Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ


9 марта 2014, 10:17 | 1 642 просмотра


Денсаулық сақтау министрлігінде «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру барысы» туралы республикалық жиын өткізілді. Жиында еліміздің денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер талқыланды.

Жолдауда Мемлекет басшысы берген тапсырмалар са¬лада іске асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып табылады. Онда қазақстандықтардың денсаулығын нығайту денсаулық сақтау мәселелерінде бүкіл қоғамның әрекетін үйлестіру және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау саласын қалыптастыру сияқты бағдарламалық мақсаттар жарияланған болатын. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050: Бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» атты Жолдау¬ын талқылауға арналған жиында ведомства басшысы, еліміздің білікті дәрігер мамандары отандық медицинадағы негізгі мәселелерге тоқталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жалақы төлеу және бақылау комитетіне өңірлік медициналық мекемелердің сапалы қызмет көрсетулеріне бақылауды күшейту тапсырыл¬ды. «Бүгінгі таңдағы министрліктің міндеті - медициналық көмекті басқарудың және қаржыландырудың тұрақты, нақты, түсінікті және ашық жүйесін қалыптастыру. Ол Мемле¬кет басшысының «Қазақстан -2050» стратеги¬ясында айқындалған мақсаттарға жетуге негіз болуы тиіс. Жүйе халықтың талабына жауап беруі керек», - деді Салидат Қайырбекова.

Оның атап өтуінше, өңірлердегі денсаулық сақтау мекемелері министрлік әзірлеген стан¬дарттар, хаттамалар және алгоритмдер ая¬сында сапалы медициналық қызмет көрсетуге міндетті.

«Мен министрліктің Жалақы төлеу және бақылау комитетіне өз жүйелері арқылы мониторингті, оның ішінде сенім телефондары арқылы бақылауды күшейтуді тапсырдым. Барлық негізгі арыз-шағымдар медициналық ұйымдардың рейтингісіне әсер етіп, экономикалық зардаптарға әкеп соқтырады», - деді министр.

Сондай-ақ, министр ана мен бала өлімі көрсеткіші мәселесіне де тоқталды. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі маңызды көрсеткіштерінің бірі бала шетінеуін төмендету болып саналатындығын баса айтқан министр: «2008 жылдан бергі көрсеткіштердің төмендеу қарқынын ескерер болсақ, онда біз 2018 жылға қарай Еуроодақ көрсеткіштеріне қол жеткізетін боламыз әрі біздің көрсеткіш мың туылған балаға 3,5-ті құрайды», - деді.

Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, 2007 жылы республикада дүние есігін ашқан мың сәбидің 14,7-сі шетінейтін.«Бұл ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш болатын», - деген министр өткен жылы бала өлім-жітімінің көрсеткіші 11,3-ті құрап, біршама төмендегенін жеткізді. 2007 жылдан бері Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге қысқарды.

«Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы» демекші. Ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. Министр сөзіне сүйенсек, Қазақстанда лейкоз ауруы¬на шалдыққан балалардың 76 пайызы емделіп шығады. «Біз емдеуде, әсіресе, онкологияда халықаралық хаттамаға көштік. Бұл біздерге лейкозға шалдыққан балалардың өмір сүруін 76 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жілік майын трансплантациялау технологиясын және кардиохирургиялық бейінді айтпағанның өзінде тағы да басқа салаларын игердік»,- деді министр.

Жүрек қан-тамырлар аурулары бүкіл әлем бойынша үлкен проблемалардың бірі. «Кар¬диохирургия мен кардиологияны дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданған 2007 жылы елімізде қан айналымы жүйесі ау¬руынан 81 мың 793 адам, ал өткен жылы 36 мың 381 адам қаза тапты», - деді ми¬нистр. Сала басшысының айтуынша, жүрек қан-тамырлары жүйесі дертін ерте кезеңнен анықтау және оларды емдеу бағытындағы шаралар бұл ауруға шалдыққандардың жал¬пы санының өсуіне қарамастан өлім-жітімнің біршама азаюына мүмкіндік берді. Бұған қоса халық арасында өлім-жітімнің жалпы деңгейі төмендеп, өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа дейін артты. Бұл 2050 жылға қарай Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы Елбасы тапсырмасы¬на сай 84 жасқа жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге С.Қайырбекова Денсаулық сақтау министрігі Елбасының ведомство ал¬дына жүктеген барлық міндеттерін шешу үшін қажетті шараларды қабылдайтындығын баса айтты.

ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол¬дауын талқылауға арналған жиында ауыл медицинасына да назар аударылды. БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нәдия Ахметова ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі ар¬тып, профилактикалық шаралар кеңейтілуде екенін айтты. Оның атап өтуінше, елімізде медициналық көмекті қаржыландыру және ұйымдастырудың жаңа қағидаларының енгізілуіне байланысты алғашқы көмек ұйымдарын қаржыландыру көлемі ар¬тып, жұмыс істемей тұрған төсек-орындар қысқартылды.

«Ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі артып, профилактикалық шаралар кеңейтілуде. Дәрігерлердің жалақысы 7,5, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 12 пайызға артты», - деді ол.

Н.Ахметованың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда ауыл халқы жоғары технологияларды пайдалануға еркін қол жеткізіп отыр.

Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде де Қазақстанның медициналық мекемелері тең бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуі бойынша мақсаттар қойылған. Елба¬сы Жолдауын талқылау барысында «ХАК» медициналық орталығының директоры Павел Педан:«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жекеменшік ұйымдарда халыққа тегін қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалды және мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді. 4 жыл бойы біз осы жағдайларда жұмыс істеп келеміз», деп айтты.

Оның атап өтуінше, 4 жыл бойы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп келе жатқан медициналық орталық науқастардан да, бақылаушы өкілетті орган¬дардан да еш ескерту алмаған.

«Меншік түріне қарамастан барлық клиникалар тең, бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуде. Мемлекеттік-жекеменшік жүйесі жеке клиникаларға мемлекеттен тұрақты табыс алуға, ал мемлекетке денсаулық сақтау саласын кеңейтуге мүмкіндік береді»,- деді ол.

Отандық медицинада мамандардың біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды пайдалану жаңа мүмкіндіктер ашты. Бұған еліміздің бас нейрохирургінің мәлімдемесі дәлел болды. Республикалық ғылыми ней¬рохирургия орталығының директоры Серік Ақшолақов жиында Қазақстанда гипофиз ісігінен стационарлық емделу ұзақтығы 2 есе¬ге қысқарғаны туралы мәлім етті. «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында жаңа медициналық технологияларды енгізу үшін түрткі мен жаңаша мүмкіндіктер пайда болды. Ол ынталандырушы коэффиценттер алу үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек үлесін көбейту, сондай-ақ стационарға келу уақытын азайтуға мүмкіндік беретін емделудің қауіпсіз, заманауи әдістерін енгізу нәтижесінде көрсетілетін медициналық көмек сапасының жақсартуы қажеттілігінен туындап отыр», - деді ол.

Мәселен, С.Ақшолақовтың атап өтуінше, гипофиз ісігін трансназальді трассфеноидальді мүмкіндік арқылы жою жолға қойылды. Жаңа әдіс операцияға қатысудың аз инвазивтілігі нәтижесінде емделушінің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Асқынудың қауіп-қатері азайды, нәтижесінде стационарлық емде¬лу ұзақтығы екі есеге қысқарды»,- деді орталық директоры.

Сондай-ақ нейрохирург ми қыртысындағы аневризмді емдеу нәтижесінде мемлекет 1 млрд. теңге қаржысын үнемдегеніне тоқталды. Оның атап өтуінше, бұрындары азаматтар заманауи медициналық технологиялардың қолданылуымен нейрохирургия бойын¬ша медициналық көмек алу үшін шет елге баруға мәжбүр болды, Олардың басым бөлігінің емделуіне мемлекет қаржы бөліп келді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «шетел¬де емделу» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен қазақстандықтарды ми қыртысындағы аневризмді емдеу үшін шетелдік клиникаларға жіберетін.

«Мұндағы баға 6-8 млн. теңгені құрайды. Аневризмді эндоваскуляторлық емдеуді енгізу нәтижесінде осы жыл¬дар бойы 800-ден аса пациент емделіп шықты. Бұл көптеген азаматтарды ажалдан құтқаруға және мемлекетке 1 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді», - деді С.Ақшолақов.

Автор:
Дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА