Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЙМАҚТАРДАН АҚПАРАТ


1 марта 2014, 12:39 | 1 286 просмотров


ШЕТЕЛДІК МАМАН НАУҚАСТАРҒА ОТА ЖАСАУДА

Алматыда Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында АҚШ емханасының дәрігері Владимир Асек гемодиализ қабылдайтын науқастардың өмірін жеңілдететін жаңа медициналық әдісті көрсетіп жатыр. Қазір ота үстелінде орта жастағы екі алматылық азаматқа жаңа инновациялық әдіс - тоннелді перманентті түтікше орнатылу үстінде. Күрделі операцияға отандық кардиохирургтер мен орталық дәрігерлері атсалысу¬да.

Мамандардың мәлімдеуінше, елімізде бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастардың көпшілігі гемодиализ процесінен өтуде. Жасанды қан тазалау аппаратына таңылған жандардың 10-15 пайызы осындай жаңа технологияға мұқтаж. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Зайналовтың айтуынша, АҚШ- та жасалған бұл катетер науқастың денесінде бір жыл бойы қызмет етіп, оның өмірін біршама жеңілдетер еді.

«Бұл катетер жүректің оң қабатына салынады. Ол өнім біздің Қазақстан тізілімінде тіркелген. Бүгін бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын 2 науқастың жүрегіне осындай катетер орнатпақпыз. Егер, бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетсе, біз оны Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне енгізуді қолымызға аламыз», - деді Әкімжан Зайналов.

МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА ЖАБДЫҚТАЛУДА

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 5,7 млрд. теңге бөлінді. Осының арқасында медициналық қажетті құралдарымен жабдықтау көрсеткіші 56,4%-дан 58,1%-ға жетті.

Облыстық кардиохирургиялық орталық ба¬засында ашылған кардиохирургиялық бөлімшеде «инфарктқа тәуелді» науқастарға жедел коронарогра¬фия мен стенттеуді өткізу мақсатында ангиографиялық операциялық бөлімдердің тәулік бойы жұмыс жасауы қамтамасыз етілген.

«Былтыр 2652 коронарография және 1162 стенттеу жасалды. 403 жүрек инфарктымен, 24 ми инсультымен науқастарға тромболизис терапиясы жасалды» делінген баспасөз баянында.

АСҚЫНҒАН ЛЕЙКОЗДАН САУЫҒЫП КЕТУДЕ

Қазақстанда балалардың 75 пайызы асқынған лейкоздан аман қалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штаттан тыс онкогематолог маманы Роза Боранбаева мәлiм еттi. "Қазақстанда заманауи технологиялардың арқасында балалардың аплостикалық анемия, лейкоз сынды ауыр дерттерi сәттi емделiп жа¬тыр. Бүгiнде лимфобластты лейкозбен ауыратын нәрестелердiң 75 пайызы сауығып кетуде. Ал апластикалық анемиядан 60 пайызы айыққан", - дейдi ол.

Оның айтуынша, бұл аурулар бұрын емделмейтiн болып саналып келдi. 2010 жылдан берi тiн жасушаларын трансплантациялау әдiсi енгiзiлген. 2013 жылы 7 балаға тiн жасушалары трансплантацияланды.

МЫСЫҚ ӨЛТІРГЕНІ ҮШІН АБАҚТЫҒА

Ұлыбританияның тұрғыны мысық өлтіргені үшін түрмеге отырғызылды. 30 жастағы Энтони Дилэйни алкогольдік ішімдіктің әсері салдарынан көлігінің астына түскен мысықты ұрып өлтірді. Бұл оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сот британиялықты 18 аптаға түрмеге қамау туралы шешім шығарды. Сонымен бірге оған бес жыл бойы үй жануарын ұстауға тыйым салынды, деп хабарлады РСН.

ПАВЛОДАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенттері өз еріктерімен «Самал» қоғамдық оңалту орталығына автокөлік сатып алуға қаржы жи¬нады, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

Басты оқу корпусының асханасында «ақша жәшігі» орналастырылды. Оған студенттер мен оқытушылар шамалары келгенше ақша қалдырды.

«Самал» орталығында церебральді сал ау¬руы диагнозымен балаларды емдейді. Орталық жетекшілері жылдар бойы өз тәрбиеленушілерін табиғатқа алып шығып, қаланың көрікті жерлерімен таныстыру үшін қысқа мерзімге автобустарды жалға алып жүр. Қозғалысы шектеулі балалар үшін бұл өте маңызды.

Қысқа мерзім ішінде студенттер 127332 теңге жинап, бұл қаржыны орталықтың ата-аналар комитетінің төрайымы Ләззат Сәбитоваға тапсырды.

«Біз ПМУ ұжымы мен жастары осындай қайырымды істерге үлес қосқаны үшін қуаныштымыз», - дейді орталықтың тәрбиелеу жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша бөлімінің басшысы Дана Мұхаметжанова.

ҚЫТАЙДАН РАДИАЦИЯЛЫ ВАГОНДАР

2013 жылы «Достық» бекетінде автоматтандырылған «Янтарь» радиациялық бақылау жүйесі 1376 рет іске қосылған. Ке¬ден бекетінің радиациялық бақылау және техникалық құралдар бөлімінің бас маманы Ерлан Жақсыбаев хабарлағандай, аталмыш жүйе 22 жағдайда радиациялық фонның нор¬мадан екі есе көбейгенін анықтаған. Ластанған тауардың негізгі бөлігі Алматыдан Өзбекстанға жіберіліп отырған. Вагондарда құрылыс ма¬териалдары: керамогранит пен отқа төзімді цемент болған. Жүк рұқсатсыз құжаттармен тасымалданған. Тексерістен кейін тауарлар қытайдағы жүкті жіберушіге қайтарылды.

ПСИХОТРОПТЫ ДӘРІЛЕРМЕН ЕМДЕГЕН

Ақтөбеде «Допинг» жедел алдын алу шараларының барысында лицензия¬сыз жеке медициналық іспен айналысқан зейнеткер-дәрігер ұсталды. Ол адам¬дарды психотропты препараттармен емдеген, деп хабарлады облыстың ІІД- ден. Дәрігердің кабинетінен психотропты заттарды пайдалануға кеңес берген 31 рецепті табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 266-бабының 54-тармағы бойын¬ша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан, үш жылға дейін белгілі қызметті атқару құқығынан айырылуы мүмкін. Барлығы «Допинг» шарасының барысында 3 есірткі қылмысы анықталып, 2 грамнан астам героин тәркіленді.

Автор:
ДАЙЫНДАҒАН Ырыс КЕНЖЕ.