Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

8-НАУРЫЗ –ӘЙЕЛДЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ!


9 марта 2014, 16:14 | 890 просмотров


Жылдың ең көрікті де қуанышты

мезгілі көктемнің алғашқы

мерекесі – сегізінші наурыз! Бұл

- әсемдік, нәзіктік, мейірім күні.

Бұл күнді әлемнің әр түпкірінде

тойлап өтеді. Тіпті кейбір елдерде

әйелдер халықаралық күні ұлттық

мерекеге айналған. Бұл күні жер

бетінің әйелдері ұлтына, тіліне,

дініне қарамастан бірігіп, өздерінің

қаншалықты құрмет пен сыйға лайық

екендіктерін іс жүзінде мойындата-

ды. Түрлі экономикалық, әлеуметтік

жағдайларда өмір сүріп жатқан

нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің

білімімен, мәдениетімен, мықты күш-

жігерлерімен әлемді мойындатып

отырғандықтары ақиқат. Дегенмен-

де, әйел заты әрдайым бұл өмірдегі

нәзік жанды болып қала береді. Аяулы

ана, асыл жар, қылықты қарындас,

періштедей перзент, ардақты әже.

Барлығы нәзік жанды арулар!

МЕДИЦИНАДАҒЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАР?

Қазір де, бұрын да дәрігердің қоғамдағы орны ерекше бол¬ды. Дәрігер адам ең білімді, ең ақылды, даныш¬пан саналады. Бұрын да, қазір де кім не десе де құрметке лайық мамандық «дәрігер». Қазір жүрегінің қалауымен дәрігер болғысы келген жандардың барлығы дәрігер бола алады. Ал осыдан бірнеше ғасырлар бұрын әйел затына хат тану былай тұрсын, дәрігер болу орындалмас арман еді.

Әйел заты бұрынғы ықлым за¬маннан бері медицинамен айналысқан. Ал жүйелі турде медициналық жоғары білімді алуды тек XI –XII ғасырларда Са¬лерно университетінде бастады. Келесі жүз жылдықта дәрігерлік өнерді нәзік жандыларға Неаполитан және Болан университеттерінде үйрете бастайды. Со¬нымен қатар, Болон университетінде осы уақытта әйел профессорлар да пайда бол¬ды. Мысалы, Доротея Букка XV ғасырда Бо¬лан университетінде медицина факультетін басқарды. Ал XVIII ғасырда дәл осы универ¬ситетте Лаура Басси, Анна Мензолина және т.б дәріс оқып, профессор болды. Сонда да әйел дәрігерлер өте аз болатын. Тек 1848 жылы Америкада «әйелдерге медициналық білім беру» қоғамдық ұйымы құрылып, осы ұйымның күшімен Бостонда әйелдерге арналған медициналық мектеп ашылады. Бірақ, мамандандырылған бұл мектептің күйі 1874 жылға дейін өте нашар болады. Кейін Бостон университетіне қосылып, жағдайы біршама жақсара бастайды. 1850 жылы Анна Престон есімді әйелдің арқасында қаражат жиналып Филадельфилік әйелдерге арналған колледж ашылады. Осыдан кейін Америкада әйелдерге арнайы медициналық білім беретін бірнеше оқу орны болғанымен, көпшілігінің ғылыми тұрғыдан жабдықталуы нашар бол¬ды. Ал 1890 жылдары Швецария мен Фран¬ция университеттеріне әйелдерге білім алуға рұқсат беріледі. XIX ғасырдың екінші жарты¬сында әйел дәрігерлер Германия және Австри¬ядан басқа барлық батыс мемлекеттерінде көптеп пайда бола бастады. Ең көп нәзік жан¬ды дәрігерлер саны Америка және Ресейде болды. 1893 жылғы құжаттар бойынша Ресей¬де ресми түрде 546 әйел дәрігер тіркелген.

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ЕҢ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ ДӘРІГЕР КІМ?

«Гүл өссе -жердің көркі, қыз өссе -елдің көркі» демекші қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне ертеден ерекше көңіл аударған. Азия елдерінің ішінде қазақтай қыздарын ер¬келеткен халық жоқ шығыр. Ал қазақта әйел дәрігер қашан пайда болды?

