Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЕҢ АЛҒАШ ЖАСАНДЫ ЖҮРЕК САЛДЫРҒАН НАУҚАС ҮШ АЙДАН КЕЙІН КӨЗ ЖҰМДЫ


28 марта 2014, 08:10 | 1 317 просмотров


Әлемде ең бірінші болып жасанды жүрек салдырған науқас, Нормандияның 76 жасар тұрғыны Клод Дани қысқа тұйықталу салдарынан аппараттың тоқтап қалуынан көз жұмды.

Бұл туралы Росбалт биопротезді жүректің авторы – профессор Алан Кар¬пентьеге сілтеме жасап хабарлайды.

"Қысқа тұйықталу салдарынан ап¬парат тоқтап қалған, бұл дегеніңіз кәдімгі жүректің тоқтап қалуымен тең. Қазір электроникамен байланысты туындаған мәселені түсіну үшін жұмыс жасап жа¬тырмыз", – деп мәлім етті профессор.

Оның айтуынша, бұған дейін болжанғандай, науқастың дүниеден өтуіне оның жалпы денсаулық жағдайы әсер етпеген. Сонымен қатар ғалым ап¬паратты жасауда қолданылған алдыңғы қатарлы биоматериалдар да науқас өлімінің басты себебі болып табылмай¬тынын атап өтті.

Яғни, түйткіл аппараттың техникалық мінездемесінен туындауы мүмкін,- деп жазады "Азаттық радиосы".

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Францияда тұңғыш рет автоматты ре¬жимде жұмыс істейтін жасанды жүректі адамға орнату отасы жасалған болатын.

Жасанды жүректің бұл үлгісі адамға жүктелген физикалық ауыртпалықтың қарқыны өзгергенде жүрек жұмысын сырттан реттеуді қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді. EADS концернінің авиациялық-ғарыш мамандары жасап шығарған аппарат тірі жүрек тәрізді жұмыс істейді.

Оны адамға орнату операциясын Жорж Помпиду атындағы Париж госпиталінің бір топ ма¬мандары жүргізген болатын. Ота жасалмас бұрын науқан өлім аузында жатқан. Осы тарихи ота жасалғаннан кейін науқас бірнеше күннен кейін есін жиып, жасанды демалдыру аппаратынан ажыратылған көрінеді.

Автор:
BNews