Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КҮЙДІРГІ (СИБИРСКАЯ ЯЗВА).


15 марта 2014, 07:28 | 2 544 просмотра



Күйдіргі - адамдар мен малдар арасын¬да кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Күйдіргімен көбінесе ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, ат, есек, марал, жабайы аңдар ауыра¬ды. Топырақ ошақтарында күйдіргі таратушы микробтар жүз жыл бойы сақталып қалады. Күйдіргі адамға тек қана ауру сиыр, қой т.б. үй жануарларының еті, қаны, ішек-қарыны, жүні мен терісі арқылы, ал жабайы андардан терісін сыпыру арқылы, ауру жануардың етін пайдалану арқылы жұғады.

Талдықорған қаласына көршілес аудан¬дарда жыл сайын күйдіргі ауруы тіркелуде, соның ішінде 2010 жылы Еңбекші қазақ ау¬данында 5 жағдай, 2011 жылы Кербұлақ ау¬даны Қоянды ауылында 3 жағдай 22.10.2012 жылы Кербұлақ ауданы, Жайнақ ауылдық округы, Жаңалық ауылында 3 жағдайға дейін тіркелген.

Күйдіргімен ауырған адамда алғашқы белгілері ауру жұққаннан кейін 2-8 күн ішінде біліне бастайды. Күйдіргінің адамда кездесетін түрлері тері түйнемесі, өкпе түйнемесі, жалпы ішкі ағза түйнемесі болып бөлінеді. Бұның қай түрінде болмасын қан уланады (сепсис).

Тері күйдіргісі адамның беті, қолы, мой¬нына шиқан тәрізденіп бұлтиып, көгеріп шығады. Кейін әлгі бұлшық еттің қақ ортасы күйгендегідей үлбіреп көгереді, оның ішіне қанды ірін жиналады, жара қышығасын кейбір адамдар үлбіреген жараны қасып жібереді де, жара бетін қара қабық басады. Содан кейін жараның айналасы домбығып қызарады, орта¬сы көмірдей қарайып кетеді. Жараның төңірегі үлбіреп ісінгенімен ортасындағы қара көбік басса да ауырмай¬ды. Ауырған адамның 2-3 күннен кейін дене қызуы 39-40 градусқа дейін жетуі мүмкін.

К ү й д і р г і н і ң қауіптілігі шыққан ор¬нына байланысты, ішкі ағзаға шыққан өкпе күйдіргісі ауыр өтеді. Өкпе күйдіргісінде дене мұздап қалшылдайды, демігіп, деңесі тітіркеніп тартады, жөтеліп қан аралас қақырық түседі. Ал ішек-қарын күйдіргісіне келетін болсақ бірден біліне қоймай адам құсады, іші өтіп нәтижесінде қан араласады, бұл бірақ аурудың асқынған түрі. Ауруды емдегеннен, алдын-алу онай демекші, қай ауру болса да алдын-алу шараларын білсе, әрбір адам өзінен ауруды аластатар еді. Оның негізгі шаралары :

- Үй жанурлары ауырса, үйде емдеуші болмаңыздар, дереу ветеринарлық маманға көрсетініздер.

-Күйдіргі ауруымен ауыратын немесе сезік тудыратын адамдарды дереу ауруханаға жатқызу керек.

-Ет, сүт тағамдарын базардағы арнайлы белгіленген сауда орындарынан сатып алу керек, сатушыдан ветеринарлық анықтама қағазын талап ету керек.

-Күйдіргімен күресудің бір тиімді жолы адамдар мен малдар арасында алдын ала егуді жүргізу. Сондықтан медицина және ве¬теринария қызметкерлерімен алдын ала егу жұмыстарына кедергі болмай малдардың бар санын айту керек.

-Ауру адам пайдаланған таңғыш заттарды отқа жағып жіберу керек.

-Ауру адам пайдаланған ыдыс-аяқты, киім-кешегін, төсек-орын жабдықтарын залалсыздаңдырғыш заттарды қосып суға са¬лып қойып, кейін бір сағат уақытында қайнату керек.

Әрбір адамның есте сақтар қағидасы өзіңіздің және қоршаған адамдардың деңсаулығы өз қолдарынызда.

Автор:
Е. ӘСЕМҚҰЛОВ, Талдықорған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының м.а.