Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҮСУ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙЛЕРІ


1 марта 2014, 12:29 | 2 259 просмотров



Ұлпаны үсітіп алған кезде суық әсер етеді – буындардың ұзақ мерзімді спазма¬сы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзушылақтарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0 С тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Саусақтарды үсітіп алу ең жиі кездеседі, одан азырақ – құлақ, мұрын, бет, табан. Тез болғанда, ауа ылғалдығы көбірек болса, соншалықты тем¬пература төмен болады.Мас болған кезде үсік жиі кездеседі. Сондай-ақ ол ағзаның жалпы суық тиюіне әкеліп соғады. Алкоголь әсерінен және жылуды тез беруден тамырлардың кеңеюімен түсіндіріледі. Ауыр үсік және ағзаның салқындауы кезінде ағзада ентікпе, тахикардия, АҚ түсуі мүмкін. Үсіктің бастапқы кезеңінде үстіңгі қабаттағы үсіген жер ақшыл, салқын, сезімталсыз болып келеді. Науқас үсіген жерін сезе алмай қалады. Жылытқан кезде қатты ауыра бастайды және көзге көрінерлік ұлпадағы зақымдар үсу деңгейіне байланысты көріне бастайды: I деңгей-тері көгеріп кетеді; II деңгей-мөлдір сұйықтықпен толытырылған тері көпіршіктері; III деңгей – көгерген тері, ісік пайда болады, көпіршік қанды сұйықт ықпен толады, терінің өлуі пайда болады; IҮ деңгей-терінің өлуі және сүйекке дейінгі тереңдіктегі барлык ұлпа зақымданады,бір аптадан кейін-ылғалды немесе құрғақ қағыну.Үсу кезіндегі алғашқы көмек: Алдымен, үсіген аймақты қыздыру керек. Нақты тәсілдер сол кездегі жағдайға байланы¬сты. Зиян шеккенді жылы жерге алып келеді. Егер Сізде мүмкіндік болса, науқасты температурасы 15 минут ішінде 36-дан 40 0С- қа дейін көтерілетін суы бар ваннада жылту қажет. Сонымен қатар аяқ-қолдарын пери¬фериядан орталыққа қарай массаж жасаңыз. 30 минуттан кейін теріні құрғатыңыз және спиртпен өңденіз, сыртынан мақтаның қалың қабатымен құрғақ стерильденген таңбасын салыңыз. Бет пен құлақ саңылауларын үсіткен кезде оларды таза қолмен немесе жұмсақ ма¬тамен қызарғанша уқаланыз, спиртпен және вазелин майымен сүртіңіз. Қыздыру үшін қарды пайдалануға болмайды. Ол терінің сыртқы қабатының зақымдануына әкеледі. Жергілікті іс-шаралармен қатар, науқаска ыстық шай және көрпемен орап жылыту қажет. Егер үсік көпіршік пен тері өлуімен қатар келсе, пациентті бірден ауруханаға жеткізу қажет.

Гулшат БУРХАНБЕКОВА.

Матай ауылдық ауруханасының мейірбикесі,

Ақсу ауданы.

ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ

Инсульт –зардаптары бас миы үшін зақымдаушы қауіпті ауру. Зақым келу аймағына байланысты қолда немесе аяқта әлсіздік туындайды, сөйлеудің бұзылуы байқалады және кей жағдайларда толық не¬месе ішінара соқырлық дамиды. Бұл симтом¬дар күтпеген жерден басталып,бірнеше ми¬нуттан кейін кетеуі мүмкін, сондай-ақ қайтадан қайталап, науқаста салдықты туғызуы мүмкін. Өкінішке орай,инсульт адамның өліміне әкелуі мүмкін. Таныстарыңыздың арасын¬да инсульт болып, сау кісі бір күн ішінде науқасқа айналып,төсекке таңылғанын көрген адамдар бар шығар.Сондықтан бірінші сиг¬налдар кезінде оларды біліп,алғаш жәрдем көрсете алғаныңыз маңызды. Инсульт деген не? Анықтама бойынша инсульт (лат.insulto- шабамын, секіремін)-24 сағаттан артық со¬зылатын немесе кісі өліміне әкелетін, ми функцияларының кенеттен жоғалуымен не¬месе бұзылуымен сипатталатын, мидың күшті тамыр патологиясымен себепші болған ауру¬лар тобын ұсынады. Инсульт- бұл бас миы тамырларының ең қауіпті ауруы. Инсульт екі түрін ажыратады: геморрагиялық түр бойын¬ша инсульт (қантамырдың жарылуы мен қан құйылу) және ишемиялық түр бойынша ин¬сульт (қантамырдың бітеліп қалуы). Арудың даму фоны гипертония, жүрек аурулары, жүрек жеткіліктіліксіздігі, ми атеросклеро¬зы және т.б болып табылады. Инсульт-бұл кішігірім функционалдық өзгерістерден мидың кері қайтарылмас құрылымдық зақымдануына дейін ілгерілеуші ауру. Қантамырдың жарылуының геморрагиялық түрі бойынша инсульт кезінде көбінесе жоғары артериялық қысымның себебінен болады, себебі ате¬росклероз кезінде артерияның қабырғасы жұқарған. Адам басына соққыны, аса қатты бас ауруы мен сіңір тартылуларды бастан кешеді. Ол ес-түсінен айрылуы немесе ауру¬дан айқайлай бастауы мүмкін, көбіне қайта- қайта құсық болады, демі жиі болады, ал беті қызарады. Егер инсульт ми гематомасының пайда болуымен қосылса, адамда сал дамуы мүмкін. Ауру есін жиған кезде гематоманың пайда болу аймағына байланысты келесі бұзушылықтар белгіленеді: сол жақтан-анық көрінген психикалық ауытқулар, оңнан- сөйлеудің бұзылуы (афазия).

