Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құрметті Аналар, Арулар!


9 марта 2014, 10:17 | 1 983 просмотра


Сіздерді 8 наурыз - әйелдер Халықаралық күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ананың қоғамдағы рөлі, әйелдер денсаулығын қорғау саласы мемлекеттің басым бағытты саясатына айналып отырғаны белгілі.

Еліміздің денсаулық сақтау саласын¬да қызметкерлердің басым бөлігін нәзік жандыларымыз құрайды. Қазіргі таңда елімізде дәрігерлердің - 72 пайызы, ал орта медициналық қызметкерлердің 94 пайы¬зы - нәзік жанды аруларымыз. Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз мейрамында денсаулық саласында еңбек етіп жатқан ақ халатты нәзік жандыла¬рымызды шын жүректен құттықтаймын!

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ой¬лайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алау¬ын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Автор:
Құрметпен: Маралбек Білісбекұлы МЕЙІРБЕКОВ, Алматы облысы денсаулық сақтау департаментінің басшысы.