Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қан қысымын қалай төмендетуге болады?


15 марта 2014, 07:39 | 1 103 просмотра



Вегетариандық емдәм қан қысымының төмендеуіне әсер етеді, дейді жапондық ғалымдар.

Клиникалық зерттеулер кезінде вегетариандық диета ұстағандардың қан қысымы етпен балық жегендермен салыстырғанда, 5 мм.рт.ст төмен болған.

Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, бұл олардың 5 келіге арықтағанымен бірдей, деп хабарлады Kedem порталы. Артериалды қан қысымының төмендеуі жүректің ишемиялық ауру мен инсульттан болатын өлім-жітімді азайтуға әкеледі.

Алайда тамақтану рационынан бір ғана етті алып тастау жеткіліксіз - көптеген азықтың құрамында майлар, тұздар сонымен бірге қант та вегетариандық болуы мүмкін.

Қан қысымы қалыпты болуы үшін көп жеміс-жидек пен көкөністерді тұтыну керек. Алкоголь ішімдіктерін пайдалануды қысқартып, салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс, деп жазады Рос¬балт.

Автор:
kazinform.kz