Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұйқысы шала адам алкогольдік ішімдік ішкенмен бірдей


15 марта 2014, 07:35 | 894 просмотра


Әр ұйқысыз өткен бес сағат мидың жұмыс істеуі тұрғысынан бір алкогольді ішімдік ішу әсеріне тең екен. Яғни, егер адам 20 сағат ұйықтамаса, мөлшерден тыс ішімдік ішкен адам сияқты толыққанды жұмыс істей алмайды, дейді ғалымдар. Ағзаға ұйқының жетіспеуінен кортизол күйзеліс гормонының шоғырлануы арта түседі екен. Дене температурасы біршама төмендеп, иммунитеті әлсірей түседі. Мидың да мұндай сәтте, мас күйдегідей қызметі нашарлайды. Көру-моторлық үйлесімділікке тапсырманы орындау тұрғысынан әр ұйықтамаған сағат 0,004 пайызға тең қанда қосымша спирттің шоғырлануымен сәйкес келеді. Яғни, 5 сағаттан кем ұйықтаған адамның үйлесімділігі бұзылады екен, деп хабарлады Мeddaily.ru.

Әсіресе бұл жастарда жиі кездеседі, өйткені олар ұйқысыздықты ауыр қабылдайды. Және мұндай жағдайға ұшыраған адамдар саны тұрақты түрде артуда. Бұдан бұрын ғалымдар кейбір адамдарда ұйқысыздық дамып келе жатқанын байқаған. Сөйтсе, олардың миының қалыпты адамның миынан айтарлықтай ерекшелігі бар екен. Ұйқысыздыққа ұшыраған адамның миы күндіз неғұрлым белсенді болады екен. Сондықтан түнде ұйықтап кету қиынға түседі. Мұны 50 жас және одан жоғары жастағы 28 адамды тексеру нәтижесі дәлелдеді. 18-ге жуық адамда ұйқысыздық дендегеніне бір жылға жуық болған, ал 10 адам қатты ұйықтайтындарын айтқан.