Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Энергетикалық сусынға тыйым


11 февраля 2010, 21:54 | 1 599 просмотров



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев ағымдағы жылдың 3 ақпанында палатаның пленарлық отырысында айтқан сауалына жауап ретінде, сондай-ақ энергетикалық (алкогольсіз, аз алкогольді және алкогольді) сусындар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 12 қаулысымен мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 7 бұйрығымен энергетикалық сусындарға тыйым салу бойынша осы норма (38-тармақтың 2-тармақшасы) «Жалпы білім беру және интернат ұйымдарының құрылғысына, күтіп-ұстауына және оқыту жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі мен нормаларына енгізілді.

Қазіргі кезде халықаралық тәжірибені зерделеу мақсатында энергетикалық сусындардың адам денсаулығына әсері туралы соңғы ғылыми зерттеулердің деректерін ұсыну жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (Рим, Италия) Алиментариус Кодексінің Комиссиясы Хатшылығына сұрау жолданды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақ тағамтану академиясымен және Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциямен бірлесіп, аталған сусындардың құрамын зерделеуді бастады.

Республика аумағында энергетикалық сусындарды отандық өндірушілердің және экспорттаушылардың тізімі, сондай-ақ босатылатын сусындардың ассортименттері анықталуда.

Энергетикалық сусындардың қауіпсіздік талаптарға сәйкестігіне іріктеп санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізілуде.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі