Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ


1 марта 2014, 12:42 | 1 448 просмотров



Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратифи¬кациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Конвенция мемлекеттің жалақыны қорғау нормаларын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл Конвенцияны Халықаралық Еңбек Ұйымына мүше 97 мемлекет қабылдаған. Ал бұған қажетті алғышарттар бүгінгі таңда Қазақстанда да қалыптасып отыр.

-Әлемдік дамудың жаһандануы мен Қазақстанның дамыған отыз елінің қатарына қосылу бағытында еңбекақыны реттеу, халықаралық стандарттарды енгізу, адам ка¬питалын дамыту тұрақтылықты сақтаудың міндетті шарты болып табылады. Осыған орай, жалақының Халықаралық Еңбек Ұйымының қағидаттарына сәйкес қорғалуы аса маңызды. Конвенцияны ратификациялаудың өзектілігі де осында»,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, Конвенцияның ұйғарымдары экономиканың барлық салала¬рына қатысты және жалақы есептелетін не¬месе төленетін адамдардың барлығына бірдей қолданылады. Бұдан бөлек, Конвенцияда жалақыны уақытылы және жүйелі төлеудің, оны шектен тыс ұстап қалулардан, кәсіпорын банкрот болған немесе таратылған жағдайда жалақыны қорғау қарастырылады.

Осы басқосуда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Конвенцияның негізгі мақсаты мемелекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады,- деп хабарлады. Бұл ретте әрбір мемлекет жалақыны ұжымдық шарт арқылы неме¬се өзге де жолмен тиімді реттеудің белгілі рәсімі болмаған және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында (атап айтқанда үй шаруашылығында) жұмыс істейтін еңбекшілер жалақысының ең төменгі мөлшерлерін белгілеуге міндеттеледі.

-Еліміздің ағымдағы жағдайы және ұзақ мерзімді даму міндеттерімен байланы¬сты қолда бар мүмкіндіктер, тиімділік пен қажеттілік осы конвенцияны қабылдаудың негіздемелері болып табылады. Сонымен қатар, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және төлеу Қазақстанның Конститу¬циясында белгіленген аса маңызды әлеуметтік кепілдіктердің қатарына жатады. Бұдан бөлек, елімізде еңбекақыны төлеу кепілдіктері мен ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімі Еңбек кодексімен реттелген және экономиканың барлық салаларының қызметкерлері үшін бірдей болып табылады», дейді Т. Дүйсенова.

Жалпы, конвенция бойынша ең төменгі мөлшерлемелер қолданылатын және жалақыны анағұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша алған жүмысшы өзіне толық төленбеген соманы сот тәртібімен алуға құқығы қаралады.

Автор:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі