Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САРАЛАНДЫ, БАҒАМДАЛДЫ, БАҒЫТ БЕРІЛДІ


15 февраля 2014, 08:11 | 1 714 просмотров



Денсаулық сақтау министрі Сали¬дат Қайырбекова өткен аптада Алматы облысы медицинасының жай-күйін өз көзімен көру үшін Талдықорған қаласына жұмыс сапарымен келді. Сондай-ақ, министр Елбасының халыққа «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жол¬дауында алға қойылған тапсырма¬ларды орындау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің болашақтағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сәрсенбі күні Талдықорғанға атбасын тіреген еліміздің бас дәрігері ең алдымен аймақ басшысы Аңсар Мұсахановпен кездесіп, өңірдегі денсаулқы сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды әңгімеледі. Сала басшысы Алматы облысының денсаулық сақтау нысандары: қалалалық емхана, балалар емхана¬сы, әйелдерге кеңес беру, қалалық ау¬рухана, Талдықорғандағы облыстық кардиохирургиялық орталық, «Нұр- Авиценум» жеке меншік медициналық орталығы, Қаратал және Көксу аудандарының орталық ауруханалар қызметімен танысты. Алматы об¬лысы медицина қызметкерлерімен селекторлық кеңес барсында Са¬лидат Зекенқызы әріптестерінен аймақ денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді ашық айтып, негізгі мәселелерді шешуде бірге атсалысуға шақырды.

МСАК-ТІ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Денсаулық сақтау министрі Сали¬дат Қайырбекова мен облыс әкімі Аңсар Мұсаханов кездесу барысында өңірдегі денсаулық саласында атқарлып жатқан жұмыстар ретін талқылады. Былтыр аймақтың денсаулық сақтау жүйесіне облыс бюджеті 60 млрд теңге бөлсе, биыл бұл салаға бөлінген қаржы 68 млрд теңгеге жетіп отыр. 2013 жылдың өзінде бірнеше денсаулық сақтау мекемесінің құрылысы жүріп, биыл 41 нысан салынбақ. Жоғары білімді мамандармен қамтамасыз ету республика бойынша өзекті мәселе. Сондықтан минстр мен аймақ басшысының талқылаған негізгі тақырыбы да осы кадр тапшылығы және өңірге жас мамандарды тарту үшін қандай шаралалар ұйымдастыру қажеттілігі. Сонымен қатар, Ал¬маты облысындағы медициналық көмектің сапасы жайлы біраз сұрақтар көтеріліп, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңа заман талапта¬рына сай модернизацялауға да ерек¬ше көңіл бөлінді. Салидат Зекенқызы Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі: Әкіммен кездескенде басты көтерілген мәселе кадр тапшылығын жою. Дәрігер мамандарды тарту үшін қандай шаралар жасаған жөн. Қандай көмек керек. Жас мамандарға жасалатын жағдай.Әсіресе ауылды жерлерге баратын дәрігерлер жайы. Осының бәрін облыс басшысымен бірге талқыладық. Менің ойымша кезең - кезеңімен жүзеге асады. Об¬лыс басшысы бар жағдайды жасайтындығын айтты. Сондай-ақ денсаулық саласын модернизациялау арқылы қызмет көрсету сапасын көтеру басты назарда болады.

