Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ


1 марта 2014, 12:25 | 2 245 просмотров



«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында ақпан айының 3 -12 күндері аралығында онкологиялық аурулардың алдын-алу он күндігі болып өтті. Ана мен бала үшін көп көңіл бөліп, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болса екен дейміз. Сондықтанда аналарымызбен қыздарымызға медицина саласында ерекше көңіл бөлініп онкологиялық аурулардың алдын-алу шаралары нығайтылса нұр үстіне нұр болар еді. Қатерлі ісік ауруларын алдын-алу барысында Капшағай қаласында халық көп шоғырланған мекемелер мен мектептер арасында семинарлар , дөнгелек үстелдер ашық есік күндері өткізілді.

Қатерлі ісік ауруларын алдын-алу барысында, балалар емханасының ақ халатты аб¬зал жандар қарап қалған жоқ. Балалар емханасының меңгерушісі Жұмагүл Шайхуалиевна өз қызметкерлерімен семинарға белсене қатысып, өз ойын көпшілікпен бөлісті. Қыздарымыз болашақ ана ертеңгі бір-бір үйдің келіні, қазағымыздың ұрпағын көгертетін осы абзалда нәзік аруларымыз емес пе? Олай болса, қыздарымызбен бөліскенді жөн көрдік.

«Қонаев атындағы мектеп», орта мектеп гимназия , «№3 орта мектеп» арасында Қапшағай қаласының ауруханасынан онколог дәрігері Асан Жұмабекұлы, псилогтар Назгүл Бейсембекқызы, Ұлбала Кенесқызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің педагог-валеологы Гулнар Жұмабекқызы мен медбике Жанат Қарқабатқызы қатысып, талай сұрақтың жауабын талқыға салдық. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Тохтарханқызы мен медбике Айнұр Төлендіқызы және Роза Әлішерқызы мен медбике Харшыға Буйқұмарқызына Санта Аниетқызына алғыс білдіреміз. Әрқашанда денсаулымызға көп көңіл бөліп, дәрігерлердің кеңесін тыңдайық!

Автор:
Г. ЖЕНАЛИЕВА, салауатты өмір салты кабинеті. Қапшағай қаласы.