Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАС ҰСТАЗ ЖЕТІСУДА


9 марта 2014, 16:16 | 1 224 просмотра


Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Мемле¬кет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы облы¬сына жұмыс сапарымен келді. Министр сапар барысында бірқатар білім ордаларын ара¬лап, Алматы облысы әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай- ақ, ведомство басшысының қатысуымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде студенттер және оқытушылармен кездесу өтті. Кездесуде сала басшысы ұстаздар мен студенттер сауал¬дарына жауап берді, министрлік алдына қойылған мақсаттар және жоспарымен бөлісті.

Білім және ғылым министрі сапар ба¬рысында Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы А.Батталовпен бірге «Білім және жастар саясаты саласында нысанды көрсеткіштер мен нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы» меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастық туралы меморандумға отыру бастамасын министрлік білім және ғылым, жастар саясатын дамтудың өзекті бағыттарын жүзеге асыру мақсатында қолға алып отыр. Аталған құжатта халықты сапа¬лы біліммен қамтамасыз етудегі министрлік пен әкімдіктердің жауапкершіліктері анықталып, негізгі бағыттар айқындалған.

Ведомство басшысы сапар аясын¬да облыс орталығының бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, өңір білім беру саласына өзіндік бағасын берді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне келіп, министр оқу орнының материалдық-техникалық база¬сымен танысты, студенттер және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу өткізді. Аслан Бәкенұлы жиналған қауыммен Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды айтып өтіп, білім және ғылым жүйесінің са¬пасын арттыруда айқындалған мәселелерді талқылады.Универ¬ситет ұстаздары мен студенттері алдында министр алдағы уақытта білім және жастар са¬ясаты саласында нысанды нәтижелерге қол жеткізу тура¬лы сөз қозғады. Университеттің беделді профессоры өңірдегі білім сапасына тоқталып, оқу орынының озат студенті жа¬стар саясаты аясында минис¬трге өз ойларын білдірді. Со¬нымен қатар, Аслан Сәрінжіпов жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді. Негізінен халықты Ұлттық біріңғай тестілеу, балабақша тапшылығы және апатты жағдайдағы мектептер мәселелері қызықтырды. Қойылған сауалдардың барлығына жауап берген министр алдағы уақытта білім және ғылым саласында атқарылатын жоспарларымен де бөлісті.

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА