Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚР СІМ В.ЖИРИНОВСКИЙДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРДІ


1 марта 2014, 18:40 | 903 просмотра



«2014 жылғы 23 ақпан күні Мәскеуде Ресей Либерал-демократиялық партиясы (РЛДП) фракциясының төрағасы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Владимир Жири¬новский митингте сөз сөйлеген кезінде Орталық Азия мемлекеттерін, соның ішінде Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына кіргізуге шақырды», Жириновский мырза - ресми тұлға, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ірі саяси партияның басшысы. Біздің пікірімізше, осындай жоғары мемлекеттік лауазымдарға ие адам өзінің көпшілік алдында жасайтын мәлімдемелеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оның үстіне, бұл саясаткер біздің елімізге қатысты жол берілмейтін мәлімдемелерді бірінші рет айтып отырған жоқ», - делінген мәлімдемеде.

«Біз осыған дейін бірнеше рет мәлімдегендей, Қазақстанның егемендігіне, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға жол берілмейді және мұндай әрекеттер Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан шешімді түрде жауап алатын болады, « деп атап өтеді ҚР СІМ.

Осыған орай, ҚР сыртқы саясат ведомствосы РФ Сыртқы істер министрлігі атына ресми нота әзірледі. Онда қазақстандық тарап «Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан одақтастық рух пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасына В. Жириновскийдің сөздері қаншалықты сәйкес келетініне ресми баға беруі» сұралды..

Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі В.Жириновскийге қатысты дипломатиялық сипаттағы арнайы шараларды қолдану мүмкіндігін қарастыруда.

ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ЖЫРЫНДЫ ЖИРИНОВСКИЙ ҚАЙТА ҚҰТЫРДЫ

Ресейдiң мемлекеттiк думасының вице-спикерi Владимир Жириновский 23 ақпан күнi Мәскеуде өткен митингiде сөйлеген сөзiнде Орталық Азия мемлекеттерiнiң тұтастығы мен бүтiндiгiне қол сұғатын, елдiгiн қорлайтын мәлiмдеме жасады. Оның жарты сағаттық сөзiн Ресейдiң мемлекеттiк “Россия 24” арнасы тiкелей эфирiнде көрсеттi.

МЕМЛЕКЕТТIЛIКТI ҚОРЛАУ

Жириновскийдiң мәлiмдемесiнiң негiзгi нысанасы – күнi кеше ғана президентiн отставкаға кетiрген Украинаға бағытталды. Ресейдiң ЛДПР партиясының жетекшiсi шовинистiк пiкiрлерге толы лепiрме сөзiнде Украинаға ғана емес, Орта Азия республикаларына да тiл тигiзiп, оларды тәуелсiздiктен айыруға шақырды.

“Ешқандай Орта Азия республикалары жоқ. Орта Азиялық федералды аймақтың басты қаласы – Верный! Бүгiнде оның атауы бөтен – Алма-ата. Менiң туған қалам бұл. Ойлап тапқандарын қара – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркмения, Қазақстан. Ресей үшiн Орта Азиялық федерал¬ды аймақ, Малороссия үшiн – малороссиялық федералды аймақ бұл. Ал тоғызыншы федералды аймақтың астанасы – Харьков болуы тиiс”, – дедi ол.

Жириновский Украинаның тiлi де, тарихы да жоқ, оны мемлекет еткен Ресей, Украинаның жерi де Ресейдiкi дегенге саятын сандырақ пiкiрлерiн боратты. Ақыр аяғында Украиның iсiне араласып, Харьковке ерiктiлердi жiберуге шақырды.

“Бiздiң ОМОН Харьковке барып, жаңа Малороссия республикасының қарулы күштерiне айна¬лады деп үмiттенемiн. Мыңдаған азамат Украинадағы орыс бауырларға көмектесiп, азаматтардың құқының қорғалуына қол ұшын бергiсi келедi. Депутат Курдюмов ерiктiлердiң бiрiншi отрядының жетекшiсi болады”, – дедi.

Митингiде украиндықтар мен өзге Орталық Азия республикаларының азаматтарын қорлаған оның сөзiне митингiге жиналғандардың ешқайсысы тоқтам салмады. “Россия 24” арнасы көрсеткен бейнесюжеттен керiсiнше, жиналған халықтың оған ара-тұра қолдау бiлдiрiп, демеп тұрғаны анық байқалады.

“Әрi-берiден соң Украина бiздiң жерде отыр. Батыс Украина кезiнде Польшаның аумағында бо¬латын. Кеңес жауынгерлерi қанын төгiп орта ғасырда Польша басып алған жердi азат еттi. Ал кеңес жауынгерлерiнiң басым бөлiгi орыс ұлтынан болды. Ендi осы жердi Тягнибокке беремiз бе?” – дедi.

Украиндықтарды айыптай сөйлеген Жириновский “Еуропа тарихында барлық мемлекеттердiң астаналары мойындаған Украина мемлекетi де, тiлi де болған жоқ” деп қорлауын қарша боратты.