Аймақ басшысмен кездесуден кейін министр Талдықорған қалалық емханасы¬на арнайы барды. Елбасының халыққа жолдауында денсаулық сақтау саласының дамуындағы басты көрсеткіш алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жетілуі екені айтылған. Талдықорған қалалық емханасы 2500 адамды қабылдауға есептелген, факт бойынша жұмыс күнінде 3000 – 3500 адам қабылдайды, 2013 жыл¬да науқастарды қабылдау саны 1 203 120 болған, оның ішінде: профилактикалық мақсатта қаралуға келген тұрғындар – 80090, үйде қабылданғандар – 124 892. Емхананы аралау барысында еліміздің бас дәрігері тіркеу жұмысымен танысып, науқастар кезегі мәселесін шешуге баса назар аударды. Министр әсіресе, учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің білімін арттырып отыру қажеттілігін айтып өтті. Елбасының биылғы жолдауында денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөліп, оның ішінде бірінші кезекте профилактикалық шараларды қадағалау керектігі жөнінде тапсырма бергенін Салидат Зекенқызы тілге тиек етті. Сондай-ақ, министр емхананың күндізгі стационар жұмысымен танысты. Қалалық емхананың күндізгі стационарында 60 төсектік орын бар, 2013 жылға 2511 науқас емделіп шығыпты. Емханада жекеленген профилактикалардың, халыққа әлеуметтік психологиялық көмек пен салауатты өмір салты мектебінің жұмысымен танысу барсында Салидат Қайырбекова салауатты өмір сүру салты мен дұрыс тамақтану тәртібін халық арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты. Бұл үшін телефон, интернет, БАҚ секілді құралдарды пайдалануға жол ашық екенін жеткізді. Сонымен қатар, министр еріктілер жұмысына да тоқтала кетті. Республиканың бас дәрігері жалпы емхана жұмысына оң баға бергенімен, әлі де емдеу мекемесіндегі кәсіби біліктілікті арттырып, медициналық көмектің сапалығына көңіл бөлуді ұсынды. Ана мен нәресте өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруынан көз жұму оқиғаларының азаюын бақылаудың төмендігіне тоқталып, осы мәселелерге жіті назарда ұстауды тапсырды.

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ –ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

6-ақпан бейсенбі күні министр бастаған жұмыс тобының ат басын бұрған алғашқы медициналық нысан –әйелдерге кеңес беру мекемесі. Денсаулық сақтау министрлігі дерегіне сенсек, соңғы 3 жылда ана өлімі 3 есе, нәресте өлімі 1,3 есе төмендеген. Бұл құрғақ сандардың артында дәрігерлердің минут сайын, күн сайын атқарып жатқан ерен еңбегі тұрғанындығы айқын, десе де ана мен бала денсаулығы көкейтесті мәселелердің бірі. Сол себептен де болашақ аналарға деген қамқорлық ерекше болуы тиіс. Осы бағытта қыз-келіншектер денсаулығын қадағалайтын әйелдерге кеңес беру медициналық мекемесінің жұмысына министр назары түскені бекерден емес. 2010 жылдан бері әйелдерді скринигтік тексеру жүргізіліп келеді. Бұл тексерулер аурулардың алдын-алу немесе асқынбай тұрған кезде анықтап, дер кезінде емдеп шығуға мүмкіндік береді. Мекемедегі бар жағдайымен танысып, материалдық, техникалық базаны жетілдіру, мамандардың кәсіби біліктілігін артты¬ру –ана мен бала денсаулығын қорғауда оң нәтиже беретінін министр атап өтті. Сондай-ақ, Салидат Зекенқызы зертхана жұмысына көңіл бөліп, әйелдерге қолайлы болу үшін анализ қабылдау уақытын сағат 12-ге дейін ұзарту қажеттігін айтты. Нәтижесінде, Талдықорғанда орталықтандырылған зертхана ашу туралы ұсыныс жасады. Бүгін орталықтандырылған зертхана уақыт талабы болып отыр. Дүниежүзілік тәжірибеде зертхана жұмысын орталықтандыру –медициналық көмектің сапасына оң өзгеріс бергені аян. Министр берген нақты тапсырмалардың бірі – жақын уақытта Талдықорғанда орталық зертхана салып, іске қосу.

Әйелдерге кеңес беру мекемесінен кейін бас дәрігер Талдықорған қалалық ауруханасына барды. Мекемеде 35 дәрігер, 76 орта медициналық қызметкер, 67 кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді. Әзірге кадр тапшылығы жоқ.

Аурухананың құрылымына: диагностикалық орталық, терапевтік бөлімше, хирургиялық бөлімше, 6 төсектік реанимациялық бөлімше, асхана, қабылдау бөлімі кіреді. Диагностикалық бөлімшеде: сәулелі диагностика (компьютерлік томография, рентген), функционалдық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, эндоско¬пия, клиникалық-диагностикалық зерт¬хана. Невропатолог, кардиолог, ото¬ларинголог дәрігерлердің кабинеттері бар. Министр дәрігер қабылдауына келген тұрғындарды әңгімеге шақырып, олардың қал жағдайы, бүгінгі медициналық көмектің сапасы жайында пікірін білді.Кішкентайынан жүрегі ауы¬ратын 15 жасар жасөспірімнің анасына ота жасатуға көмектесуге уәде берді. Ал аурухана қызметкерлерінен мекеме жұмысын егжей-тегжейлі сұрап, олардың жалақы, жас мамандар мәселесі жайын¬да ой алмасты.

Дені сау ұрпақ –ұлт болашағы демекші, балалар қалалық емхана¬сынасы денсаулық сақтау министрінің назарынан тыс қалған жоқ. Балалар емханасы Талдықорған қаласы бой¬ынша 0-15 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға дәрігерлік кеңес береді. Бұл медициналық мекемеге күніне 300-ден астам бүлдіршіндер келеді екен. Бала¬лар емханасындағы негізгі мәселе –ма¬ман тапшылығы. Бүгінгі күні емхананы дәрігермен қамтамасыз ету 67%-ға ғана қамтылған. Кадр жетіспеушілігінен басқа емдеу мекемесінде түйткіл мәселе жоқ екенін айтты педиаторлар министрге. Педиаторлар тапшылығы –барша белгілі мәселе. Осы проблеманы шешу, педиа¬торларды дайындау және педиаторлық факультеттің жабылуы туралы Салидат Зекенқызы балалар дәрігерлеріне егжей- тегжейлі түсіндіріп берді.

«Медициналық ЖОО-да педиаторлық факультеттер жабылғаны рас, бірақ педиаторлық кафедралар жұмыс істейді. Жалпы тәжірибелік дәрігерлікке оқыған жастар кейін педи¬атор мамандығы бойынша тағы оқуын жалғастырады. Қазір педиаторлар бұрыңғыдан көбірек оқиды» -деді ми¬нистр.

Келесі кезекте сала басшысы жаңа ғимаратқа көшкен кардиология орталығына барды. Жүрек қантамырлар аурулары Қазақстан ғана, әлем бой¬ынша үлкен проблемалардың бірі. ЖҚА салдарынан әлемде 17,3 мил¬лион адам көз жұмған, бұл барлық өлім- жітім жағдайларының 30%-ын құрады. Қазақстанда 2013 жылы Қан айналым жүйесі ауруы бойынша аурушаңдық көрсеткіші -2523,0 болды. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 3306,6 құраған. ҚЖА-нан 2012 жылы елмізде өлім көрсеткіші 253,7 болса, 2013 жылы 215,1-ге төмендеген. Аймақтық кардиологиялық орталықта биыл ғана 1187 коронароангиографиялық ота жасалған. Сондай-ақ, орталықта 122 науқасқа АКШ жасалса, туа біткен жүрек кеселіне 6, жүре пайда болған жүрек кеселіне 16 ота жасалыпты. Жалпы об¬лыста 2013 жылы асқынған миокарда ин¬фаркты -1236, асқынған коронарлы син¬дром -3070 жағдай емделген. Министр аймақтық кардиолог мамандардың еңбектерін жоғары бағалап, олардың орталық жұмысын одан әрі жақсарту мақсатында айтылған үшін ұсыныстарын тыңдады.

