Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АНА- БАР МЕРЕЙДІҢ ШОҚТЫҒЫ!


9 марта 2014, 10:12 | 1 092 просмотра


Алматы облысының әкімінің міндетін атқарушы Амандық Баталов 8-наурыз мерекесі қарсаңында аяулы аналар¬ды құттықтады. Аймақтың әр өңірінен жиналған нәзік жанды¬лар арасында еңбек ардагерлері, кәсіпкер, дәрігер, ұстаздар және қоғам өміріне белесене қатысатындар болды.

«Құрметті аналар, аяулы әпке- қарындастар, жыл сайын дәстүр бойынша сіздермен айтулы ме¬реке 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жиналып отырмыз. Әрбір шаңырақтың ұйтқысы мене берекесі, ұрпақ тәрбиесінің негізін қалаушы аналарымыз бен әпке-қарындастарымызға қандай сый-құрмет көрсетсек те артық етпейді. Сол себепті облыс әкімі Аңсар Тұрсынханұлының, осын¬да отырған әріптестерімнің, барлық ер азаматтардың аты¬нан баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.бұл мереке ең алдымен аналар мерекесі. Ананы құрметтеу барша азаматтардың парызы. Ана отбасының бақыты үшін ғана емес, Отанымыздың болашағы үшін де жанын салады.Себебі бала тәрбиеле, ұрпағын елжанды азамат етіп өсіру өте жауапты іс. Міне, бүгін ортамызда отырған сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайы мен қатар ел дамуы¬на сүбелі үлес қосып келесіздер. » -деді Амандық Баталов.

С а л т а н а т т ы жиынға қатысқан 250 әйелге ақшалай сыйақы беріліп, көп балалы жас аналарға алтын және күміс алқа табысталды. Сондай-ақ, аймақтың қоғамдық өміріне белсенді атсалыса¬тын нәзік жандылар облыс әкімінің Алғыс хатымен мараматталды. Салтанатты жиын облыс әкімдігінің нәзік жандыларға арнап дастархан жаюымен жалғасты.

Автор:
ЖД ақпарат