Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖАРАҚАТ ТҮРЛЕРІ


9 марта 2014, 10:09 | 13 212 просмотров



Жарақат - Сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.т.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы. Жарақат әр түрлі болады . Дене¬ге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. Б болып келеді . Жарақаттанғанда сүйек, қан та¬мырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен- кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Мүмкіндік болса, ауруханаға барып , сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын таңдыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қанын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру қажет. Зарарсыздандырылған дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны таңғанда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды. Жарақатты таңу жөніндегі белгілі бір ережені сақтаған жөн: жарақатты жууға болмайды, өйткені оған іріңдететін ми¬кроб түсуі мүмкін. Жарақатқа қол тигізуге мүлде болмайды. Зарарсыздандырылған бинт болмаса, жарақатты ыстық үтікпен үтіктелген таза шүберекпен таңады. Егер жапан далада жарақаттанған адам жарасын таңатын арнайы ештеме табылмаса, онда отқа киіз немесе шүберекті күйдіре қақтап барып, жара бетіне салады да, жақсылан таңып тастайды. Содан кейін сырқатты ауруханаға жеткізу керек. Аяқ қолы ауыр жарақаттанып, сүйегі сынған адамды алғаш сынықтық екі жағына жақтау салып барып таңады. Үй жағдайында жарақатты таңудан бұрын оған қажетті заттық барлығын дайындап алу керек. Жарақатты таңу алдында көмек көрсететін адам көйлегінің жеңін шынтағынан жоғары түріп, тырнағын алуы тиіс, қолын сабындан жуып, орамалмен мұқият сүртіл құрғатуы қажет, ал шұғыл қимылдау керек болған жағдайда қолын спиртпен сүртеді.

Жарақаттың үстін стерильденген дәке мен және сутегі тотығына немесе спирт кем алынған мақтамен бастырып, жараны мұқият жуады, есте болатын жағдай жараға микроб түспеуі үшін оны ішінен сыртына қарай жуу керек. Содан кейін жарақатқа тигізбей, айналасына йод жағады. Жарақатты уақытша таңған дәкені алып тастап, стерильденген дәкені бірнеше қабаттан салады. Қысқыш (пинцет) болмаса, дәкені шетінен ептеп ұстайды. Дәкенің үстіне тегістел, онша қалыңдатпай гигроскопиялық (дұрыс — стерильденген) мақта салады. Содан кейін мұның барлығын дәкеден жасалған бинтпен орап байлайды .

Жануарлардың тісі тиіп жарақат алған адамдар, жарақаты онша қауіпті болмаса да дәрігерге көрінуі тиіс.

Автор:
Кулаим ИМАНГАЛИЕВА, операциялық медбике, «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» МҚК.