Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ ТЕК БЮДЖЕТКЕ ҚАРАП ОТЫР


1 марта 2014, 18:46 | 1 299 просмотров



Республикамызда қаржылық ли¬зингпен айналысуға ешқандай бөгет жоқ. Өздеріңізге белгілі, нарықта банк, лизингтік компаниялар секілді қаржы институттары жетерлік. Кез-келген аурухана, емхана ли¬зингке техника сатып ала алады. Алайда, денсаулық сақтау ұйымдарының көпшілігі қаржыландыруға келгенде тек бюджет¬ке қарап отыр. Ешқайсысы өзге жолды іздестірмейді.

Өткен аптада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық Кеңестің отыры¬сы болған-ды. Осы салиқалы жиында ортаға біраз мәселенің мәнісі талқыға түскен еді. Алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов денсаулық сақтау саласында либерализация жүргізілді,-деп бастады ба¬яндамасын.

- «Қазмедтех» АҚ-ын құру арқылы нарықтық тетіктер ендірілді. Лизингтік тасымалдаудың жаңа жүйесі болашақта дел¬далдарсыз өндірушілермен тікелей келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туғызбақ. Әрине, мұндай жүйе алып-сатарлардың көмегімен байып отырғандар үшін ұнамайды. Яғни,сатып алу үрдісі орталықсыздандырылған медициналық мекемелерде қазіргі кезде 5 млн. теңгеге дейінгі құрал-жабдықтарды ауруханалардың өздерінің сатып алуына, 5 млн.-нан 50 млн. теңгеге дейінгі техникаларды лизинг жүйесімен сатып алуға мүмкіндік береді. Техника жұмыс істемей тұрмауы тиіс деген шарт орындалған жағдайда медициналық техника денсаулық сақтау ұйымының таңдауымен сатып алы¬нады. Тек бірегей, бағасы қымбат, жоғары технологиялық медициналық қондырғылар ғана республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынады», - деді Б.Төкежанов.

Бұдан былай лизингтік қызметтердің бәсекелестік нарығында медициналық техниканы лизинг¬ке сатып алуда ешқандай шектеулер жоқ. Тек қымбатқа сатып алынған техника жарамды, онымен жұмыс жасай алатын маман болса болғаны.

Денсаулық вице-министрі Болат Төкежановтың мәлімдеуінше еліміздің медицина са¬ласында ашықтық пен жариялылықты енгізудің нәтижесінде 20 млрд теңге үнемделіпті-міс. Бұл қайдан алынған дерек деген орынды сауал туындайды.

-Денсаулық сақтау министрлігі «Қазмедтех» АҚ-мен бірлесіп медициналық техникаларды са¬тып алу кезінде бәсекелестік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізуде. Нәтижелері белгілі болып отыр. Министрлік 700 ауруханамен және 2000 емханамен жұмыс істейді. Күн сай¬ын осы желіден 100 мың пациент өтеді, 2000 ота жасалады және 7000 төлем жүзеге асырыла¬ды. Осы әрекеттердің барлығы жергілікті атқару органдарымен өзара қарым-қатынастың нақты тетіктерін, стандарттарын қалыптастырады. Дегенмен, бұл әрекеттің барлығы ойдағыдай жүзеге асып жатыр дегеніміз кәсібилікке жатпайды. Кез-келген жұмыстан кемшілік табуға болады. Негізгі мақсат - барлық жүйенің тиімділігі мен сапасын арттыру. Ал, ол мақсатқа біз қол жеткізудеміз. Дәрігерлерден де, қарапайым тұрғындардан да сұраңыздар, ҚР ДСМ жұмысы соңғы 4 жылда жақсарды ма, жоқ па деп. Біздің жұмысқа көңілі толмайтындардың басым бөлігі «лай судан балық аулағандар». Ал, оған қазір нүкте қойылды. Ашықтық пен жариялылықты енгізудің нәтижесінде 20 млрд теңге үнемделді», - деп түсіндірді Б.Төкежанов басқосуда.

Оның айтуынша, кейбір медициналық мекемелердің басшылары мен тасымалдаушылар процестердің ашық жүруіне кедергі келтіріп отырған көрінеді.

-Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануға құлықсыздық танытқандарға, "жеп отырған наны¬нан" айрылып қалғандарға, көлеңкелі айналымға мүдделі жандарды ескерткім келеді, бізді түк білмейді деп ойламаңыздар, жағдаймен етене таныспыз. Жұмыс істеуге кедергі болмаңыздар, олай болмаған жағдайда сіздермен әңгіме басқаша болады,- деді бұл ретте вице-министр.

ҚР ДСМ жауапты хатшысы Серікбол Мусинов министрлікте өткен алқалы жиында Денсаулық сақтау саласын жаңғырту – Мемлекет басшысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыты. Бүгінде бірінші кезеңнің тап¬сырмалары шешілді. Енді алдымызда екінші кезеңнің тапсырмалары тұр. Нақытысын айтқанда, бірінші буынның тиімділігін, білім беру сапасын арттыру, жаңа технология¬ларды енгізу және бәсекелестікті дамыту деп мәлімдеді.

-Жалпы, медицина қоғамдастығы бұл процесті қолдап отыр. Алайда, аталған үдерістің орындалуына кедергі болғысы келетін топтар табылуда. Олар жаңа жағдайда жұмыс істей алмайтын жаңғыртуға қарсы консервативті топтар. Олар өз жағдайларын сақтап қалғысы келеді,- деді жауапты хатшы өз сөзінде.

Дәрі-дәрмек өндірісімен айналы¬самын деп "СК-Формация" ЖШС-мен келісімге отырған отандық компаниялар осы күнге дейін алып-сатарлықпен айна¬лысып келген. Бұл жайында осы жиында "СК-Формация" төрайымы Шолпан Ахмет мәлімдеген болатын.

-Үкіметтік деңгейде бекітілген регла¬ментке сәйкес, аталған келісім-шарттарға отыру үшін бақылау кеңесінің рұқсаты керек-тін. Алайда, рұқсат алынбаған. Процедуралардың ашық жүргізілмеуі, іріктеуде байқаудың болмауы - аталған келісімдердің мемлекет үшін мәжбүрлі түрде қабылданғаны көрініп тұр" деді төрайым өз сөзінде.

"Келісім-шартта жобаның жүзеге асу мерзімі жайында жазылмаған. Құжатқа сәйкес, дәрі- дәрмек өндірісі құрылыс аяқталғаннан соң 3 жылдан кейін басталуы керек. Алайда, құрылыстың қай уақытта аяқталатыны көрсетілмеген. Ол бәлкім 5 жылда, бәлкім 50 жылда бітуі мүмкін. Қысқасы, осы 5 жылдан бері компаниялар түк те салып бітірген жоқ. Тек алып-сатарлықпен айна¬лысты. Енді мойнына алған істі атқарудың орнына түрлі органдарға шағым айтудан қолдары босар емес,- дейді Шолпан Ахмет баяндамасының соңында.

Біраз жайдың беті ашылды. Бір белгілісі, қол қусырып қарап отырған Денсаулық министрлігі емес. Түйткілді мәселенің шешімін іздеп, нәтиже шығаруды қарастыруда ведомстводағылар.

Автор:
Дайындаған Ырыс КЕНЖЕБАЙҰЛЫ.K.R.A.