Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дәрігерлер тұрғындарға ерікті донор болу жөнінде үндеу жасады


15 марта 2014, 07:38 | 924 просмотра



Бүгін Қазақстан Респу¬бликасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Қазақстан Республикасында қан донорлығы мен мүшелер транспланттауының өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Онда дәрігерлер тұрғындарға ерікті до¬нор болу жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында ағзалар мен тіндер трансплантациясын дамыту үшін мәйіт донорлығы проблемаларын шешу керектігі айтылды.

«Қазіргі таңда азаматтардың қайтыс болғаннан кейін донор болу туралы тірі кезінде ерікті таңдау жасауын іске асыру тетіктері жоқ; діни сенімдеріне байланыста¬ры туыстары бас тартып жатады, ағзаларын алғаннан кейін мәйіттің зақымдануынан қорқады, туған-туыстары ағзасын алуға қатысты ортақ пікірге келе алмай жатады және т.б.», - деп көрсетілген хабарламада.

Пациенттердің, транплантация қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың құқықтарын қорғау, халықаралық деңгейге шығып, саланы жетілдіру, ең бастысы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр.

Автор:
Lite.BNews.kz