Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ПАВЛОДАРДА БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОТА ЖАСАЛДЫ


28 марта 2014, 08:02 | 1 261 просмотр


Павлодарда жүрекке бірегей ота жасал¬ды -жаңа тораскопиялық технологияның көмегімен 5 жасар баланың жүрек қарыншасы қалқаншасындағы кемістік түзетілді

«Ота кеуде қуысы кесілмей-ақ жа¬салды. Оған осы технологияны небәрі бір жыл бұрын игерген новосібірлік кардио¬хирургтер көмектесті. Енді павлодарлық кардиохирургиялық орталықта жаңа әдіс ойдағыдай енгізілуде», -деп хабарлады теле¬арна мәселенің мән-жайын.

Ерте жастағы балалардың жүрегіне шағынинвазивтік технология отасын жасау алғаш рет АҚШ-та қолданылған болатын. Одан кейін бұл әдісті қытайлық кардиохи¬рургтар жалғастырды. Аспанасты елінде қазірдің өзінде мыңнан астам осындай от¬алар жасалған. Ал еуропалық клиникалар бар-жоғы бес ота жасаған. Бірақ та Мешалькин атындағы Новосібір ҒЗИ мамандары бұл инно¬вацияны одан әрі жетілдіре түсті.

Новосібір қаласындағвч Е.Н.Мешалькин атындағы ҒЗИ емханасының ерте жастағы балалар кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Александр Омельченконың ай¬туынша, «Бұл әдістің тиімділігі сонда, біз жа¬санды қан айналысынан құтыламыз. Ота жа¬сайтын жер аздап кесіледі. Сондықтан да онда жарақат та көп болмайды. Соның арқасында бала тез сауығады, отадан кейінгі ауырсынуы болмайды».

Новосібірдің жетекші кардиохирургі осын¬дай жүзден астам ота жасаған. Оның пікрінше, бұл әдіс неғұрлым сәтті және әлемде зор табыспен қолданылады. Ең бастысы, онда жарақаттану кезеңі өте аз. Инновацияның арқасында екінші тәуліктен кейін-ақ балалар ойынға қосыла алады.

Павлодар кардиохирургиялық орталығында осындай ондаған ота жасау жоспарланған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру арқасында озат технология кеңінен пайдаланылатын болады. Бұған орталықтың техникалық жарақтануы, сондай-ақ жетекші кардиохирург-термен байланыс орнатылуы мүмкіндік береді. Соңғы кездері орталықта көптеген шеберлік сабақтары өтті.

Павлодар қаласындағы кардиохирургиялық орталық директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Әділ Дүржановтың атап өткеніндей, «Бұл әдіс барлық халықаралық стандарттарға сай келеді».

Павлодар облысында жыл сайын үш мыңға жуық бала осындай отаға мұқтаж. Олардың ата-аналары отаға бөлінетін мемлекеттік квоталардың арқасында балалар бұл сырқаттан жазылатынына үмітті.

Автор:
24.kz телеарнасы.