Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ГЕРПЕС


11 февраля 2010, 21:44 | 3 120 просмотров



Бұл ауруларда негізінен бөртпелер шығады. Көбіне бетке шығатындықтан косметикалық кемшіліктің біріне жатады. Герпес кейде әйелдердің етеккірі келгенде де пайда болады. Бұл ауру ол кезде менструалды герпес деп аталады.

Герпес бөртпелері әйелде де, еркектерде де кездеседі. Бетке, ерінге, мұрынға, көздің айналасына шығады. Ал жыныс органына шыққанды жыныс герпесі деп атайды.

Ауру көзге көрінбейтін вирустардан өседі. Ол өте жұқпалылығымен қауіпті. Кейде эндокриндік жүйе бұзылғанда, асқазан – ішек аурулары өршігенде, жүйке ауырғанда герпес шығады.

Герпестің вирусы түкірікте, жұтқыншақта, шырышты қабықта кездеседі. Ең алдымен қышыған қызыл дақ пайда болады. Артынша түйреуіштің басындай ішінде сұйығы бар бөртпе пайда болады. Оның іші іріңге толады да (қан араласса өңі қызарады), жарылып сыртқа шығады. Құрғап, тыртықсыз жазылады. Оны герпестің рецидиві деп атайды.

Герпестен құтылу қиын. Алғаш ауырған кезінде емдесе де өздігінен кетеді. Сондықтан оның алдын алған жөн. Ауырған жерге ұнтақ стрептоцид сепкен жақсы. Егер жиі шыға бастаса дерматолог – дәрігерге қаралған дұрыс.

Герпесті шығармас үшін ерінді, тісті, ауызды жақсы күту керек. Бет терісінде герпес болса косметикалық процедураларды жасамау керек.