Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АҚШ-ТА СҰЛУЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАРЫНАН КЕЙІН ҮШ ӘЙЕЛ ЖАНАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ


19 марта 2014, 08:54 | 1 194 просмотра



Американың офтальмолог- дәрігерлерінің мәліметінше, көздің айналасына, маңдайға егілетін косметикалық жа¬сартатын екпе көз торының ишемиялық ісінуіне және көздің көрмей қалуына әкелуі мүмкін.

Олар жасартатын екпе¬ден соң орын алған қайғылы үш жағдай туралы JAMA Ophthalmology журналына жариялады. Беттегі әжімдері кетіріп, теріні тегістейтін май, коллаген, гиалурондық қышқыл және басқа да гель тәрізді жа¬сартатын екпе соңғы жылдары сұранысқа ие косметикалық процедуралардың бірі болып табылады.

Бұл көбінесе еккен тұстардың көгеріп немесе ісіп кетуіне әкеліп соғады. АҚШ-тың Өнімдер және дәрі-дәрмек басқармасы аталмыш екпені ерінің айналасындағы беттің ортаңғы бөліктеріне ғана пайдаланған дұрыс деп санайды. Себебі, қазір сұлулық салондарында жасалатын екпелер дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылмайды.

Соның салдарынан көптеген қиындықтар туындап отыр.

Атап айтқанда, офтальмолог Мишель Карл пен Retina Vitreous Associates Medical Group орталығындағы оның әріптестері Лос-Анджелесте екпеден соң үш адамның көру қабілеті нашар¬лап қалғанын айтып отыр.

Пациенттердің бәрі 40 жас шамасындағы әйелдер маңдайындағы әжімді кетіру үшін бұқа коллагені мен артефилл биогелі екпесін жасатқан. Процедурадан кейін бірінің оң жақ көзі, қалған екеуінің екі көзі көрмей қалған.

"Осындай процедураларды жасамас бұрын, кеңес берген кезде пациенттерге теріасты екпелерінің кері әсерінің ішіне көздің көру қабілетін жоғалту тәуекелін ескертіп, алдын ала хабар¬дар ету керек", - дейді офтальмтлог Мишель Карл.

Автор:
ИА "Казинформ"