Денсаулық сақтау министрі қазір елімізде жеке меншік медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін баса айтып, «Нұр-авиценум» медициналық орталығы жұмысымен танысты. Жүрек-қантамырлар ауруын емдеуге бағытталған орталық жаны¬нан жыл басында гемодиализ бөлімі ашылды. Министр өзі көріп шыққан жаңа гемодиализ бөліміне жоғары баға берді. Алайда орталықтағы гемодиа¬лизге науқастарды қабылдау тек ар¬найы комиссияның шешімінен кейін жүзеге асады. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) шеңберінде 60 диализдік орталық жұмыс жасайды. 2013 жылы 2500 жуық адам көмектің осы түрін алды. Бір ғана диализдік науқасты емдеуге жы¬лына кемінде 3,5 млн. теңге жұмсалады. Салидат Зекенқызы халық денсаулығын жақсартуда жеке меншік және мемлекеттік медициналық мекемелерді бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Министр бас сұққан медициналық мекемелердің барлығында да, жұмыс тәртібі туралы қарапайым медициналық қызметкерлерден сұрады. Емханалардың тіркеу орнындағы қызметкерлермен тілдескен министр ең алдымен адам¬дарды қабылдауда дөрекілік танытпай, дұрыс бағыт-бағдар беріп, көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Аудандық ау-руханалар ұжымымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді сұрап білді және министрліктің алдағы жоспарлары¬мен де бөлісті. Аудан, ауыл медициналық ұйымдарын аралап көрген министр ауылдық жердегі медицинаны әлі де да¬мыту керектігін жеткізді. Аудандықтардың жұмысына оң бағасын берген министр ең бастысы, бүгінгі медицинаның қарапайым халық үшін қолжетімді болуға тиіс екендігін айтты.

КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАДЫ

Министр Алматы облысы медицина қызметкерлерілерімен селекторлық режимде кеңес өткізді. Кеңесте аймақ медицинасындағы негізгі мәселелер көтеріліп, елбасының жолдауы талқыланды.

«Елбасының биылғы жолдауында біздің медицина саласында нақты тапсыр¬малар берілген. Біріншіден, біздің қазақстандықдардың өмір сүру ұзақтығының орта¬ша көрсеткішін 80 жасқа жеткізу. Сол үшін бізге не істеу керек, халық денсаулығын жақсартуда қандай іс-шараларды қолға алу керек. Құрметті, әріптестер, қазір сіздермен бірге талқылаймыз»- деп сөз бастады министр.

Салидат Қайырбекова Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы ел тарихының жаңа бетін ашқан маңызды саяси оқиғаға айналғанын, «Қазақстан-2050» стратегия¬сын іске асыру жоспары айқындалып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену сияқты алдымызға үлкен мақсат қойылғандығын атап көрсетті. Осы бағытта денсаулық сақтау саласы алдында қандай міндеттер бар екеніне кеңінен тоқталды.

Медициналық санитарлық алғашқы көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғаны бекерден емес. «Халық денсаулығының 15-20% МСАК-ға, қалғаны салау¬атты өмір салты, генетика, қоршаған ортаға байланысты. Аймақтарда адам өмір сүру ұзақтығының көрсеткішінің жоғарлауы қуантарлық жағдай. Бұл барлық медициналық қызметкерлердің ерен еңбегі. Өлім көрсеткішін біз кардиохирургия көмегіне жүгіну арқылы, ана мен бала өлім көрсеткішін де дер кезінде көмек көрсету арқылы азай¬тып келеміз. Бірақ бұның барлығын бастапқы кезеңде қолға алып, ауыр халге дейін жеткізбеу керек» -деді Салидат Зекенқызы.

Жиында Министр МСАК дамыту мен қатар міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің маңыздылығын айтып өтті: «Кейде қазақстандықтардың денсаулығын өздерінен гөрі, мемлекет көбірек ойлайтын сияқты. Дәрігерлерден жиі еститінім: халықтың артынан өзіміз жүгіреміз. Адам өз денсаулығына өзі немқұрайлы қараса, халық денсаулығын жақсартуда бізге- медицина қызметкерлеріне қиын болады. Сондықтан, елбасы айтқандай республика азаматының денсаулығына оның өзі, мемлекет және жұмыс беруші де жауап беру керек. Бұл медициналық сақтандыру арқылы мүмкін болмақ. Қазақстандағы медициналық сақтандыру қандай болады? Бұл бағыт әлі үлкен зерттеуді қажет етеді. Халықаралық тәжірибені зерттеу, өзімізде болған тәжірибені қарап шығу. Соның барлығын зерделеп, қадағалап, бүгін Қазақстан денсаулығына қайсысы дұрыс келетінін анықтау». ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында міндетті медициналық сақтандыру үлгілері туралы нақты ұсыныстарға арналған фо¬рум ашылып, жұмыс істей бастады. Бұл мәселені Науқастардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қарастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жол¬дауда Қазақстанның жетекші еуразиялық медициналық туризм орталығының біріне айналуы тиістігі айтылған. Осыған орай Министр аталған мақсаттарға жетуде отандық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті жеткілікті екенін айтты. Көрсетілетін медициналық қызметтер түрін кеңейтіп, кардиохирургия, нейрохирургия, транплантология сияқты жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін дамыту серпінін, шетелдер¬де, оның ішінде көрші елдерде насихаттауды күшейту керектігіне назар аударды.

Денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау орталықтары, денсаулық мектептері, жастардың денсаулық орталықтары арқылы ау¬руды ерте анықтау қажеттігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 28% дейін арттырудың маңызы ерекше атап көрсетілді. Бұл дәрігерлердің жұмысын ынталандыруға ықпал етері анық. Қазірдің өзінде медициналық қызметкерлер үшін жұмыс нәтижелеріне қарай негізгі жалақысына қосымша еңбекақы алу мүмкіндігі қарастырылған. Дәрігерлерге сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілгенін айтып өтті министр.

Назардағы негізгі мәселелер

Республикада және Алматы облысында жалпы халық денсаулығы, өлімі көрсеткіші бойынша негізгі проблемалар талқыланды. Салидат Зекенқызы әріптестерінен аймақ денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді ашық айтып, негізгі мәселелерді шешу¬де бірге атсалысуға шақырды. Алматы облысының ана мен бала өлімін алдын алу бойынша көрсеткішітері жаман емес, бірақ сонда да қайғылы оқиғалар тіркелуде. Осы бағытта үлкен жұмыс атқарып, ана мен бала денсаулығын назардан таса қалдырмауды сұрады бас дәрігер.Әйел денсаулығын босанғанға дейін, жүкітілікке дейін қадағалау маңыздылығын атап өтті ол. Облыс бойынша нәресте өлімінің негізгі себептері туабіткен патологиялар, асфек¬сия екенін алға тартқан мамандар, кейбір патологиялар баланың өмір сүру мүмкін есметігін атап көрсетті.

Жиналған дәрігерлер де министр де скринигтік тексерулердің маңызына тоқталды. Салидат Зекенқызы скринигтік тексерулерді ресми дерек үшін емес, нақты көрсеткіштерді анықтауда сапалы өткізуге шақырып, скринигтік тексерулерді дұрыс жоспарлауды ұсынды.

Қазақстан онкологиялық қызметінің дамыған европа елдерінен салыстырғанда кемшілігі –ауруды кеш анықтауда. Қатерлі ісікті 3-4 деңгейге жеткенде анықталып, тек ота көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан, онкологиялық қызметте де бірінші кезекте ерте анықтау, онкодиспансердегі емханалық жұмыстың маңызына тоқталды еліміздің бас дәрігері. Осы бағытта Аймақтық онко-диспансердің жұмысы оң нәтиже берді. Онко-ауруларды ерте анықтау ұлғайып, өлім көрсеткіші азайған. Облыстағы онкологиялық қызметтің бюджеті 2 404 709 тенгені құрайды. ҚР «Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы» аясында 2013 жылы Қазақстан бойынша скринингтік тексеру¬лер кезең-кезеңмен жүргізілді: асқазан мен өңеш обырын анықтауға 150 мыңдай адам тексеріліп, қуық безі обырына скринингпен 77 мыңнан аса ер адам қамтылды, тік ішек обырына 900 мыңға жуық адам тексерілді. Халықаралық стандарттарға сай пилотты режімде ерікті түрде жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырына қарсы егу басталды. Радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғары технологиялық орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда жыл сайын жол көлік апатынан 100 мың адам қаза болады. Жол-көлік қауіпсіздігін ме¬дицна қызметкерлері жауап бермейді. Олардың басты міндеті апат болған жерге уақытылы жету, медициналық көмекті уақытылы беру. Егер жол-көлік апаты болған жерге жедел жәрдем 1 сағат ішінде жетіп үлгерсе адамды өлім аузынан алып қалуға 15-30%-ға мүмкіндік бар. Сондықтан Салидат Қайырбекова облыстағы ірі көлік жолда¬рында трассалық медициналық құтқару бекеттерінің жұмысын жетілдіруді тап¬сырды.

