Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЯҚТЫҚ ҚАЖАЛУЫ, ҚОЛДЫҢ ОЙЫЛУЫ


11 февраля 2010, 21:43 | 3 070 просмотров



Кіші – гірім түйін секілді қабықша клеткалардан тұрады. Терінің үстіңгі қабатында пайда болғанмен тамыры тереңде жатады. Ол көбіне алақанда, аяқ башайлары мен өкшеде кездеседі.

Теріге сыртқы температураның әсері мол. Егер ыстық жоғары болып, ұзаққа созылса теріні қызартып, қан тамырлары кеңейеді. Сөйтіп бетке торлы қызыл жолақтар пайда болады. Ал ұзаққа созылған суық теріні қызартып, адам денесі қалтырай бастайды.

Терінің косметикалық кемшілігін тудыратын факторға сабын, спирт, иіс су, бояулар, қышқылдар, тағысын - тағы сондайлар жатады. Осы заттарды бей-берекетсіз, қалай болса солай пайдалану теріні құрғатып, қызыл дақтар түсіреді.

Кішкентай паразиттер – ультравирустар кең тараған аурудың бірі – сүйел пайда болады. Ал көптеген косметикалық кемшіліктер ішкі өзгерістерге байланысты. Адам организміндегі процестер интенсивті түрде жүріп жатады. Қан ткань қызметінде, адам өміріне қажетті заттарды үздіксіз әкеп жатады. Ол организмде қорытылып сыртқа шығады. Мұны организмдегі зат алмасу деп атаймыз.

Клеткалар мен тканьдардың тіршілігіне керек негізгі қоректік заттарға белоктар, майлар, тұздар, су, углеводтар жатады. Сау теріге бұл заттардың бәрі бірқалыпты болады. Егер осы қоректік заттардың алмасуы өзгерсе, онда майлар, сулар, тұздардың терідегі маңызы өзгереді. Белоктардың өзгеруі жалпы ауру тудырып, теріге тікелей әсер етеді. Ал углеводтардың алмасуы өзгерсе, тері ауруларын тудырады. Егер тәттіні көп жейтін болса теріде бөртпелер пайда болады.

Майдың өзгерісі бетті сарғайтып, қабаққа сарғыш дақтар түседі. Бұл – ксантомдар. Егер майдың алмасуы азайса тканьда май көп жинала бастайды. Су айналымы өзгерсе, тері астындағы клеткаларға су жиналады. Су жиналған кезде бет ісінеді.

Адам организміне көп әсер ететін нәрсе – эндокринді жүйе. Ішкі секрецияның безі арнаулы зат – гармондар бөліп шығарады. Ішкі секрециялық бездердің қызметін орталық нерв жүйесі реттейді. Егер осы эндокрин безінің қызметі бұзылса бірден теріге әсер етеді. Жыныстық жағынан жетілу тікелей жыныс бездеріне байланысты мәселе. Бұл кезде жыныс бездері жетіліп өсе бастайды. Осы кезде жасөспірімдерде май бездері тез өседі. Міне, соның әсерінен безеу көп шығады. Ал әйелдер бала көтергенде аналық бездің қызметі өзгереді. Сөйтіп бетке дақ түседі. Ал климактериялық кезеңде әйелдердің жыныс безінің қызметі төмендейді. Ернінің үстіңгі жағына түк шыға бастайды.