Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!


9 марта 2014, 10:13 | 2 180 просмотров


Туберкулез ауруы бүгінде Әлем жұртшылығын алаңдатып тұрған мәселеге айналған. Ол тек жұқпалы дерт қана емес, қоғамдық мәселе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне көз жүгірсек, әлемде күн сайын 9 миллионға жуық адам туберку¬лез ауруына шалдыққан болса, жылы¬на 2 млнға таяу жан осы аурудан қазаға ұшырайды. Сонымен қатар қауіп туғызып отырғаны, туберкулез жылдан-жылға жасару үстінде. Өкпені зақымдайтын бұл аурудың құрығына бүгінде 20-40 жас аралығындағы адамдар көптеп ілігуде.

Жұртшылық туберкулез дертін «құрт ауруы», «өкпе жегісі» деп те жатады. Бұл аурудың түп-тамыры да тереңнен бастау алған. Тез жұққыш әрі таралуы да жылдам бұл дерт жас ағзаға құмар. Қаншама жас өмірді ерте солғызып, жұқпалы аурулардың арасын¬да алдыңғы қатарда келеді.

Туберкулез микробы сыртқы ауа әсеріне айрықша төзімді. Қараңғы, күн түспейтін, ау¬асы сирек тазартылатын бөлмелерде микроб аурудың қақырығында 5-6 айға дейін, ауру ластанған киімдерде, жиhазда, кітаптарда 3-4 айға дейін өзінің өмір сүруін сақтай алады. Зертханалық талдауларда көрсетілгендей ту-беркулез микробы ылғалды топырақта, көше шаңында, әсіресе жай ағатын арық суларынан 4-12 айға дейін кездеседі екен.

Өкпе құртын басты таратушы ол - науқас адам. Бұлардың ішіндегі өте қауіптісі туберкулездың ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын, еш ем қабылдамай жүрген науқас жылына ша¬мамен 10-15 адамға туберкулез жұқтырады екен. Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Осылайша қатерлі дерт өз уысына иммунитеті төмен адамадар¬ды түсіре береді.Сонымен қатар салау¬атты өмір салтын тұтынбайтын, ішімдікке, есірткіге құмар адамдар бұл дертке оп- оңай шалдығады.

Туберкулез ауруының өзіне тән алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Ауру басталғанда дене қызуы 38 – 39-ға дейін немесе одан да жоғары көтеріледі. Көбінесе дене қызуы кешкі уақытта көтеріледі, ал дене қызуының таңертен көтерілуі сирек кезігеді. Дене қызуымен қатар туберкулезбен ауырғанда тершеңдік пайда болады. Әрі тез шаршағыш болып, әлсіздік басымдана түседі. Салмағы да тез түсіп, асқа деген тәбет нашарлайды. Сырқаттың ең қауіпті белгісі – қан құсу. Бұл сырқаттың өте ауыр екендігін көрсетеді жене қақырықпен қан кеткенде сырқат көп мөлшерде микроб шығарады .

Туберкулезге шалдыққан адам бәрі бітті деп өмірден үмітін үзбегені жөн. Ерте басталған антибактериялық дәрілермен кешенді ем жүргізудің нәтижесінде өкпе құртымен ауырған 100 науқастың 80-ін толық жазуға мүмкіндік бар.Туберкулездің алғашқы белгілерін байқаған сәтте науқас дәрігер кеңесіне жүгініп, айтылған емді қабылдаса, бұл дерттен арылуға болады. Науқас құнарлы азықпен тамақтанып, таза ауада жиі болып, дене шынықтыру жаттығуларын үнемі жасауы керек. Ішкен астың құрамында мал өнімдерінің ақуыздары барынша мол болып, жеміс шырындарын және көкөністерді көбірек пайдалану өте қажет. Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың да бұл кезде септігі мол.

Бүгінде медицина күн сайын қарқынды дамып жатқан кезеңде туберкулездің асқынып, дерттің өршуіне, адамдардың өз денсаулығына салғырт қарауы басты се¬беп болуда. Күйбең тіршіліктің жетегінде жылына бір рет флюрографиялық тексеру¬ден өтіп, өз денсаулығымызды қадағалауды ұмыт қалдырып жататынымыз рас.Ал, біз күнделікті өмірде туберкулез тудыратын ми¬кробтармен бетпе-бет кездесіп жүреміз.

Қатерлі науқасқа шалдыққан жандар, ұяттың жетегінде, немесе дәрігерге қаралуды күнде ертеңге салып, уақыт өткізіп алады. Осының салдарынан жұртшылық арасында бақытсыздық жайттарға душар болып, ажал құштырған сәттер көптеп орын алуда . Енде¬ше, әр адамның денсаулығы, өмірінің ұзақтығы өз қолында! Денсаулығымызға абай болайық!

Автор:
Динара АУЖАНОВА