Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

1 млрд. теңге қаржысы үнемделді


15 марта 2014, 07:37 | 858 просмотров



Ми қыртысындағы аневризмді ем¬деу нәтижесінде мемлекет 1 млрд. теңге қаржысын үнемделді деген ақпарат берді Республикалық ғылыми нейрохи¬рургия орталығының директоры Серік Ақшолақов.

Оның атап өтуінше, бұрындары азаматтар заманауи медициналық технологиялардың қолданылуымен нейрохирургия бойынша медициналық көмек алу үшін шет елге баруға мәжбүр болды, Олардың басым бөлігінің емделуіне мемлекет қаржы бөліп келді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «шетел¬де емделу» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен қазақстандықтарды ми қыртысындағы аневризмді емдеу үшін шетелдік клиникаларға жіберетін.

-Мұндағы баға 6-8 млн. теңгені құрайды. Аневризмді эндоваскуляторлық емдеуді енгізу нәтижесінде осы жылдар бойы 800-ден аса пациент емделіп шықты. Бұл көптеген азаматтарды ажалдан құтқаруға және мемлекетке 1 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді С.Ақшолақов.