Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖҮҰПАЛЫ ІШЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ


1 марта 2014, 12:31 | 1 373 просмотра



Дизентерия,колизентериттер,ішсүзегі,қы лау (паратиф),тағамдық улану инфекцияла¬ры ішек инфекцияларына жатады. Барлық жұқпалы ішек инфекциаларының микробтары организмге аузы арқылы өтеді. Науқастың нәжісімен ластанған сыртқы ортадағы әртүрлі заттар (ойыншықтар,есіктің тұтқалары, кітаптар).Сондай-ақ тағамдық өнімдер мен су ауруды тасу мен жұқтыру факторлары болып табылады. Осыған байланысты инфекция жұғу жолдары3-ке(тұрмыстык, тағамдык,және су) бөлінеді. Ішек инфекциясына шалығу жаз-күз айларында өршіді. Аурудың дамуы ортаның температурасының жорғарлауымен тығыз байланысты екені анықталды. Жазда ішік инфекциясының қоздырғыштарының та¬ралуына қолайлы жағдайлар туады. Олар айналамыздағы ортада жақсы сақталып,12-20 градустан жоғары температурада тағамдарда, суда өсіп-өне бастайды.

Дезентерия-барлық ішек инфекцияларының ішіндегі ең көп етек жайғаны. Оның ауру немесе бактерия тасушы адамның организімінен нәжісі арқылы бөлінеді. Бактериялар кір ыдыс- аяқта, іш-киімде апталап, тіпті айлап, тағамдық енімдерде (сүтте,нанда) бірнеше тәулік бойы, суда 5-6 күн бойы тіршілік етеді. Ауру бірден білінбейді, организмге бактерия өткеннен бастап аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін 2-7 күнге со¬зылатын жасырын кезең өтеді.

Ішек инфекциясына тән белгілері. Дене қызуының көтерілуі, ауру енжар күйге ұшырап, асқа тәбеті нашарлайды, жүрегі айну, құсу байқалады, іш өтеді, нәжісінде шырыш, ірің болады. Көптеген жағдайларда аурудың ешқандай белгілері білінбей, тексе¬ру кезінде кейбір адамдардың нежісінен ди¬зентерия бактериялары бөлінеді, бұл – дені сау бактерия тасушылар. Олар өздерін ауру емеспіз деп есептегенімен, инфекцияның көзе болғандықтан айналадағылар үшін қауіпты.

Инфекцияның көзе-ауру меңдеген науқас. Әдетте ауру тез басталады. Дене қызуы көтеріліп, үлкен дәреті сұйылып, жиілейді, түсі жасыл тартады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Бір рет құсуы мүмкін, асқа тәбеті нашарлайды. Арудың орташа және ауыр формасымен ауырған кезде улану айрықша білінеді,дене қызуы 38-39 градусқа дейін жетеді, қайталап құсады,үлкен дәретке күніне 10-20 ретке дейін отырады. Онысы шырыш¬ты, көпіршікті сулы болып келеді. Ауру ма¬засызданып, тамақтан бас тартады,салмақ жоғалады. Ішек инфекциясының алдын алуда санитарлық-гигенеалық шаралар маңызды орын алады. Олардың ең бастысы- ауруды дереу онашалап, бөлмені және күтім жасау заттарын дезинфекциялағыш құралдармен өндеу. Өз бетінше емделуге болмайды. Өйткені дәрігердің бақылауынсыз емделген ауру айналадағылар үшін ұзақ уақыт бойы инфекцияның көзі болып қапады. Әсіресе тамақ өнеркәсіп орындарында, балалар мекемелерінде істейтін бактерия тасушы¬лар мүлде қатерлі. Олар тағамды зақымдау арқылы бірден жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін. Жеке профилактикада қолдың тазалығына ерекше көңіл бөлген абзал. Ас ал¬дында, нәрістені емізер алдында, дәретханаға кіріп шыққан сайын қолды ұқыпты түрде са¬бындап жуып тұру қажет. Тұрмыста тазалық сақтау қажет, емізік пен ойыншықтарды қайнату, сақтау пайдалану жайындағы проце¬дуралар ұқыпты орындалсын.

Тазалық-денсаулық кепілі екендігін әрбір адам есте ұстағаны жөн.

Автор:
Б.К. Ракымкулова, мектеп мейірбикесі Т.Бокин атындағы №41 орта мектеп. Іле ауданы, Ақши ауылы.