайызға азаяды екен.

Атап айтқанда, демікпесі бар адамдар үшін ашығу оларда жиі бо¬латын ұстаманың азаюына септігін тигізеді.

Мамандардың пайымынша, әсіресе ашыққан кезде ағзада бола¬тын "жеңіл" күйзеліс иммунитеттің жағдайына оң әсер етіп, қатерлі ісіктің пайда болуынан сақтайды.

Америкалық дәрігерлер адамдарға денсаулықты сақтау үшін бір тәулік ашықпаса да, таңғы ас пен кешкі асты ішпегеннің өзі жеткілікті деп отыр.

Ең бастысы, ашыққан кезде суды көп ішкен абзал. Себебі, ағзаға қажетті сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде болуы шарт, деп жазады Росбалт.

Автор:
ИА "Казинформ"