Алматы облысында туберкулезді емдеу бойынша жағдай жаман емес, бірақ Әлемдік қауымдастықта Қазақстанда туберкулез бар дегеннің өзі еліміздің имиджіне кері әсер етеді. Министр Ал¬маты облысы фтизитриялық қызметің жұмысы көңіл көншітерлік, десе де ғимараттар вентеляциясында бірнеше проблемалар бар екеніне тоқталды. Облыстық тубдиспансердің бас дәрігері Салават Сламжанұлы «Бүгінгі күні өңірде 950 төсектік орын бар, барлық эпидрежим ұсталынады. Облыстағы 9 туб.мекеменің 5-де сорып шығару вен¬тиляциясы ескі» деді. «Мекемелердегі вентеляцияны қалыпты стандартқа келтіруді бұрыннан қолға алуға болар еді» деп сынаған Салидат Қайырбекова тез арада жағдайды түзетуге тапсырма берді.

«МАМАНДАРДЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫП,

САҚТАП ҚАЛУ МАҢЫЗДЫ»

Дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ДСМ барлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде жиі жұмыстар жүргізіліп отырады. 2013 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында дәрі- дәрмекті сатып алуға мемлекеттен 139 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылы респу¬блика бойынша онлайн режімде мемле¬кет тарапынан берілетін тегін дәрілердің берілуін бақылауға мүмкіндік беретін дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Осыған орай елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселелері азайды, дәрімен қамтамасыз ету бір жүйеге келді. Сондықтан аймақтарда да дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмау керек екендігін айтып өтті министр.

Облыста маман тапшылығы айқын сезіледі. 370 дәрігер қажет. Министр жас мамандарды көптеп тартуға, оларға жағдай жасауға шақырды. «Мамандарды тұрақтандырып, сақтап қалу маңызды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Әкімдер арасында қол қойылған Меморан¬дум шеңберінде жергілікті атқарушы ор¬гандар міндеттемелер алды. Жарты жыл¬дан кейін медициналық университетерді аяқтап, өңірге келетін жас мамандармен қазірден танысу керек.Алматы облысында туып-өскен, өз облысында жұмыс істеуге дайын жоғарғы курс студенттерінің тізімсін ЖОО әкімдіктерге жіберіп те қойды»,-деді мекеме басшысы.

2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысына барлық 144 түлек жіберген. Олардың ішінде 23-не көтерме ақы (700 айлық есептік көрсеткіш көлемінде), 24 маманға баспана, 8 жас дәрігерге баспана алуға пайызсыз несие берілген.

«Кез-келген дәрігер үшін ауылда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтау өте маңызды. Барлығымыз дерлік ауылдан шықтық қой»,- деді Министр емдеу мекемелерінің басшыларына қарата айтқан сөзінде.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Әріқарай селекторлық кеңесте Облыста Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша атқарылған іс-шараларға және жетістіктерге тоқталды. Бұл жайында Алма¬ты облысы Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті басшысы Мақсұт Болатұлы Қалажанов мәлімдеді.

«БҰДСЖ стационарлар деңгейіндегі жұмыс жолға қойылған және жақсы жұмыс істеп келеді. Облыс бойынша госпитализациялау өте жоғарғы деңгейде. Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында стационарды алмастырушы көмек көлемі және жаңа технологияларды дамыту нәтижесінде стационарлық көмектің қолжетімділігі артты. Стационарда емделіп шығатын науқастар азайып, күндізгі станионарда емделетін науқастар саны артуда. Сонымен қатар мемлекеттік медициналық мекеме¬лермен қатар жеке меншік медициналық орталықтар да сапалы көмек көрсетіп, науқас таңдауы үшін бәсекелестік пайда болды. Бүйрек жетіспеушілігі бойынша медициналық көмек көрсететін орталықтар саны артты. Облыста бірнеше гемодиализ орталықтары ашылып, науқастарды қабылдауда » -деді Мақсұт Қалажанов.

