Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЭПИДЕМИОЛОГТАР РЕСЕЙЛІК СҮТ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ІШЕК ТАЯҚШАЛАРЫН РАСТАДЫ


19 марта 2014, 08:55 | 1 381 просмотр



Ресейлік сүт өнімдері құрамында денсаулыққа қауіпті ми¬кроорганизмдер барын астаналық эпидемио¬логтар да растады.

Күні кеше "Әділет" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі теріскейден жеткен сүт-ірімшіктің жарамсыздығын айтып, дабыл қаққан. Күдік тудырған өнімдерді екі қайтара зерттеген ма¬мандар қауіпті құрамды анықтады.

Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті жетекшісінің міндетін ақтарушы Сарқыт Бейсенова: "Екі түрлі сгущенный сүт. Оның ішінде "Сибирь великая" деген және "Главпродукт"-тің екі сынамасы және "Домик в деревне" деген ірімшіктің сәйкес келмегені анықталды. Қауіпті бактериядан адамға тамақтан улану болуы мүмкін. Аталған сүт-ірімшік құрамында зең бактериялары шамадан тыс, яғни ашытқысы мөлшерден артық", - деді.

Бүгінде бұл өнімдер Астанадағы 252 сауда орынына тарап үлгеріпті. Департамент екі күн бұрын ірі тасымалдаушы компанияларға тауарды дүкен сөрелерінен кері қайтаруды талап етті.

Содан соң, оның көзі жойылуы тиіс. Ал өнімнің нақты қанша көлемде таралғаны белгісіз. Им¬порттаушы үш компания да қазақстандық. Әзірге олардың тарапынан жауап жоқ.

Автор:
news.nur.kz