СIМ МӘЛIМДЕМЕ ЖАСАУДЫ ЖОСПАРЛАП ЖАТЫР

Дүйсенбi күнi Сыртқы iстер министрлiгi Жириновскийдiң мәлiмдемесiне қатысты пiкiр бiлдiрiп, мәлiмдеме жасаған жоқ. Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Нұржан Аймахановқа хабарласқанымызда, “сыртқы iстер министрлiгi таяу уақытта мәлiмдеме жасап, Мәскеуге нота жолдауды жоспарлап отыр” деген жауап алдық. Сыртқы iстер министрлiгiнiң В.Жириновскийдi Қазақстанда нон-грант тұлға етiп жариялай ма, жоқ па, ол жағы әзiрге белгiсiз. Министрлiктiң өкiлi бұл сұрақ қарастырылатынын айтты.

ҚОҒАМ ҚАРСЫЛЫҒЫ

Ал әлеуметтiк желi қолданушыларының басым бөлiгi мен азаматтық белсендiлер бұған қатысты өз пiкiрлерiн бiлдiрiп үлгердi. Желi қолдаушыларының басым бөлiгiнiң пiкiрi “Қазақстанда хабар тарататын ресейлiк арналарды шектеу керек” дегенге тоқайласты. Ал ult.kz интернет басылымы Жириновскийден бөлек әсiреұлтшыл Э.Лимонов, А.Белов (По¬ткин) және таяуда Қазақстанға гастрольге келiп, жергiлiктi тiлшiлерге тiл тигiзiп, балағаттаған актер Алексей Панинге қарсы онлайн-петицияға қол жинауға кiрiстi.

Мәлiмдеменi дайындаушылар үкiмет жетекшiсi мен сыртқы iстер министрiнен бұл тұлғалардың елiмiздiң аумағына кiруiне тыйым салуды және оларға тиiстi шара қолдануды сұрайды.

“Владимир Жириновский қатардағы бiреу емес, ол – үлкен мемлекеттiк лауазымды қызметкер, Ресей Мемлекеттiк Думасындағы екiншi лауазымды тұлға, үлкен бiр партияның жетекшiсi. Олай болса, оның бұл арандатушылық пиғылдағы мәлiмдемесiн Ресей Федерациясының ресми саяси ұстанымы деп бағалауға болады”, – делiнген мәлiмдемеде.

Сiз не дейсiз?

Мұхтар Тайжан, азаматтық белсендi:

– Жириновскийдi де, Лимо¬новты да Қазақстанда нон- грант тұлғасы етiп жариялау керек. Бұл – бiр. Екiншiден, ресейлiк арналардың Қазақстанда хабар тара¬туын шектеу қажет. Себебi олар елiмiздiң ақпараттық қауiпсiздiгiне зиянды. Украи¬нада iшкi дағдарыс болғанда “Россия 24” арнасы сол елдегi сепаратизмге қолдау көрсеттi. Өз ақпараттық кеңiстiгiмiздi қалыптастырып, ресейлiк ар¬наларды ғана емес, басылым¬дары мен радиоларын да жабу керек.

Ж и р и н о в с к и й д i ң мәлiмдемесiне келсек, бұл – өзiмiздiң нақты емес, жұмсақ, бұрыс саясатымыздың нәтижесi. Өз мүдделерiмiзге қайшы келетiн Кедендiк одаққа кiрдiк. Еуразиялық одақа кiрмекшiмiз. Мемлекет ретiнде өзiмiздi өзiмiз құрметтемесек, айналадағылар бiздi қайтiп сыйласын?

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Ресейдiң федералдық теле¬арнасына ешбiр сая¬саткер, ешбiр қоғам қайраткерi Кремльдiң рұқсатынсыз шыға ал¬майды. Сондықтан бұл Ресейдiң Украинада опық жеп, жеңiлiс тауып, ендi қалған құзырында бар елдерге сес көрсетуi деп түсiнемiн. Екiншiден, қалай болғанда да ақпараттық қауiпсiздiктi ойлау керек. Осы тұрғыдан алсақ, бұрынғы премьер-министр К.Мәсiмов айтқандай, елiмiздiң кемiнде 55 пайызы Ресейдiң ақпараттық кеңiстiгiнiң аясында, соның азығын тұтып, қорек қылып отыр. Дәл осындай мәлiмдемелер елiмiздiң тәуелсiздiгiне, бiрлiгiне тiкелей қауiп төндiрiп отыр. Яғни егер ресейлiк ар¬налар Кремльдiң саясатын өткiзiп отырса, оны шектеу – бiздiң мiндетiмiз. Бұл – бiздiң Ресейге жаулығымыз емес, бұл елдi жақсы көрудiң, мемлекет ұстанымын қалыптастырудағы мiндетiмiз, атқарар қызметiмiз деп түсiнген дұрыс.

Автор:
«ЖАС АЛАШ»