Жалпы Республика бойынша Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында жасалған қолайлы қаржылық жағдай мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы ал¬дына жаңа мүмкіндіктер ашып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік элементтері пай¬да болды. Халыққа тегін медициналық көмек көрсететін жекеменшік ұйымдар үлесі 18,4%-ға жетті. (2009 жылы бұл көрсеткіш 0% болды). Көрсетілген медициналық көмек үшін төлем ақырғы нәтижесі бойынша жүзеге асты. Бұл қаржыны тиімді пайдалануға, сараланған еңбекақы төлеу жүйесін енгізуге жағдай жасады.

Одан әрі БҰДСЖ жайында министр өзі сөз қозғады. 2013 жылы 26 мың медициналық қызметкер негізгі жалақысына қосымша үстемақы алды. 2014 жылдан бері Қазақстанда амбулаторлық деңгейде БҰДСЖ енгізудің екінші деңгейі басталды. Басты мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмектің дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен жан басына шаққандағы кешенді нормативті теңестіруге қосымша қаржы бөлінді. Түпкі нәтижелеріне қосқан үлесі үшін денсаулық сақтаудың алғашқы буынындағы жұмыскерлерді ынталандыруға бөлінген шығын көлемі 2 есеге артты.

Салидат Зекенқызы аудандардағы әріптестерінен оларда орын алап жатқан негізгі мәселелерді сұрады. Аудандық ауруханалар бас дәрігерлері бірауыздан үлкен про¬блемалар жоқтығын айтты, тек тар шеңберлі мамандықтар жетіспеушілігі барын, бірақ бұл мәселенің де шешу жолдары қарастырылғанын алға тартты. Қарасай аудандық ауруханасының бас дәрігер Асхан Марқабайұлы үй-күйі жоқ науқастар мәселесін көтерді. «Ауыр халде түскен науқастарды қабылдап емдейміз, бірақ кейін қажетті ем домын алғаннан кейін тұрақты мекен жайы болмағандықтан қайда жіберетінді білмейміз. Бұл жағдай қысы-жазы да орын алады. Былтырғы жылы ай сайын үйі жоқ 10-15 адамға көмек көрсеттік » деді Асхан Байдувалиев.

Министр науқастарды тегін көрсететілетін медициналық көмек аясында емдеу керектігін алға тартып, дәрігер болғандықтан науқасты аязға қуып шығу болмайты¬нын да айтты. Сондықтан, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен тікелей байланысып, орын алған көкейтесті жағдайды шешуге тапсырма берді.

Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасы бас дәрігері болса трассада жол көлік апаты орын алатын травматизм мәселесін көтеріп, апат болған жерге дер кезінде жедел жәрдем аудан халықына көмек көрсететіндіктен жете алмайтынын айтты. Жедел Жәрдемге түсетін ауырпалықты егежей-тегжейлі баяндады. Министр трассалық медициналық құтқару бекеттерінің жұмысын жетілдіру қажеттілігіне тағы тоқталып, Облыстық денсаулық сақтау басқармасына трассалық құтқару бекеттер жұмысын Төтенше жағдай қызметімен біріге шешуді тапсырды.

Министрдің тағы бір қадап айтқаны, бөлініп жатқан қаражаттарды ұтымды пайда¬лану туралы болды. Қазір Талдықорғанда көп салалы аурухана салынуда. Оған 8 мил¬лиард теңгеден астам, қаражат бөлінген. Сала басшысы халыққа қызмет етуде сыпайы мінез бен жоғары мәдениеттіліктің де науқастар үшін маңызды екендігін ескертті. Жал¬пы селекторлық кеңес қорытындысы бойынша министр Алматы облыстық денсаулық сақтау саласына оң баға берді. Кемшіліктер кез-келген аймақта кездеседі, бастысы сол кемшіліктерді дер кезінде шешу керектігін тілге тиек еткен Салидат Қайырбекова облыс ақхалаттыларын берілген тапсырымаларды орындап, кемшіліктерді жоюға күш салуға атсалысуға шақырды.

Автор:
Мәдина ОМАҚҰЛОВА