Қазан төңкерісіне дейін қазақтан шыққан 30 дәрігер болды. 1900 жылы 25000 халқы бар Верный қаласында 15 орынға арналған бір ғана аурухана болды. 1913 жылы бүкіл Қазақстан бойынша бар жоғы 244 дәрігер , 393 – орта медициналық жұмысшы бол¬ды. Қазақ жерінде алғашқы болып Орал қалсында 1919 жылы медициналық орта мек¬теп ашылды. Кейін 1927 жылы осындай мектеп Қызылорда қаласында ашылады. 1930 жылы Қазақстанда 6 медициналық техникум жұмыс жасады. Ал 1931 жылы Қазақстанда алғашқы медициналық жоғарғы оқу орны ашылады. Бұл әрине, Алматы қаласындағы қазіргі С. Ас¬фендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медици¬на университеті. Сонымен қатар, 1950 жылы медициналық университет Қарағандыда, 1953 жылы Семейде, 1957 жылы Ақтөбеде, 1964 жылы Ақмолада, 1979 жылы Шымкентте ашылады. Сонда қазақ қыздарының арасынан алғашқы дәрігер кім және қашан болды? Қазақ жерінде медициналық жоғарғы білім беретін оқу орны тек 30-жылдары пайда болғанымен, алғашқы қазақ дәрігерлері одан ерте пайда болды.

Қазақтан шыққан алғашқы әйел дәрігер « Аққағаз Досжанова. 1914 жылы Аққағаз До¬сжанова Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіреді. 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетін тәмәмдайды. Аққағаз Досжанованың осы білім ордасын бітірген күнін барлық қазақ зиялы¬лары жиналып, тіпті ерекше тойлап өткізіпті. Себебі, ол тек қазақ емес, жалпы кеңестік шығыс елдерінен шыққан жоғары дәрежелі білім алған алғашқы әйел болды. Алашорда қозғалысының мүшесі.

Сонымен қатар қазақстандағы алғашқы әйел дәрігерлер : Санкт-Петербург әйелдер институтын бітірген Гүлсім Аспанди¬ярова, Саратовтағы тіс дәрігерлік мектебін 1917 жылы бітіріп, д е н с а у л ы қ саласының даму¬ына біршама үлес қосқан Мүбина Ниязова да бар. 1935 жылы Орта Азия медициналық у н и в е р с и т е т і н бітіріп, қазақтан шыққан тұңғыш әйел терапевт ғылым док¬торы болған Сәтбаева Райхан Әбікейқызы. Ал дәрігер-гинеколог Хадиша Мырзалиева Сара¬тов медициналық институтында білім алып, кейін медицина ғылымының докторы, профес¬сор болады.

ӘЙЕЛ ДӘРІГЕР ТУРАЛЫ БІР ДӘЛЕЛ!

Ақ халатты нәзік жандылар ер аза¬мат дәрігерлерге қарағанда жағымсыз жаңалықтарды жақсы жеткізе алады. Бұндай тұжырымға Ковентри университетінің психо¬лог мамандары Уорике және Лестере келді. Зерттеу барысында психологтар дәрігерлерге науқастар рөлін сомдаған актерлерді жіберді.

Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша еркек дәрігерлер денсаулыққа байланысты жағымсыз жаңалықты бірден айта салады екен.Өзіне байланысты суық хабарды естуге мүлдем дайын болмаған науқастың күйзеліп кетуі де мүмкін. Психолог мамандардың пай¬ымдауынша бұндай мәселелерді арнайы тренингтердің арқасында шешуге болады екен. Бұрын дәрігерлер осындай тренингтер¬ден жиі өтетін. Алайда, көпшілік дәрігерлердің пікірінше тренингтердің қажеті жоқ. Себебі, он¬дай жағдайладың барлығы тәжірибе жинаған сайын өздігінен дұрысталады.

Әйел дәрігерлер болса науқастармен жылы сөйлесуге әрдайым дайын екен. Психологтардың теориясы бойынша науқастарға бірден денсаулығы және ауруды емдеу жолдарын айтқаннан гөрі, алдымен оның жанын мазалайтын жайттарды біліп түсінген жөн.

Мамандар 32 ер және 12 әйел дәрігерлердің науқасты қабылдауын видеоға түсіріп, кейін осы видео таспа арқылы анализ жасады. Психолог Шейла Бонастың сөзіне сүйенсек, осы анализ еркек дәрігер мен әйел дәрігердің науқаспен сөйлесу тәсілі әр түрлі екенін дәлелдейді. Шейла Бонастың айтуынша еркек дәрігерлеге науқаспен сөйлесу мәнерін дұрыстаған жөн. Алайда, бес саусақ бірдей емес демекші, дәл осы зерттеу қорытындысы бойынша, кейбір науқастар дәрігердің қатты және нақты сөйлеуін қалайтыны анықталды. Демек, әр науқаспен әртүрлі сөйлесу тәсілі қажет.

Автор:
Мәдина ОМАҚҰЛОВА