Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тың тәсіл - жалақыны көтермек


15 марта 2014, 07:37 | 1 018 просмотров



Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы коммуналдық қызметтер шығынын азайту арқылы дәрігерлердің жалақысын арттыруда,-дейді Петро¬павл қаласындағы облыстық емхананың бас дәрігері Юрий Белоног.

-Ауруханаға жатқызу мен медициналық көмекті аймақтандыру белгілерін нақты анықтау тәуліктік стационарлардың жүктемесін азайтуға септігін тигізді. 2012 жылы біз 12 мың, ал 2013 жылы 9800 науқасты емдедік. Яғни, ауруханаға жатқызылғандардың санын 18 пайызға азайттық. Мұнымен қоса, біз күндізгі стаци¬онарларда емделгендердің санын 8 есе арттырдық. Бұл өз алдына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылатып, тікелей шығындарды азайтуға мүмкіндік берді», - дейді облыстың бас дәрігері.

Оның атап өтуінше, «Ақша емделушімен бірге келеді» деген қағидаға сәйкес, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас өзге аудандардың науқастары қалалық ауруханаға келіп ем алу¬да. Мәселен, 2013 жылы мұндай емделушілер саны 200-ден асқан. Сонымен қатар медициналық мекеме үнемдеу шаралары негізінде коммуналдық қызметтердің тікелей шығындарын азайтқан.

-Нәтижесінде жалақының айтарлықтай жоғарылауына, нақтырақ айтсақ, дәрігерлердікін орта есеппен 18, ал медбикелердікін 21 пайызға жоғарылатуға қол жеткіздік,- дейді Юрий Белоног.