Ишемиялық түр бойынша инсульт кезінде симптомдар азырақ дәлірек көрінеді, сондықтан ол қауіптірек. Бір уақыттан соң ауру ұстауы қайтадан қайталанады, ал белгілері күшейеді, бірақ егер дереу медициналық жәрдем шақырса, адамды құтқаруға және зар¬даптарынан емдеуге болады.

Инсульттың пайда болу себептері. Инсульттың пайда болуының негізі себебі, жоғары артериялық қысым болып табылады. Сондықтан әрбір адам өзінің жұмысшы қан қысымын білуі және ол көтерілген жағдайда оны төмендетуге тырысуы керек. Тұтастай алғанда, егер сіздер гипертониямен зар¬дап шексеңіздер, сіздер дәрігерге көрінуге және дәрілер ішу, физикалық күш түсулер және арнайы емдәм сақтау тұрғысынан оның ұсыныстарына нақты ерулеріңіз керек. Сіз сондай-ақ, егер сіз шылым тартсаңыз, алкоголь ішсеңіз, артық салмағыңыз бол¬са, қозғалмайтын өмір салты жүргізсеңіз, генетиқалық бейімділігіңіз болса, қан аурула¬рымен, ми ыдыстарының қабынуымен азап шексеңіз, қанды сұйылтушы дәрілерді (анти¬коагулянттар, антиагреганттер, тромболитик¬те) немесе психостимуляторларды (амфета¬миндер және т.б). қабылдасаңыз қауіпқатер тобында боласыз.

Инсульт кезінде қалай жәрдем көрсету керек. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттің белгілерін сезсеңіз, дереу жедел-жәрдем шақырыңыз. Ол келген¬ге дейін науқастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз. Науқасты еденге немесе кере¬уетке жатқызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып , бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ау¬руды асқындыруы мүмкін. Алмалы- салма¬лы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз. Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыныз. Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.

Егер оның пульсы сезілмесе, жүрек тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтап қалса, дереу өкпе-жүрек реанимация¬сын бастаңыз. Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кез¬де алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады. Егер инсультты болдырмаудың сәті түспесе. Науқас же¬дел ауруханаға жатқызуды және мүмкін хирургиялық араласуды қажет етеді. Оған бас миының компьютерлік томографиясы жүргізіледі, жұлын-ми сұйықтығы талдауға алынып ,тиісті емдеу немесе қосымша тексерілу белгіленеді. Бірнеше күн ішінде ол нейрореанимация бөлімінде,интенсивті не¬врология бөлімінде немесе күшті инсульттық бөлімде болады. Дәрігерлер пациенттің өмірі мен инсульттың зардаптарынан толықтай немесе ішінара алу үшін күресетін болады. Науқастың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету маңызды. Жұтуы бұзылған кезде оны зонд арқылы тамақтандырады. Егер науқас жұта алса, бірінші күндері оған жеміс-жидек пен шы¬рындар, тәтті шай береді. Екінші күннен бастап диетаны кеңейтеді, бірақ ол жеңіл игерілетін өнімдерден тұруы керек: йогурттан, сорпа¬дан, жеміс және көкөніс пюресінен. Инсультты кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсартатын препарат¬тарды қабылдауды, оттегі терапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу,сылау) қамтиды.

Автор:
Гулшат БУРХАНБЕКОВА. Матай ауылдық ауруханасының мейірбикесі, Ақсу ауданы.