Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГЕЛІ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ ЖАҚСАРДЫ


24 февраля 2014, 07:15 | 2 532 просмотра



Елбасы жыл сайынғы жолдауларын¬да мемлекеттік басымдылық дәрежесіне көтере отырып, азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады. Осы орайда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы құрылды. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау Мемлекеттік бағдарламасының бір тармағы және медицинамызды жетістікке әкелудің негізгі жолдарының бірі болуда. Бүгінде пациенттерді өңіраралық және республикалық клиникаларға жоспарлы түрде емдеу¬ге жатқызу мүмкіндігі пайда болып, өз қызметін жақсы атқаруда.

БҰДСЖ – нің негізгі ұстанымы:

Медициналық мекемені және дәрігерді өзі тандауы;

Медициналық қызметтің сапалылығы;

Бәсекелесуге қабілетті болу;

Нәтиже борышы.

Енді осы ұстанымдардың әр қайсына жеке-жеке тоқталсақ.

Ауруханаға жатқызып емдеу Бю¬росы қандай мақсатта құрылған дегенге біраз тоқталсақ.

Жатқызып емдеу бюросы ауырған адамды стационарға жо¬спар бөйынша жедел жатқызып емдеу және БҰДСЖ –ның негізгі екі ұстанымы дәрігерді, медициналық мекемені өзі қалауынша таңдау, көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасын анықтау үшін құрылған

Ауруханаға жатқызып емдеу Бюросының Порталы дегеніміз не?

Жатып емдеу ауруханасының Портал Бюросы, ауруды жоспар¬лы ауруханаға жатып емделуге жіберілгенде, емдеуші стационар мен емхана арасындағы орталық алмасуды қамтамасыз ететін интернеттегі веб сайт болып та¬былады.

Еліміздің кез-келген аза¬маты емхана бойынша ағымды күту бетін және өз кезегін ауруханаға жатқызып емдеу Бюросының веб сайты¬нан көруіне болады.

Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау мен елдің барлық аумағында жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісін ұйымдастырудың айқындығы қағидатын іске асыру мақсатында, портал бюро¬сы арқылы емдеуге жатқызу жүйесі енгізілді.Науқас Емдеуге жатқызу бюро¬сы порталы арқылы стационарлардағы бос орындардың бар екенін анықтап, орын бар болған жағдайда жоспарлы емдеуге жатқызуға өтінім береді. Портал автоматты түрде сәйкестендіру кодын береді, пациентке осы код тіркеген та¬лон беріледі. Бұл ретте, науқастың жеке басына қатысты деректер қатаң түрде құпия сақталады.

Ауруханаға науқасты портал бю¬росы арқылы жатқызу өз кезегінде екі түрге бөлінеді. Емделушіге шұғыл емнің қажеттілігі болмаса, емделушіні амбулаторлық-емханалық қызметіндегі дәрігердің жолдамасымен ауруханаға жатқызып емдеуді жоспар бойынша жатқызып емдеудейміз. Жоспарлы ем¬деуге жатқызу – созылмалы ауру кезінде және жедел дәрігерлік араласуды қажет етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің пациенттік стационарлық жағдайда емделуге жолдауы.

Ал – емделуші жанға шұғыл медициналық көмек қажет болғанда ауруханаға жатқызып емдеу- Ауруханаға шұғыл жатқызып емдеу болады. Егер науқастың жағдайы шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етсе, науқас жедел түрде клиникаға жатқызылады.

Оған мысалы, жол апатына душар болу, және тұрмыстық жарақат алғанда, қатерлі жұқпалы ауруға шалдыққанда, ауыр түрде уланғанда, және емделушіге төнген басқа да денсаулығына қауіпті күтпеген жердегі жағдайларды жатқызуға болады.

Осы аталған шұғыл көмекті қажет ететін жағдай орын алған кезеңде Пор¬тал арқылы ауруханаға жатқызу Бюро¬сына жолдаманы тіркеу қажет емес.

Ауруханаға жатып емделу үшін емдеуші дәрігеріңіз Сізді қажетті тек¬серуден алдын ала өткізіп, шешім қабылдайды. Тексеру нәтижесі бой¬ынша емдеуші дәрігер Ауруханаға жатқызып емдеу Бюросының Пор¬талына өз мәлімдемесін енгізеді. Емделушінің қалауымен дәрігер емхана таңдайды. Қалаған емханада жатын орын болмаған жағдайда пациентке күту парақшасы беріледі. Жататын ем¬хана науқастың емделу мерзімін, күнін белгілеп, науқастың участкелік дәрігері жолдаманы рәсімдейді. Стационарға емдеуге жатқызу мерзімі анықталғаннан кейін, емхана дәрігері емдеуге жатқызуға жолдама беріп, науқас таңдаған ауруханасының қабылдау бөлмесіне келіп тіркеліп, жоспарлы түрде емдеу¬ге жатқызылады. Бұл ретте, пациенттің стационарға көрсетілген күнде келуі өте маңызды. Жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, паци¬ент келмегені үшін күту парағынан алы¬нып тасталады.

Автор:
Жанета НҰРМАНБЕТОВА, Алматы Облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.