Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ: ТЕҢГЕНІҢ ТАҒДЫРЫНА ЖАУАПТЫМЫН


1 марта 2014, 18:46 | 1 044 просмотра



Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов «Қазақстан» Ұлттық теле арнасындағы «Apta.kz» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді. ҚазАқпарат осы сұхбаттың толық мәтінін ұсынады.

-Құрметті Қайрат Нематұлы! Алдымен мынаны анықтап алайықшы. Теңгенің ай¬ырбастау бағамында өзгерістер жасауға нендей себептер болды?

-Жалпы, экономикамыз ұтты. Өйткені, экономиканың тұрақты жағдайда одан әрі өсуі туралы Ұлттық банк пен Үкімет бірлесіп ар¬найы талдау жасады. Алты айдың ішінде біз мемлекетте және әлемде не болып жатқанын жан-жақты талдадық.

2009 жылдан кейін көп жерде дағдарыс орын алғанын сіздер білесіздер. Сол дағдарыстың салдары бойынша Еуропа мемлекеттері өте қиын жағдайда қалды. Қазір көптеген мемлекеттердің, оның ішінде бұған дейін шапшаң дамыған Қытайдың эко¬номикасы бұрынғыдай қатты өспейді. Ресей экономикасының өсуі қарқынды емес. Ал, АҚШ-тың экономикасы жақсы жағдайда. Бұл бірінші себеп.

Олар жағдайы дұрысталған соң, дамушы елдерге инвестиция салған. Сондықтан, осы жылғы қаңтар айының ішінде 22 дамушы елдің валюта курсы долларға қарағанда төмендеді.

Біз тағы да Ресей рублінің жағдайын зерделедік. Бұрынғы жылдары да төмен еді, ал 2013 жылы тура 7 пайызға азайған. Ал ағымдағы жылы тек қаңтарда төмендеді. Ол екінші себеп.

Содан кейін біздің мемлекеттегі сауда және қаржы балансының қандай болғанын таразыладық. 2013 жылы біздің экспортымыз қысқарып, есесіне импортымыз қатты өсті. Бұл да біздің экономикаға әсер еткен. Әрі ол оңды әсер емес.

Сондықтан, экспортқа өнім шығаратын және ел ішінде импортты алмастыратын тауар өндірушілерді қолдау үшін жалпы валюта сая¬сатына өзгерістер енгіздік.

Тағы да бір себепті айта кету керек. Осы алты айдың ішінде біз 5 миллиард доллар¬дан астам резервті саттық. Менің ойымша, резервтердің тұрақтылық жағдайын сақтау үшін біз осылай Ұлттық валютаның бағамын түзету туралы шешімге келуіміз керек еді.

Жалпы, адамдар теңгенің бағамын неге қазір төмендеткенімізді көп сұрайды. Мы¬салы, ендігі айға немесе жылдың аяғына дейін шыдай тұрмадық па дейді. Менің ой¬ымша, ақпан айының бірінші онкүндігінде өткен жылдың барлық есептері қолға тиді. Соны саралай отырып, ең дұрыс шешімді қабылдадық.

-Ұлттық валютамыздың бағамына түзету енгізу еліміздің экономикасына не береді?

-Иә, Ұлттық валюта бағамы АҚШ дол¬ларына қарағанда, салмағын кішкене азайтты. Бұрынғы теңгенің бағамын түзету кезінде солай болып еді ғой. 2009- шы жылғы тура осындай қадамды көп адамдар енді ескермейді. Бірақ, соның арқасында 2009-2014 жылдар арасындағы экономикамыздың өсуі ырғақты болды.

Бюджетіміз кемінде 6 пайызға жоғарылады. Бюджетімізге түсетін салықтар өсті. Әлеуметтік бағдарламаларға мүмкіндік ашылды. Сондықтан, 2009 жылғы шешім дұрыс болған. Осы шешімді біз 5 жылдан кейін қайталап отырмыз.

-Мұндай қадамнан тұтынушылар зардап шекпей ме?

-Жоқ, керісінше біз еліміздің тұрғындарының мүддесін ескере отырып бұл шешімге келдік. Жалпы, валютааралық бағамға түзету жасалған соң кейін бағалардың өсуі заңдылық емес пе. Әрбір елде осындай мәселе пайда болады.

Бірақ, біз Үкіметпен бірлесіп инфляцияның 8 пайыздан артық өспеуі үшін тынбай жұмыс жасаймыз. Соған байланысты арнайы бағдарламалар жасалады. Осыны ойластыру үшін үкіметпен кеше ғана кездестік. Үкімет ең маңызды тауарларды мысалы, сүт, нан, мұнай сынды тауарлардың бағасын қатаң бақылауға алады.

-2009 жылғы Ұлттық валюта бағамын түзету мен 2014 жылғы сіздер қабылдаған шешімнің айырмашылықтары бар ма?

- Мұндай мәселені анықтау үшін 2009 жылға қайта көз салу керек. Ол кезде екінші дәрежелі банктердің сырттан алған қарыздарының жал¬пы көлемі 45 миллиард АҚШ долларына тең болған.

Содан бергі бес жылдың ішінде Үкімет, Ұлттық банк және «Самұрық-Қазына» қоры бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесінде сол банктердің сыртқы қарызының жалпы көлемін 11 миллиард АҚШ доллары мөлшеріне дейін қысқарттық. Сондықтан, менің ойымша бұл қазір бізге үлкен проблема болмайды.

2009 жылы да, қазір де бізге мұнай бағасы өте маңызды. Бірақ, бұл да шешуші фак¬тор емес. Бүгінгі таңда ең маңыздысы - жалпы сауда және қаржы секторларында, макроэкономикалық әлемде қандай өзгерістер болады? Осыны жіті қадағалау әрі дер кезінде қажетінше қимылдау керек. Ұлттық банктің 2014 жылғы қадамын осы тұрғыдан түсіндіреміз.

Алдағы уақытта мыналар жіті бақылауда болады: Біріншіден, Ресей рублінің жағдайы қандай? Екіншіден, Қытай және Еуропа Одағының экономикалық жағдайы ескеріледі. Үшіншіден, АҚШ-тың экономикасы осы қарқынмен өсе бере ме? және тағы да бір өте маңызды мәселе - біздің валюта резервтеріміздің көлемі. Біз осы жағдайлардың барлық факторларынан бір формула жасасақ деген шешімге келдік.

-Қайрат Нематұлы, Сізге соңғы сұрағымызды қояйық. Бас банкир өзінің ақшасын қайда сақтайды және оны АҚШ долларына айырбастады ма?

-Айлық жалақым теңге шотында екінші деңгейдегі банктердің бірінде жатыр. Ақшаны тек қана теңгеде ұстаймын. Өйткені, теңгенің тағдыры - менің жауапкершілігім. Жалақым арқылы жиналған қаражатты алдын ала да, кейін де басқа елдің валютасына ауыстырған емеспін.

Ешқандай ақпарат Ұлттық банктен сыртқа шыққан жоқ. Ұлттық валютаның бағамына түзету еңгізілетінін тек қана арнайы жұмыс тобын білді. Басқа қызметкерлер хабаар¬сыз болды. Қазір сол жұмыстың өзін тексеріп жатыр. Менің ойымша, бағамды өзгерту туралы қорытындыға келген топ жұмысты жақсы жасады. Бұл орайда Ұлттық банктің қызметкерлеріне қатты ризамын.

-Сұхбатыңызға рахмет!

Автор:
ҚазАқпарат