Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Гипофиз ісігінен емделу ұзақтығы 2 есеге қысқарды


15 марта 2014, 07:36 | 1 106 просмотров


Қазақстанда гипофиз ісігінен стационарлық емделу ұзақтығы 2 есеге қысқарды, - дейді Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығының директоры Серік Ақшолақов.

-Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында жаңа медициналық технология¬ларды енгізу үшін түрткі мен жаңаша мүмкіндіктер пайда болды. Ол ынталандырушы ко¬эффиценттер алу үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек үлесін көбейту, сондай-ақ стационарға келу уақытын азайтуға мүмкіндік беретін емделудің қауіпсіз, заманауи әдістерін енгізу нәтижесінде көрсетілетін медициналық көмек сапасының жақсартуы қажеттілігінен туындап отыр», - деді ол.

Мәселен, С.Ақшолақовтың атап өтуінше, гипофиз ісігін трансназальді трассфеноидальді мүмкіндік арқылы жою жолға қойылды. Жаңа әдіс операцияға қатысудың аз инвазивтілігі нәтижесінде емделушінің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Асқынудың қауіп-қатері азай¬ды, нәтижесінде стационарлық емделу ұзақтығы екі есеге қысқарды»,- деді орталық директоры.