Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Етті көп мөлшерде жеу темекі шеккенмен бірдей зиянды


15 марта 2014, 07:39 | 1 307 просмотров



Оңтүстік Калифор¬ния университетінің ғалымдары етті көп мөлшерде жеу адам ағзасына шылым тартқанмен бірдей зи¬янды деген мәлімдеме жасады. Олар бұл тұжырымдамасын Cell Metabolism журналында жарияланған, деп хабар¬лайды Day.Az.

Ғалымдардың пай¬ымынша, жануарлар ақуыздарын пайдалану адам ағзасында IGF- 1 гормонының өсуіне әкеліп соғады. Балалар үшін бұл гормонның көп болуы маңызды. Ал ере¬сек адамдарға оның мөлшерден тыс болуы обыр мен түрлі жаспен келетін ауруларды тудыруы әбден мүмкін. Атап айтқанда, жасы 50-ден асқан 6 мың адамға жүргізген зерттеу кезінде ғалымдар жануарлар ақуызын көп пайдаланған адамдардың етті аз жейтін адамдарға қарағанда обырға шалдығу мүмкіндігі 4 есеге көп екенін дәлелдеген. Ал IGF-1 гормонының аз мөлшері жасушаны ДНҚ-ның зақымдануынан сақтайды.

Бұған қоса, ғалымдар өсімдік ақуызын көп пайдаланудың түбі жақсылыққа әкелмейді деп отыр. Мәселен, 64 жастан бастап адам ағзасындағы IGF-1 гормоны азайып, нәтижесінде салмақ азаюы мен сүйектің морттығы артады. Сондықтан, мұндай адамдарға ақуызды пайдалануға тыйым салынады.

Автор:
www.kazinform.kz